[:kz]Қазақстан мен Өзбекстан ауа сапасы бойынша ынтымақтастықты нығайтуда [:ru]Казахстан и Узбекистан усиливают сотрудничество в сфере охраны атмосферного воздуха

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253634?lang=kk

Ташкентте Орталық Азия қоршаған орта және климаттың өзгеруі университетінде (Green University) Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы делегацияларының кездесуі өтті, онда қоршаған ортаны қорғау және ауа сапасын жақсарту саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақ делегациясын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов басқарды. Делегация құрамында Қазгидрометтің бас директоры Данара Әлімбаева, Түркістан облысының экология департаментінің, Сарыағаш ауданы әкімдігінің өкілдері және тиісті мамандар болды.

Кездесу барысында тараптар ауа сапасын бақылау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, ғылыми деректермен алмасу және трансшекаралық ластануды азайту бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Ұсақ бөлшектерді (PM2.5 және PM10) зерттеу нәтижелеріне және атмосфералық процестердің екі елдің шекаралас аймақтары арасындағы ластаушы заттардың тасымалдануына әсеріне ерекше назар аударылды.

Келіссөздерден кейін Қазақстан мен Өзбекстанның ғылыми қауымдастықтарының қатысуымен бірлескен жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Оның қызметі ауа сапасын жақсарту үшін кешенді зерттеулер жүргізуге және практикалық шешімдер әзірлеуге бағытталады.

Сапар барысында қазақстандық делегация Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан экологиялық жобалармен, соның ішінде Ташкент жылу электр станциясындағы заманауи газ тазарту технологияларымен, шығарындыларды азайту шараларымен және көліктерге экологиялық стикерлерді енгізумен танысты.

Кездесуден кейін тараптар серіктестікті одан әрі дамытуға деген міндеттемелерін растады және шекарааралық ауаның ластануын азайтуға және шекаралас аймақтардағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірлескен практикалық іс-шараларды үнемі өткізуге келісті.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК  https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253634?lang=ru

В городе Ташкент на площадке Центрально-Азиатского университета по изучению окружающей среды и изменения климата (Green University) состоялась встреча делегаций Республики Казахстан и Республики Узбекистан, посвященная вопросам развития двустороннего сотрудничества в сфере охраны окружающей среды и улучшения качества атмосферного воздуха.

Казахстанскую делегацию возглавил председатель Комитета экологического регулирования и контроля Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерболат Кожиков. В состав делегации также вошли генеральный директор РГП «Казгидромет» Данара Алимбаева, представители Департамента экологии по Туркестанской области, акимата Сарыагашского района и профильные специалисты.

В ходе встречи стороны обсудили развитие сотрудничества в области мониторинга качества атмосферного воздуха, обмен научными данными, а также реализацию совместных мер по снижению трансграничного загрязнения. Особое внимание было уделено результатам исследований содержания мелкодисперсных частиц PM2.5 и PM10, а также влиянию атмосферных процессов на перенос загрязняющих веществ между приграничными территориями двух стран.

По итогам переговоров достигнута договоренность о создании совместной рабочей группы с участием научного сообщества Казахстана и Узбекистана. Ее деятельность будет направлена на проведение комплексных исследований и разработку практических решений по улучшению качества атмосферного воздуха.

В рамках визита казахстанская делегация также ознакомилась с реализуемыми в Узбекистане экологическими проектами, включая современные технологии газоочистки на Ташкентской теплоэлектростанции, мероприятия по сокращению выбросов и опыт внедрения экологических стикеров для автотранспортных средств.

По итогам встречи стороны подтвердили готовность к дальнейшему развитию партнерства и договорились на регулярной основе проводить совместные практические мероприятия, направленные на снижение трансграничного загрязнения атмосферного воздуха и улучшение экологической обстановки в приграничных регионах.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх