[:kz]Экология министрлігі ірі габаритті және аса ірі габаритті шиналармен жұмыс істеуді оңтайландыру шараларын пысықтауда[:ru]Министерство экологии прорабатывает меры по оптимизации обращения с крупногабаритными и сверхкрупногабаритными шинами

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1272907?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Жасыл даму» АҚ және ірі габаритті және аса ірі габаритті шиналарды (ІГШ және АІГШ) қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың өкілдерімен бірлесіп, оларды жинау, тасымалдау және қайта өңдеуге беру процестерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Жұмыс кеңесі барысында жинақталған ІГШ және АІГШ-мен жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған кәсіпорындардың ұсыныстары қаралды.

Ұсыныстардың бірі қалдықтар түзілетін орындардың алаңдарында шиналарды алдын ала кесуді ұйымдастыруды көздейді. Бұл тәсіл тасымалдауға жататын шиналардың көлемін азайтуға, көлік шығындарын қысқартуға және жинақталған қалдықтарды қайта өңдеуге беруді жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша ұсыныстарды пысықтау жұмысы мүдделі мемлекеттік органдардың, «Жасыл даму» АҚ-ның және сала кәсіпорындарының қатысуымен жалғасатын болады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1272907?lang=ru

Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан совместно с АО «Жасыл даму» и представителями предприятий, осуществляющих переработку крупногабаритных и сверхкрупногабаритных шин (КГШ и СКГШ), провело рабочее совещание по вопросам совершенствования процессов их сбора, транспортировки и передачи на переработку.

В ходе совещания рассмотрены предложения предприятий, направленные на повышение эффективности обращения с накопленными КГШ и СКГШ.

Одним из предложений является организация предварительной резки шин непосредственно на площадках образования отходов. Такой подход позволит уменьшить объем шин, подлежащих транспортировке, сократить транспортные расходы и ускорить процесс передачи накопленных отходов на переработку.

По итогам совещания работа по проработке предложений будет продолжена с участием заинтересованных государственных органов, АО «Жасыл даму» и предприятий отрасли.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх