[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253361?lang=kk
Қызылорда облысында шыны қалдықтарын қайта өңдеп, шыны ыдыс өндіретін жаңа зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жоба «Жасыл Даму» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатыр және өңірдегі ең ірі экологиялық әрі индустриялық нысандардың біріне айналмақ.
Жобаның бастамашысы – «Seven Rivers Technologies» ЖШС. Компанияны Үмбетаев Ануар Сақтағанұлы басқарады. Болашақ кәсіпорын шыны қалдықтарын қайта өңдеуге және шыны бөтелкелер шығаруға маманданады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 240 миллион данаға дейін шыны ыдыс өндіруге мүмкіндік береді.
Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 60 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асыру аясында 250 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл өңір экономикасының дамуына және халықты жұмыспен қамту деңгейінің артуына елеулі үлес қоспақ. Кәсіпорынды пайдалануға беру 2026–2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
«Мұндай жобаларды жүзеге асыру Қазақстанда тұйық циклді экономиканы қалыптастыру және “жасыл” өнеркәсіпті дамыту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие. Жаңа зауыт шыны қалдықтарының көлемін азайтып қана қоймай, ішкі нарықты отандық шыны ыдыспен қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді», – деді «Жасыл даму» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің директоры Серікбол Қалиақбаров.
Бұл жоба еліміздің экологиялық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін арттырып, өнеркәсіп саласында заманауи экологиялық стандарттарды енгізуге ықпал етеді. Бұдан бөлек, кәсіпорынның іске қосылуы шағын және орта бизнестің дамуына қосымша мүмкіндік жасап, Қызылорда облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға оң әсерін тигізеді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253361?lang=ru
В Кызылординской области состоялась церемония закладки фундамента нового завода по переработке стекольных отходов и производству стеклянной тары. Проект реализуется при финансовой поддержке АО «Жасыл даму» и АО «Фонд развития промышленности» и станет одним из крупнейших экологических и индустриальных объектов региона.
Инициатором проекта выступает ТОО «Seven Rivers Technologies» под руководством Умбетаева Ануара Сақтағанұлы. Будущий завод будет специализироваться на переработке стеклянных отходов и выпуске стеклянных бутылок. Производственная мощность предприятия составит до 240 миллионов единиц стеклотары в год.
Общий объем инвестиций в проект оценивается в 60 млрд тенге. В рамках реализации проекта планируется создание 250 новых рабочих мест, что внесет значительный вклад в развитие экономики региона и повышение занятости населения. Ввод предприятия в эксплуатацию предусмотрен поэтапно в период 2026-2028 годов.
«Реализация подобных проектов имеет стратегическое значение для формирования экономики замкнутого цикла и развития «зеленой» промышленности в Казахстане. Новый завод позволит не только сократить объем стекольных отходов, но и обеспечить рынок отечественной стеклотарой, снизив зависимость от импорта», – отметил директор Департамента инвестиционных проектов АО «Жасыл даму» Калиакбаров Серикбол.
Проект станет важным шагом в развитии экологической инфраструктуры страны, повысит уровень переработки отходов и будет способствовать внедрению современных экологических стандартов в промышленности. Кроме того, запуск предприятия создаст дополнительные возможности для малого и среднего бизнеса, а также окажет положительное влияние на инвестиционную привлекательность Кызылординской области.
