[:kz]Павлодар облысында жылына 75 мың тонна макулатура өңдейтін өндіріс орны құрылуда[:ru]В Павлодарской области создается производство по переработке 75 тыс. тонн макулатуры в год

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1288072?lang=kk

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамытуға және заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған жобаларды қаржыландыруды жалғастыруда.

Павлодар облысында «QazRoyalPak» ЖШС-нің макулатураны қайта өңдеу жобасы іске асырылуда. Жобалық қуатқа шыққаннан кейін кәсіпорын жылына 75 мың тоннаға дейін қағаз қалдықтарын қайта өңдей алады.

Жобаның құны шамамен 10,8 млрд теңгені құрайды. Жоба «Жасыл даму» АҚ бағыттаған кәдеге жарату төлемдері есебінен қаржыландырылды. Қаражат толық көлемде игерілді.

Қазіргі уақытта жоба бекітілген кестеге сәйкес іске асырылуда. Өндірістік цехтардың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар жабдықтарға арналған іргетастарды салу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

QazRoyalPak» ЖШС директоры Гүлнара Қайдарованың айтуынша, жобаны іске асыру кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Біз үшін бұл жоба өндірісті дамытудың маңызды кезеңі. Өндірістік қуатты арттыру макулатураның едәуір көп көлемін қайта өңдеуге және қайталама шикізатты өндірістік циклде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», – деді Гүлнара Қайдарова.

Жобаны іске асыру Павлодар облысында макулатураны қайта өңдеу бойынша қосымша өндірістік қуаттарды қалыптастыруға және қағаз қалдықтарын қайта айналымға тарту көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, «Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері есебінен жалпы сомасы шамамен 116 млрд теңгені құрайтын 30 жобаны қаржыландырды. Мұндай жобаларды іске асыру Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға, қайта өңдеу көлемін арттыруға, қалдықтарды көму көлемін азайтуға және қайталама шикізатты экономикалық айналымға тартуға ықпал етеді.

 [:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1288072?lang=ru

При поддержке Министерства экологии и природных ресурсов РК АО «Жасыл даму» продолжает финансирование проектов, направленных на развитие переработки отходов и создание современной инфраструктуры отрасли.

В Павлодарской области реализуется проект ТОО «QazRoyalPak» по переработке макулатуры. После выхода на проектную мощность предприятие сможет перерабатывать до 75 тыс. тонн бумажных отходов в год.

Стоимость проекта составляет порядка 10,8 млрд тенге. Проект финансируется за счет средств утилизационного платежа, направленных АО «Жасыл даму». Средства освоены в полном объеме.

В настоящее время реализация проекта продолжается в соответствии с графиком. Возведение производственных цехов находится на завершающей стадии, параллельно ведутся работы по устройству фундаментов под оборудование. Ввод объекта в эксплуатацию запланирован на 2028 год.

По словам директора ТОО «QazRoyalPak» Гульнары Кайдаровой, реализация проекта позволит существенно расширить производственные возможности предприятия.

«Для нас этот проект является важным этапом развития производства. Увеличение мощностей позволит перерабатывать значительно больший объем макулатуры и более эффективно использовать вторичное сырье в производственном цикле», — отметила Гульнара Кайдарова.

Реализация проекта позволит создать дополнительные мощности по переработке макулатуры в Павлодарской области и увеличить объемы вовлечения бумажных отходов во вторичный оборот.

Напомним, АО «Жасыл даму» за счет средств утилизационного платежа профинансировало 30 проектов на общую сумму около 116 млрд тенге. Реализация таких проектов способствует развитию современной инфраструктуры обращения с отходами, увеличению объемов переработки, сокращению захоронения отходов и вовлечению вторичного сырья в экономический оборот в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх