[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1283482?lang=kk
Нью-Йорк, 2026 жылғы 31 тамыз – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бастамасымен әзірленген «Халықаралық планетаны көгалдандыру күні» қарарын қабылдап, 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады.
Халықаралық күнді белгілеу туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының жалпы пікірталастары барысында ұсынған болатын.
Қарарға әлемнің түрлі өңірлерін білдіретін 32 мемлекет тең автор болды. Бұл аталған бастаманың халықаралық қоғамдастық үшін сұранысқа ие әрі өзекті екенін көрсетеді.
Қарардың қабылдануы Қазақстанның жаһандық экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге және қоршаған ортаны қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру, жасыл желектер аумағын кеңейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы халықаралық күш-жігерді біріктіруге қосып келе жатқан дәйекті үлесін көрсетеді.
Құжат әлемдік қоғамдастықтың көгалдандыру мен табиғи экожүйелерді қалпына келтірудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттерді, БҰҰ жүйесін, халықаралық және өңірлік ұйымдарды, азаматтық қоғамды және басқа да мүдделі тараптарды тиісті іс-шаралар мен бастамаларды жүзеге асыруға ынталандыруға бағытталған.
Халықаралық күннің белгіленуі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, аумақтарды абаттандыруға және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаттарымен үндеседі.
Қарардың қабылдануы Мемлекет басшысының тағы бір халықаралық бастамасының іс жүзінде жүзеге асырылуы болды және Қазақстанның орнықты даму мен болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға бағытталған көпжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі тәсілдерінің сұранысқа ие екенін растайды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1283482?lang=ru
Нью-Йорк, 31 августа 2026 года – Генеральная Ассамблея Организации Объединенных Наций приняла инициированную Республикой Казахстан резолюцию «Международный день озеленения планеты», провозгласив 22 апреля Международным днем озеленения планеты.
Инициатива об учреждении Международного дня была выдвинута Президентом Республики Казахстан Касым-Жомартом Токаевым в ходе общих дебатов 80-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН в сентябре 2025 года.
Соавторами резолюции выступили 32 государств, представляющих различные регионы мира, что свидетельствует о востребованности и актуальности данной инициативы для международного сообщества.
Принятие резолюции отражает последовательный вклад Казахстана в продвижение глобальной экологической повестки и объединение международных усилий по охране окружающей среды, восстановлению экосистем, расширению зеленых насаждений и формированию экологической культуры.
Документ призван содействовать повышению осведомленности мирового сообщества о важности озеленения и восстановления природных экосистем, а также поощрять государства, систему ООН, международные и региональные организации, гражданское общество и другие заинтересованные стороны к проведению соответствующих мероприятий и инициатив.
Учреждение Международного дня созвучно проводимой в Казахстане общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан», направленной на формирование ответственного отношения к окружающей среде, благоустройство территорий и повышение экологической культуры общества.
Принятие резолюции стало практической реализацией еще одной международной инициативы Главы государства и подтверждает востребованность подходов Казахстана, направленных на укрепление многостороннего сотрудничества в интересах устойчивого развития и сохранения окружающей среды для будущих поколений.
