[:kz]EcoQolday жүйесі арқылы қайта өңдеуге 131 мың тоннадан астам қалдық жіберілді[:ru]Через систему EcoQolday на переработку направлено более 131 тысячи тонн отходов

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253189?lang=kk

Қалдықтарды жинау және қайта өңдеу үдерістерін цифрландыру мақсатында «Жасыл даму» АҚ әзірлеген EcoQolday ақпараттық жүйесі қатысушылар санын ұлғайтып, қайта өңдеу көлемін тұрақты түрде арттырып келеді. Жүйе іске қосылғалы бері оған қатысуға 159 кәсіпорын өтінім берген. Оның ішінде 104-і қалдық жинаушылар, 32-сі қайта өңдеуші кәсіпорындар, 23-і толық циклді кәсіпорындар.

Бүгінде жүйе қатысушыларымен 96 келісімшарт жасалды. Оның ішінде 64 қалдық жинаушымен, 20 қайта өңдеушімен және 12 толық циклді кәсіпорынмен келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, алдын ала мақұлдаудан өткен төрт кәсіпорын көшпелі тексеруді күтуде, тағы екі өтінім қаралу үстінде.

Жүйе 2024 жылғы тамыз айынан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде EcoQolday арқылы 131,04 мың тонна қалдық қайта өңдеуге жіберілді. Оның негізгі бөлігін 92,05 мың тонна қағаз және 28,86 мың тонна шыны құрайды. Сонымен қатар, 8,74 мың тонна пайдаланылған шиналар, 1,32 мың тонна пластик қалдықтары және 0,07 мың тонна аралас материалдардан тұратын қалдықтар қайта өңделді.

Қайта өңдеу көлемі жыл сайын артып келеді. Егер 2024 жылы жүйе арқылы 11,07 мың тонна қалдық қайта өңдеуге жіберілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 49,34 мың тоннаға жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында ғана 70,63 мың тонна қалдық қайта өңдеуге бағытталды. Бұл жүйенің тиімділігінің артып, бизнес өкілдерінің қатысу аясының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Бекітілген бюджеттер шеңберінде жүйе қатысушыларына 3,416 млрд теңге төленді. Оның ішінде 2024 жылы – 4,6 млн теңге, 2025 жылы – 884,4 млн теңге, ал 2026 жылы бүгінгі күнге дейін – 2,527 млрд теңге төленген. Бұл төлем тетігі қалдықтарды жинау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ қайталама шикізатты экономика айналымына тарту көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.

EcoQolday жүйесі сала кәсіпорындарымен қатар халықтың да белсенді қатысуын қамтамасыз етуде. Есепті кезеңдегі мәлімет бойынша, жүйеде қалдық түзушілерден 1 081 өтінім тіркелген. Жалпы көлемі 3 540,52 тонна қалдық қайта өңдеуге тапсырылды.

Оның ішінде 629 өтінімді жеке тұлғалар берген. Олар негізінен шыны, қағаз және пайдаланылған шиналарды өткізіп, жалпы 2 276,42 тонна қалдықты қайта өңдеуге жіберді. Ал 452 өтінім заңды тұлғалардан түсіп, олар 1 264,1 тонна қалдық тапсырды. Оның басым бөлігін қағаз бен пайдаланылған шиналар құрайды.

«Жасыл даму» АҚ халық арасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын да жүйелі түрде жалғастыруда. «Таза үй – Таза ел» пилоттық жобасы аясында Астана қаласындағы тұрғын үй кешендеріне қағаз және пластик қалдықтарын бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды. Жоба кезең-кезеңімен еліміздің өзге өңірлерінде де кеңейтілуде.

Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ақтау қаласында, Ақтөбе облысында, сондай-ақ Шымкент және Талдықорған қалаларында ПИК және МИБ өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып келеді. Кездесулер барысында EcoQolday жүйесінің жұмыс қағидаттары мен тұрғындарды тарта отырып қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру мәселелері түсіндірілуде.

«Жасыл даму» АҚ алдағы уақытта да қалдықтарды басқарудың цифрлық тетіктерін жетілдіруді, EcoQolday жүйесінің географиясын кеңейтуді, қайта өңдеу көлемін арттыруды және бизнес пен халықтың айналым экономикасын қалыптастыруға белсенді қатысуына қолайлы жағдай жасауды жалғастырады.

 [:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253189?lang=ru

Информационная система EcoQolday, разработанная АО «Жасыл даму» для цифровизации процессов сбора и переработки отходов, продолжает расширять охват участников и демонстрирует устойчивый рост объемов переработки. С начала работы системы заявки на участие подали 159 компаний, из которых 104 являются сборщиками отходов, 32 ­- переработчиками и 23 – предприятиями полного цикла.

На сегодняшний день с участниками заключено 96 договоров, в том числе с 64 сборщиками отходов, 20 переработчиками и 12 предприятиями полного цикла. Еще четыре компании ожидают выездной проверки после получения предварительного одобрения, две заявки находятся на рассмотрении.

За период функционирования системы, начиная с августа 2024 года, через EcoQolday на переработку направлено 131,04 тыс. тонн отходов. Основную долю составляют бумага — 92,05 тыс. тонн и стекло — 28,86 тыс. тонн. Кроме того, переработано 8,74 тыс. тонн шин, 1,32 тыс. тонн пластиковых отходов и 0,07 тыс. тонн отходов из комбинированных материалов.

При этом объемы переработки ежегодно увеличиваются. Если в 2024 году через систему было направлено на переработку 11,07 тыс. тонн отходов, то в 2025 году этот показатель вырос до 49,34 тыс. тонн, а только за первое полугодие 2026 года уже достиг 70,63 тыс. тонн, что свидетельствует о возрастающей эффективности системы и расширении участия бизнеса.

В рамках утвержденных бюджетов участникам системы выплачено 3,416 млрд тенге. Из них 4,6 млн тенге – в 2024 году, 884,4 млн тенге – в 2025 году и 2,527 млрд тенге – на сегодняшний день. Механизм выплат стимулирует развитие инфраструктуры сбора и переработки отходов, а также способствует увеличению объемов вовлечения вторичных ресурсов в экономику.

Система EcoQolday активно вовлекает не только предприятия отрасли, но и население. На отчетную дату в системе зарегистрирована 1081 заявка от образователей отходов общим объемом 3540,52 тонны.

Из них 629 заявок поступили от физических лиц, которые передали на переработку 2276,42 тонны отходов, преимущественно стекло, бумагу и шины. Еще 452 заявки поданы юридическими лицами с общим объемом 1264,1 тонны, основную часть которых составляют бумага и отработанные шины.

АО «Жасыл даму» также продолжает системную работу по развитию культуры раздельного сбора отходов среди населения. В рамках пилотного проекта «Таза үй – Таза ел» в жилых комплексах города Астаны установлены специальные контейнеры для раздельного сбора бумажных и пластиковых отходов. Проект поэтапно масштабируется и в других регионах Казахстана.

Кроме того, с 2026 года совместно с местными исполнительными органами проводятся встречи с представителями КСК и ОСИ в городе Актау, Актюбинской области, а также в городах Шымкент и Талдыкорган. В ходе мероприятий разъясняются принципы работы системы EcoQolday и вопросы организации раздельного сбора отходов с вовлечением жителей регионов.

АО «Жасыл даму» продолжит совершенствовать цифровые механизмы управления отходами, расширять географию внедрения EcoQolday, увеличивать объемы переработки и создавать условия для активного участия бизнеса и населения в формировании экономики замкнутого цикла.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх