[:kz]Астанада кәсіпорындарды ресми экологиялық деректер негізінде ESG-бағалауға арналған оқыту курсы өтті[:ru]В Астане состоялся обучающий курс по ESG-оценке предприятий на основе официальных экологических данных

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1280407?lang=kk

2026 жылғы 25 тамызда Астана қаласында «Қазақстан кәсіпорындарын ресми экологиялық деректер негізінде ESG-бағалау» тақырыбындағы оқыту курсы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы мен Орталық Азия климаттық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Курс Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы базасында офлайн форматта өткізілді.

Курс бағдарламасы ESG саласындағы негізгі мәселелерді қамтыды: халықаралық тәсілдер мен стандарттар, қаржылық емес есептілік, ESG рейтингтері, инвесторлардың талаптары, Қазақстанның ESG саласындағы мемлекеттік саясаты, 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы, экологиялық заңнама және табиғат пайдалану тәжірибесі.

Экологиялық құрамдас бөлікке басымдық беретін ESGQ әдіснамасына жеке блок арналды. ESG-дің экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару аспектілері, гринвошинг тәуекелдері, салалық ерекшеліктер, индикаторлар жүйесі және ESG-бағалау қағидаттары қарастырылды.

Курстың практикалық бөлігі кәсіпорындарды ресми экологиялық деректер негізінде талдауға арналды. Қатысушылар шығарындылар, төгінділер және қалдықтар көрсеткіштерін, кәсіпорындарды салыстырмалы талдау тәсілдерін, сондай-ақ экологиялық басқарудың күшті және әлсіз жақтарын бағалау әдістерін қарастырды. Сонымен қатар ресми экологиялық ақпаратты ESG-бағалау және салалық тәуекелдерді талдау кезінде пайдалану мәселелері талқыланды.

Курстың авторы және жүргізушісі – Орталық Азия климаттық қорының басшысы, ESG әдіснамасының авторы Ерлік Қаражан.

Курсқа «Eurasian GHG Management» ЖШС, «Almighty Ecology» қоғамдық қоры, «KMF Банк» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, КЗИ Банкі, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы өкілдері қатысты.

Курстың қорытынды бөлімінде практикалық кейстер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді және қорытынды пікір алмасу өтті. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Курс ESG тәсілдерін қолдану, ресми экологиялық деректерді пайдалану және кәсіпорындардағы экологиялық басқару тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік берді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1280407?lang=ru

25 августа 2026 года в Астане состоялся обучающий курс «ESG-оценка предприятий Казахстана по официальным экологическим данным», организованный Информационно-аналитическим центром охраны окружающей среды Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан совместно с Центрально-Азиатским климатическим фондом. Курс прошёл в очном формате на базе Информационно-аналитического центра охраны окружающей среды.

Программа курса охватила ключевые вопросы ESG-повестки: международные подходы и стандарты, нефинансовую отчётность, ESG-рейтинги, требования инвесторов, государственную политику Казахстана в сфере ESG, Стратегию достижения углеродной нейтральности до 2060 года, экологическое законодательство и практику природопользования.

Отдельный блок был посвящён методологии ESGQ с акцентом на экологическую составляющую. Были рассмотрены экологические, социальные и управленческие аспекты ESG, риски гринвошинга, отраслевые особенности, система индикаторов и принципы формирования ESG-оценки.

Практическая часть курса была посвящена анализу предприятий по официальным экологическим данным. Участники рассмотрели показатели выбросов, сбросов и отходов, подходы к сравнительному анализу предприятий, а также методы оценки сильных и слабых сторон экологического управления. Отдельно обсуждалось использование официальной экологической информации при формировании ESG-оценки и анализе отраслевых рисков.

Автором и ведущим курса выступил Ерлік Қаражан, руководитель Центрально-Азиатского климатического фонда и автор методологии по ESG.

В курсе приняли участие представители ТОО «Eurasian GHG Management», Общественного фонда «Almighty Ecology», АО «KMF Банк», АО «Озенмунайгаз», КЗИ Банка, Департамента экологической культуры и политики Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, а также Информационно-аналитического центра охраны окружающей среды.

Завершающая часть курса включала разбор практических кейсов, ответы на вопросы участников и итоговое обсуждение. По завершении обучения участникам были вручены сертификаты.

Проведение курса стало площадкой для профессионального обмена мнениями по вопросам применения ESG-подходов, использования официальных экологических данных и совершенствования практики экологического управления на предприятиях.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх