Источник: www.24.kz
Президент Казахстана ознакомился с деятельностью ТОО «Опытное хозяйство масличных культур», которое специализируется на молочном скотоводстве и растениеводстве. Глава государства осмотрел молочно-товарную ферму, где были продемонстрированы доильно-молочный зал и цех приема молока.
В ходе посещения Президент Казахстана также ознакомился с достижениями сельхозпроизводителей области и побеседовал с аграриями региона.
– Восточно-Казахстанская область имеет давние прочные традиции в аграрном секторе экономики. Сельскохозяйственная отрасль в Казахстане имеет огромный потенциал, эта сфера будет все более востребованной в будущем. Сейчас перед нами открыт огромный рынок КНР и производимая вами продукция может быть экспортирована в зарубежные страны, – сказал Нурсултан Назарбаев.
В завершение Глава государства пожелал присутствующим благополучия и новых высоких производственных результатов.
ТОО «Опытное хозяйство масличных культур» является оригинатором семян подсолнечника и имеет статус элитно-семеноводческого хозяйства. Предприятие занимается селекцией и семеноводством масличных культур, племенной работой по улучшению породности крупнорогатого скота, производством, реализацией, переработкой сельскохозяйственной продукции, апробацией научных исследований и внедрением завершенных научных разработок в производство.
Источник: akorda.kz
Дереккөз: www.24.kz
Қазақстан Президенті сүт өнімдерін өндіруге, мал және егін шаруашылығына маманданған «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-тің жұмысымен танысты. Мемлекет басшысы сүт-тауар фермасын аралап, онда сауын залы мен сүт қабылдайтын цехты көрді.
Сондай-ақ, Елбасы облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жетістіктерімен танысып, өңірдің шаруаларымен әңгімелесті.
– Шығыс Қазақстан облысы экономикамыздың аграрлық секторында ертеден қалыптасқан берік дәстүрге ие. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор, болашақта бұл салаға деген сұраныс арта түседі. Қазір біз үшін Қытай Халық Республикасының орасан зор нарығы ашық, сіздер шығаратын өнім шет елдерге экспорттала алады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы кездесуге қатысушыларға бақ-береке және өндірісте жаңа жетістіктер тіледі.
***
«Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-і күнбағыс дәнін өсіріп-өндіретін шаруашылық болып табылады әрі таңдаулы тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие. Кәсіпорын майлы дақылдарды сұрыптаумен және тұқым өсірумен, мүйізді ірі қара малдың асыл тұқымды түрлерін жақсартумен, ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сатумен, қайта өңдеумен, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін апробациялаумен және аяқталған ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізумен айналысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

