[:kz]Қазақстандағы жасыл өсу: ESG, технологиялар мен қаржыландыру бизнес үшін маңызды құралдарға айналуда[:ru]Зелёный рост в Казахстане: ESG, технологии и финансирование становятся инструментами для бизнеса

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1278390?lang=kk

Қазақстанда экологиялық және климаттық шешімдер жекелеген бастамалар санатынан біртіндеп бизнестің дамуы мен инвестиция тартудың практикалық құралдарына айналып келеді. Бұл туралы «Жасыл өсу архитектурасы: ESG қағидаттары, Жасыл технологиялар тізілімі және стейкхолдерлерді қаржыландыру тетіктері» атты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ (IGTIC) «Eurasian GHG Management» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырған практикалық семинар барысында айтылды.

Іс-шараға бизнес өкілдері, өнеркәсіптік кәсіпорындар, инвестициялық және сарапшылық қауымдастықтар, экология және ESG саласының мамандары, сондай-ақ технологиялық компаниялардың өкілдері қатысты. Қатысушылар экологиялық және климаттық күн тәртібін кәсіпорындарды жаңғырту, технологияларды дамыту және қаржыландыру тарту бағыттарындағы нақты мүмкіндіктерге қалай айналдыруға болатынын талқылады.

IGTIC сарапшылары заманауи жасыл экономиканың негізгі құралдарын таныстырды. ESG қағидаттарына ерекше назар аударылды. Олар компаниялардың стратегиялық басқару жүйесінің бір бөлігіне айналып, инвестициялық тартымдылығына әсер етуде. Қатысушылар ұзақ мерзімді бизнес стратегияларын қалыптастыру кезінде экологиялық, әлеуметтік және басқару факторларының рөлін қарастырды.

Негізгі тақырыптардың бірі – Жасыл технологиялар тізілімі болды. Сарапшылар оның кәсіпорындар мен экологиялық шешімдерді әзірлеушілер үшін мүмкіндіктері, сондай-ақ ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруда және өндірістің неғұрлым орнықты модельдеріне көшуде технологиялық құралдардың рөлі туралы айтып берді.

Жасыл қаржыландыру тетіктері мен экологиялық және климаттық жобаларды іске асыруға қажетті ресурстарды тарту мүмкіндіктеріне де жеке тоқталды. Қатысушылардың пікірінше, қаржы құралдарына қолжетімділік – жасыл технологияларды ауқымды енгізудің және жекелеген бастамалардан жүйелі жобаларға көшудің негізгі шарттарының бірі.

Сарапшылар жасыл экономиканы дамытудың маңызды факторы ретінде мемлекет, бизнес, инвесторлар, технологиялық компаниялар және сарапшылық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды атады. Негізгі қатысушылар арасындағы үйлесімді байланыс экологиялық шешімдерді енгізуді жеделдетуге, инвестициялау үшін түсінікті жағдайлар қалыптастыруға және іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Семинардың практикалық форматы қатысушыларға қолжетімді құралдарды және оларды нақты экологиялық әрі климаттық жобаларда қолдану мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берді.
IGTIC-те атап өткендей, бүгінде жасыл өсім тек экологиялық күн тәртібі ғана емес, сонымен қатар технологиялық жаңғырту, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа нарықтарды дамыту және инвестиция тартумен байланысты экономикалық құралға айналды. Жасыл технологиялар мен ESG тәсілдерінен бастап қаржыландыру тетіктеріне дейінгі осындай экожүйені қалыптастыру Қазақстан бизнесі мен экономикасының орнықты дамуына жағдай жасайды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1278390?lang=ru

Экологические и климатические решения в Казахстане всё активнее переходят из категории отдельных инициатив в практические инструменты развития бизнеса и привлечения инвестиций. Об этом сообщили в ходе практического семинара «Архитектура зелёного роста: ESG-принципы, Реестр зелёных технологий и механизмы финансирования для стейкхолдеров», организованного НАО «Международный центр зеленых технологий и инвестиционных проектов» (IGTIC) совместно с ТОО «Eurasian GHG Management».

В мероприятии приняли участие представители бизнеса, промышленных предприятий, инвестиционного и экспертного сообщества, экологические и ESG-специалисты, а также представители технологических компаний. Участники обсудили, как экологическая и климатическая повестка может трансформироваться в конкретные возможности для модернизации предприятий, развития технологий и привлечения финансирования.

Эксперты IGTIC представили ключевые инструменты современной зелёной экономики. Особое внимание уделили ESG-принципам, которые становятся частью стратегического управления компаниями и влияют на их инвестиционную привлекательность. Участники рассмотрели роль экологических, социальных и управленческих факторов при формировании долгосрочных бизнес-стратегий.

Одной из центральных тем стал Реестр зелёных технологий. Эксперты рассказали о его возможностях для предприятий и разработчиков экологических решений, а также о роли технологических инструментов в повышении ресурсной эффективности и переходе к более устойчивым моделям производства.

Отдельно были рассмотрены механизмы зелёного финансирования и возможности привлечения ресурсов для реализации экологических и климатических проектов. По мнению участников, доступ к финансовым инструментам является одним из ключевых условий для масштабирования зелёных технологий и перехода от отдельных инициатив к системным проектам.

Важным фактором развития зелёной экономики эксперты назвали взаимодействие государства, бизнеса, инвесторов, технологических компаний и экспертного сообщества. Координация между ключевыми участниками позволяет ускорить внедрение экологических решений, сформировать понятные условия для инвестирования и повысить эффективность реализуемых проектов.
Практический формат семинара позволил участникам обсудить доступные инструменты и возможности их применения в реальных экологических и климатических проектах.

В IGTIC отмечают, что зелёный рост сегодня – это уже не только экологическая повестка, но и экономический инструмент, связанный с технологической модернизацией, повышением конкурентоспособности предприятий, развитием новых рынков и привлечением инвестиций. Формирование такой экосистемы – от зелёных технологий и ESG-подходов до механизмов финансирования – создаёт условия для устойчивого развития бизнеса и экономики Казахстана.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх