[:kz]Қазақстан орман-климаттық жобалар саласындағы ынтымақтастықты дамытуда[:ru]Казахстан развивает сотрудничество в сфере лесоклиматических проектов

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1280890?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Private Company «First Carbon Group Ltd.» орман-климаттық жобалар және көміртек бірліктері саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат орман екпелерін құру, деградацияға ұшыраған жерлер мен экожүйелерді қалпына келтіру, парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайту, көміртек бірліктерін қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық климаттық және инвестициялық қаржыландыруды тарту жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін негізді қалыптастырады.

Осы Меморандум шеңберінде кейіннен ауқымын кеңейту мүмкіндігімен шамамен 100 мың гектар аумақта жасанды ормандар құру көзделеді.

Жалпы, «Орталық Азияның Жасыл белдеуі» бастамасын іске асыру шеңберінде еліміздің аумағында 1 млн гектардан астам жерде орман екпелерін құру жоспарлануда.

Аталған бастаманы іске асыру Қазақстанның орман шаруашылығын дамыту үшін стратегиялық маңызға ие. Мұндай тәсіл инвестициялар тарту есебінен орман алқаптарын ұлғайтуға, заманауи технологияларды енгізуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Меморандумға қол қою Қазақстанда орман-климаттық жобаларды іске асырудың жүйелі тәсілін қалыптастыру жолындағы қадамдардың бірі болып табылады. Бұл ретте орман экожүйелерін қалпына келтіру және кеңейту табиғатты қорғау, климаттық және инвестициялық міндеттерді қатар қамтитын бағыт ретінде қарастырылады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1280890?lang=ru

Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан и Private Company «First Carbon Group Ltd.» подписали Меморандум о взаимопонимании по сотрудничеству в сфере лесоклиматических проектов и углеродных единиц.

Документ формирует рамочную основу представляющую возможность реализовать проект по созданию лесных насаждений, восстановлению деградированных земель и экосистем, увеличению поглощения парниковых газов, формированию углеродных единиц, а также привлечению международного климатического и инвестиционного финансирования.

В рамках данного Меморандума предполагается создание исскуственных лесов на площади порядка 100 тыс. гектаров с возможностью дальнейшего масштабирования.

В целом на территории страны в рамках реализации инициативы «Зеленый щит Центральной Азии» планируется осуществить создание лесных насаждений на площади более 1 млн гектар.

Реализация указанной инициативы имеет стратегическое значение для развития лесного хозяйства Казахстана. Такой подход позволяет увеличить площадь лесов за счет привлечения инвестиций, внедрить современные технологии, улучшить экологическую обстановку в стране.

Подписание Меморандума является одним из шагов по формированию в Казахстане системного подхода к реализации лесоклиматических проектов, при котором восстановление и расширение лесных экосистем рассматривается одновременно как природоохранная, климатическая и инвестиционная задача.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх