[:kz]Орталық Қазақстанда Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді – халықаралық реинтродукция бағдарламасының маңызды нәтижесі[:ru]Историчекое событие в степях Центрального Казахстана родился первый жеребёнок лошади Пржевальского – успех международной программы реинтродукции

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1278437?lang=kk

2026 жылғы 22 тамызда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы «Әліби» жабайы тұяқты жануарларды реинтродукциялау орталығында Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді. Бұл – түрді тарихи мекендеу ортасына қайтару жөніндегі халықаралық бағдарлама аясында Қазақстанға әкелінген жылқылардан алынған алғашқы төл.

Құлынның дүниеге келуі реинтродукция бағдарламасын іске асырудағы маңызды нәтиже және жануарлардың Қазақстан даласының табиғи жағдайларына сәтті бейімделгенін көрсетеді. Табиғи жолмен көбею қабілеті жануарлардың қолайлы жағдайда тіршілік етіп жатқанын және алдағы уақытта Пржевальский жылқысының тұрақты популяциясын қалыптастыру мүмкіндігін көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Алғашқы болып еркек құлын дүниеге келді. Туғаннан кейін көп ұзамай ол өздігінен аяғына тұрып, биенің соңынан еріп, сүтін еме бастады. Мамандардың бақылауы бойынша, екеуінің де жағдайы жақсы.

Құлынның енесі – 2024 жылы Берлин Тирпаркінен Қазақстанға жеткізілген жеті жасар Тесса атты бие. Бұл – оның алғашқы төлі. Тесса аналық мінез-құлық танытып, үнемі құлынының жанында жүреді, оны бақылап әрі қорғайды, сонымен қатар құлынның айналасын өздігінен зерттеуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта құлын енесімен және үйірімен бірге жүр. Мамандар жануарлардың жағдайын, мінез-құлқы мен қозғалысын бақылап, тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Енді бағдарлама аясында Қазақстанға әкелінген ересек жануарлардың бейімделуімен қатар, тікелей Қазақстан даласында дүниеге келген Пржевальский жылқыларының алғашқы ұрпағының өсіп-жетілуі туралы да деректер жиналатын болады.

Пржевальский жылқысы (керқұлан, кертағы) – Еуразияда сақталған жабайы жылқылардың соңғы түрі. ХХ ғасырда бұл түр жабайы табиғаттан жойылып кеткенімен, хайуанаттар бақтарында өсіру және халықаралық реинтродукция бағдарламаларының арқасында сақталып қалды. Бүгінде Қазақстан осы түр табиғи мекендеу ортасына қайта оралып жатқан елдердің бірі.

Пржевальский жылқысын Қазақстанға қайтару бағдарламасы 2024 жылы басталды. Алғашқы жеті жылқы Еуропаның хайуанаттар бақтарынан жеткізіліп, «Алтын Дала» резерватының аумағындағы «Әліби» реинтродукциялау орталығына орналастырылды. Мұнда жылқылар арнайы дайындалған кең қоршауларда қажетті жерсіну кезеңінен өтіп, даланың климатына, қоректік базасына және басқа да табиғи жағдайларына біртіндеп бейімделді.

2025 жылы Қазақстанға тағы жеті жылқы, ал 2026 жылы сегіз жылқы жеткізілді. Бағдарлама аясында 2029 жылға дейін Қазақстанға шамамен 40 Пржевальский жылқысын әкелу жоспарланып отыр.

Алғашқы төлдің дүниеге келуі бағдарламаның жаңа кезеңін білдіреді. Оның түпкі мақсаты – табиғи мекендеу ортасында өздігінен көбейе алатын Пржевальский жылқысының тұрақты популяциясын қалыптастыру және түрді оның тарихи таралу аймағында қалпына келтіру.

Анықтама
Пржевальский жылқысы (керқұлан, кертағы) – Еуразияда сақталған жабайы жылқылардың соңғы түрі. Ол Орталық Азияны зерттеуші Н.М. Пржевальскийдің құрметіне аталған. 1876–1877 жылдары Жоңғарияға жасаған екінші экспедициясы кезінде ол жергілікті аңшылар аулаған, ғылымға белгісіз жабайы жылқының терісі мен бас сүйегін алған. Кейін олар Санкт-Петербургтегі Зоология музейіне тапсырылды. 1878 жылы зоолог И.С. Поляков бұл жануарды ғылым үшін жаңа түр ретінде сипаттады.

Табиғи мекендеу ортасының қысқаруы, үй жануарларымен бәсекелестік және аңшылық салдарынан Пржевальский жылқысы жабайы табиғаттан жойылып кетті. Түрді хайуанаттар бақтарында өсіру арқылы сақтап қалу мүмкін болды. Жабайы табиғаттағы соңғы үйір 1969 жылы Моңғолияда байқалған. Кейіннен түрді табиғи мекендеу ортасына қайтаруға бағытталған халықаралық бағдарламалар қолға алынды.

Қазақстанда реинтродукциялау үшін қажетті табиғи жағдайларға сай келетін әрі ірі елді мекендерден шалғай орналасқан «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы таңдалды.

Жоба Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Прага хайуанаттар бағы, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСА), Франкфурт зоологиялық қоғамы, Нюрнберг хайуанаттар бағы, Берлин Тирпаркі және «Хортобадь» ұлттық паркінің ынтымақтастығы арқасында, Лейбниц атындағы хайуанаттар бағы мен жабайы табиғатты зерттеу институтының (IZW) ғылыми және ветеринариялық қолдауымен жүзеге асырылуда.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1278437?lang=ru

22 августа 2026 года на территории государственного природного резервата «Алтын Дала», в Центре реинтродукции диких копытных «Алиби», родился первый жеребёнок лошади Пржевальского. Это первое потомство животных, завезённых в Казахстан в рамках международной программы по возвращению вида в его исторический ареал.

Рождение жеребёнка стало важным результатом реализации программы реинтродукции и свидетельствует об успешной адаптации животных к природным условиям казахстанской степи. Способность к естественному размножению является одним из ключевых показателей благополучия животных и формирования в дальнейшем устойчивой популяции лошади Пржевальского —керқұлан, кертағы.

Первый жеребёнок — самец. Он родился 22 августа. Вскоре после рождения жеребёнок самостоятельно встал на ноги, последовал за матерью и начал питаться материнским молоком. По наблюдениям специалистов, состояние жеребёнка и кобылы оценивается как хорошее.

Мать жеребёнка — семилетняя кобыла Тесса, доставленная в Казахстан в 2024 году из Тирпарка Берлина. Это её первое потомство. Тесса проявляет характерное материнское поведение: постоянно находится рядом с жеребёнком, следит за ним и защищает, одновременно позволяя ему самостоятельно исследовать окружающую среду.

В настоящее время жеребёнок находится вместе с матерью и группой. Специалисты продолжают постоянный мониторинг животных, наблюдая за их состоянием, поведением и перемещениями. В рамках программы теперь будут собираться данные не только об адаптации завезённых взрослых особей, но и о развитии первого поколения лошадей Пржевальского, родившегося непосредственно в казахстанской степи.

Лошадь Пржевальского — керқұлан, кертағы — последний сохранившийся вид диких лошадей Евразии. В XX веке вид исчез из дикой природы, однако был сохранён благодаря разведению в зоопарках и международным программам реинтродукции. Сегодня Казахстан является одной из стран, где этот вид возвращается в естественную среду обитания.

Программа по возвращению лошади Пржевальского в Казахстан началась в 2024 году. Первые семь животных прибыли из европейских зоопарков и были доставлены в Центр реинтродукции «Алиби» на территории резервата «Алтын Дала». Здесь лошади прошли необходимый период акклиматизации в специально подготовленных просторных загонах, постепенно адаптируясь к климату, кормовой базе и другим природным условиям степи.

В 2025 году в Казахстан были доставлены ещё семь лошадей, в 2026 году — восемь. До 2029 года в рамках программы планируется завезти около 40 лошадей Пржевальского.

Появление первого потомства знаменует новый этап программы. Её конечная цель — формирование устойчивой самовоспроизводящейся популяции лошади Пржевальского в естественной среде обитания и восстановление этого вида в его историческом ареале.

Справочно:
Лошадь Пржевальского — керқұлан, кертағы — последний сохранившийся вид диких лошадей Евразии. Своё название она получила в честь исследователя Центральной Азии Н.М.

Пржевальского. Во время второй экспедиции в Джунгарию в 1876–1877 годах он получил шкуру и череп неизвестной дикой лошади, добытой местными охотниками, которые впоследствии были переданы в Зоологический музей Санкт-Петербурга. В 1878 году зоолог И.С. Поляков описал животное как новый для науки вид.

В результате утраты естественных мест обитания, конкуренции с домашним скотом и охоты лошадь Пржевальского исчезла из дикой природы. Сохранить вид удалось благодаря разведению в зоопарках. Последний дикий табун наблюдали в Монголии в 1969 году. Впоследствии начались международные программы по возвращению вида в естественную среду.

Для реинтродукции в Казахстане выбрана территория государственного природного резервата «Алтын Дала», соответствующая необходимым природным условиям и расположенная вдали от крупных населённых пунктов.

Проект реализуется благодаря сотрудничеству Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, Пражского зоопарка, Казахстанской ассоциации сохранения биоразнообразия (АСБК), Франкфуртского зоологического общества, Нюрнбергского зоопарка, Тирпарка Берлина и Национального парка «Хортобадь» при научной и ветеринарной поддержке Лейбницкого института исследований зоопарков и дикой природы (IZW).

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх