[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1249561?lang=kk
Атырау қаласында «Фибратекс» ЖШС ПЭТ-бөтелкелерді қайта өңдеп, полиэфирлі штапель талшығын өндіруге бағытталған ауқымды инвестициялық жобаны іске асыруда.
– Қайта өңдеу қуаты – тәулігіне 20 тоннаға дейін пластик қалдықтары;
– Дайын өнім өндірісі – жылына 7 000 тоннаға дейін;
– 67 тұрақты жұмыс орны құрылады;
– Өңірдің экспорттық әлеуеті артады.
Технологиялық үдеріс үш кезеңнен тұрады: пайдаланылған пластик бөтелкелерді сұрыптау және тазалау, флекс өндіру және оны әрі қарай полиэфирлі талшыққа өңдеу. Алынған өнім кәсіпорынның геосинтетикалық материалдар өндіруіне пайдаланылып қана қоймай, шетел нарықтарына да экспортталатын болады.
Бұл жоба қалдықтарды құнды шикізат көзіне айналдыратын айналмалы экономика қағидаттарын енгізудің жарқын үлгісі болып табылады. Сонымен қатар, заманауи технологиялар экологиялық және экономикалық міндеттерді қатар шешуге мүмкіндік береді.
Жоба өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері тетігі аясында жинақталған қаражат есебінен «Жасыл даму» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1249561?lang=ru
В Атырау ТОО «Фибратекс» реализует масштабный инвестиционный проект по переработке ПЭТ-бутылок с последующим производством полиэфирного штапельного волокна.
– Мощность переработки – до 20 тонн пластиковых отходов в сутки;
– Производство готовой продукции – до 7 000 тонн в год;
– Создание 67 постоянных рабочих мест;
– Развитие экспортного потенциала региона.
Технологический процесс включает три этапа: сортировку и очистку использованных пластиковых бутылок, производство флекса и его дальнейшую переработку в полиэфирное волокно. Полученная продукция будет использоваться как внутри предприятия для выпуска геосинтетических материалов, так и поставляться на зарубежные рынки.
Проект является наглядным примером внедрения принципов циркулярной экономики, когда отходы становятся ценным сырьевым ресурсом, а современные технологии способствуют одновременному решению экологических и экономических задач.
Проект реализуется при поддержке АО «Жасыл даму» за счет средств, аккумулированных в рамках механизма расширенных обязательств производителей.
