[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1255670?lang=kk
Қазақстан электрондық қалдықтардың құрамындағы қауіпті заттардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайтуға бағытталған «Қазақстандағы электрониканың өмірлік циклінде айналымдылық пен ресурстарды пайдалану тиімділігін ілгерілету» жобасын бастайды.
Жоба Жаһандық экологиялық қордың (ГЭФ) қаржыландыруымен Электрониканы басқару жөніндегі жаһандық бағдарлама (GEM) аясында жүзеге асырылады. GEM — Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО) бастамасымен, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) және басқа да халықаралық серіктестердің қатысуымен жүзеге асырылатын халықаралық бастама. Бағдарлама елдерге электрониканы оның бүкіл өмірлік циклі бойы экологиялық қауіпсіз әрі ресурс тиімді басқаруға көшуге қолдау көрсетеді: саясат пен заңнаманы жетілдіру, технологиялар мен қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту, өнімнің тұрақты дизайнын ілгерілету, сондай-ақ жөндеу, қайта пайдалану және қайта өңдеу жүйелерін нығайту арқылы GEM бағдарламасы құнды ресурстарды сақтай отырып, электрондық қалдықтардың экологиялық және медициналық зардаптарын азайтуды мақсат етеді.
Электрондық қалдықтар — әлемдегі ең жылдам өсіп келе жатқан қалдық түрлерінің бірі. Технологияның қарқынды дамуы, тұтынудың артуы және өнім өмірінің қысқаруы салдарынан жыл сайын миллиондаған тонна істен шыққан электрондық бұйым жиналады. Олардың көбінің құрамында дұрыс өңделмеген жағдайда адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін зиянды заттар бар. Сонымен қатар электрондық қалдықтардың құрамында бағалы металдар мен басқа да құнды материалдар кездеседі — бұл бұйымдар қайта өңделмей, жай ғана қоқысқа тасталғанда, аталған ресурстар қайтарымсыз жоғалады.
«Бүгінде электрондық қалдықтармен жұмыс мәселесі тек экологиялық күн тәртібінің шеңберінде қалып отырған жоқ. Ол өнеркәсіптік саясат, цифрландыру, халықаралық сауда, ресурстық қауіпсіздік, климаттық саясат және тұрақты экономикалық даму тоғысында тұр. Қазақстан үшін бұл жобаның басталуы — қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың, айналымды экономикаға көшудің және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың маңызды кезеңі»,
— деді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Түкенов.
Жоба ұлттық әлеуетті нығайтып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытуға ықпал етеді және халықаралық озық тәжірибеге сай электрониканы тұрақты басқаруды ілгерілетеді.
Жобаның практикалық бөлігі бірнеше бағытты қамтиды: пилоттық қалалардағы үй шаруашылықтарынан электрондық қалдықтарды жинау модельдерін сынақтан өткізу, қайта өңдеу кәсіпорындарына техникалық қолдау көрсету, сұрыптау жүйесін жақсарту, электрондық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеу тәжірибесін енгізу және құнды материалдарды қалпына келтіру. Сонымен қатар жоба қауіпті заттарды анықтау құралдарын енгізуге, электрондық қалдықтар ағынына жүйелі мониторинг жүргізу негізін қалауға, сектор қатысушыларының әлеуетін дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар, бизнес пен халықаралық ұйымдар арасындағы үйлестіруді нығайтуға қолдау көрсетеді.
«Қазақстан үшін бұл жобаның маңызы тек экологиялық бастамамен шектелмейді. Ол мемлекет, бизнес, қайта өңдеушілер, импорттаушылар, сарапшылар және азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы диалог үшін нақты алаң болмақ. Мұндай серіктестік электрондық қалдықтарды жасырын мәселе болудан шығарып, оны заманауи айналымды экономиканың ажырамас бөлігіне айналдыру үшін қажет», — деді «Тұрақты дамуға көмектесу» орталығының атқарушы директоры Вера Мустафина.
Жобаның ресми таныстырылымы 2026 жылғы 30 маусымда Астана қаласында өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, электроника өндірушілері мен импорттаушылары, қайта өңдеушілер, салалық қауымдастықтар, сарапшылар қоғамдастығы және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Семинар барысында жобаның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері таныстырылды, электрондық қалдықтарды басқару саласындағы негізгі мәселелер талқыланды, іске асырудың бірінші кезеңінің басым бағыттары айқындалды, сондай-ақ жобаның көпжақты үйлестіру тетігі іске қосылды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1255670?lang=ru
Казахстан запускает проект «Продвижение циркулярности и эффективности использования ресурсов в жизненном цикле электроники в Казахстане», направленный на снижение воздействия опасных веществ, содержащихся в электронных отходах, на здоровье человека и окружающую среду.
Проект финансируется Глобальным экологическим фондом (ГЭФ) в рамках Глобальной программы по управлению электроникой (GEM) — международной инициативы, возглавляемой Организацией Объединенных Наций по промышленному развитию (ЮНИДО) в партнерстве с Программой ООН по окружающей среде (ЮНЕП) и другими международными партнерами. GEM поддерживает страны в переходе к экологически безопасному и ресурсно-эффективному управлению электроникой на протяжении всего ее жизненного цикла. Через реформы политики и законодательства, расширение доступа к технологиям и финансированию, продвижение устойчивого проектирования продукции, а также укрепление систем ремонта, повторного использования и переработки Программа GEM направлена на снижение экологического и медицинского воздействия электронных отходов при одновременном извлечении ценных ресурсов.
Электронные отходы являются одним из самых быстрорастущих потоков отходов в мире. Быстрое технологическое развитие, рост потребления и сокращение жизненного цикла продукции приводят к ежегодному образованию миллионов тонн отслуживших электронных изделий. Многие из них содержат опасные вещества, которые при ненадлежащем обращении могут представлять риск для здоровья человека и окружающей среды. В то же время электронные отходы содержат ценные материалы, включая драгоценные и критически важные металлы, которые часто теряются, когда изделия выбрасываются вместо того, чтобы быть восстановленными и переработанными.
«Сегодня вопросы обращения с электронными отходами выходят далеко за рамки исключительно экологической повестки. Они находятся на пересечении промышленной политики, цифровизации, международной торговли, ресурсной безопасности, климатической политики и устойчивого экономического развития. Для Казахстана запуск данного проекта является важным этапом в развитии государственной политики в области обращения с отходами, перехода к циркулярной экономике и рационального использования природных ресурсов», сказал Руслан Тукенов, директор Департамента по управлению отходами Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.
Проект укрепит национальный потенциал, будет способствовать развитию государственно-частного сотрудничества и продвижению устойчивого управления электроникой в соответствии с лучшими международными практиками.
Практический компонент проекта будет включать тестирование моделей сбора электронных отходов у домохозяйств в пилотных городах, оказание технической поддержки перерабатывающим предприятиям, улучшение сортировки, экологически безопасного обращения с электронными отходами и восстановления ценных материалов. Проект также поддержит внедрение инструментов для выявления опасных веществ, создание основы для систематического мониторинга потоков электронных отходов, развитие потенциала участников сектора и усиление координации между государственными органами, бизнесом и международными организациями.
«Для Казахстана этот проект важен не только как экологическая инициатива. Он создает практическую площадку для диалога между государством, бизнесом, переработчиками, импортерами, экспертами и организациями гражданского общества. Такое партнерство необходимо, чтобы электронные отходы перестали быть скрытой проблемой и стали частью современной циркулярной экономики», сказала Вера Мустафина, исполнительный директор Центра «Содействие устойчивому развитию».
Официальный запуск проекта прошел 30 июня 2026 года в Астане. Мероприятие объединило представителей государственных органов, международных организаций, производителей и импортеров электроники, переработчиков, отраслевых ассоциаций, экспертного сообщества и гражданского общества.
На семинаре представлены цели и ожидаемые результаты проекта, обсуждены ключевые вызовы в сфере управления электронными отходами, определены приоритеты первого этапа реализации и запущен многосторонний координационный механизм проекта.
