При этом нужно учитывать, что целью должно быть снижение уровня загрязнений, а не выполнение каких-то объемов работ. Кроме того, нужно принимать меры стимулирования граждан и предприятий к снижению загрязнений, как это делается в Европейском Союзе.
Цели развития тысячелетия (ЦРТ) — это восемь международных целей развития, которые 193 государства-члена ООН и, по меньшей мере, 23 международных организации договорились достичь к 2015 году. Цели включают в себя сокращение масштабов крайней нищеты, снижение детской смертности, борьбу с эпидемическими заболеваниями, такими, как СПИД, а также расширение всемирного сотрудничества с целью развития.
Источник: lenta.inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан экологиялық тұрақтылық бойынша Мыңжылдық даму мақсатын тиісті межеге жеткізген жоқ. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Орнықты даму және Париж келісімінің мақсаттырын іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбындағы конференцияда орнықты даму саласындағы халықаралық сарапшы Болат Есекин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мыңжылдықтың көптеген мақсаттарын Қазақстан орындады. Мәселен, кедейшілікті жою мақсаты болған еді және ол 2004 жылы орындалды. Жалпыға ортақ бастапқы білім бағытындағы көзделген мақсат межесіне жетті. Гендерлік теңдік, құқықтарды кеңейту жалпы алғанда орындалды… Алайда, Қазақстан орындамаған жалғыз мақсат – ол экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету»,-деді Болат Есекин.
Осы ретте ол қалдықтар мен шығарындылар көлемі, қоршаған ортаны ластау, шөлейттену секілді параметрлер өсіп келе жатқанын атап өтті. Сондықтан да экологиялық тұрақтылық тұрғысында бұл мақсатты еңсеруге екпін қою керек болып тұр.
Мыңжылдық даму мақсаттары аясында негізгі сегіз мақсат-міндет қамтылған және оған БҰҰ-ға мүше 193 мемлекет пен 23 халықаралық ұйым 2015 жылға қарай қол жеткізуге уәде етті. Осы орайда жоқшылық ауқымын, балалар өлім-жітімін төмендету, эпидемиялық аурулармен күрес секілді бағыттар қамтылған.
Дереккөз: lenta.inform.kz
