[:kz]Демалыстан кейін – тазалық: бірлескен жұмыстар Қазақстан табиғатын сақтауға қалай көмектеседі[:ru]После отдыха — чистота: как совместные усилия помогают сохранить природу Казахстана

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1245904?lang=kk 

Жылы маусымның келуімен Қазақстан тұрғындары бос уақытын табиғат аясында – демалыс орындарында, саябақтарда, өзен-көлдердің жағасында жиі өткізе бастайды. Пикник жасау, туристік сапарларға шығу және отбасымен демалу жаз мезгілінің ажырамас бөлігіне айналады. Алайда табиғатқа шығумен бірге демалыс орындарында қалатын қоқыс мәселесі де өзекті бола түседі.

Пластикалық бөтелкелер, пакеттер, бір реттік ыдыстар, шыны қалдықтар табиғаттың көркін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Кейбір қалдықтар ұзақ жылдар бойы жойылмай, топырақ пен су көздерін ластайды. Ал шыны бөтелкелер адамдар мен жануарларға қауіп төндіріп, ыстық күндері өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Табиғатты қорғау үлкен істерден емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Демалыстан кейін әр адам өзінен кейін қалған қоқысты жинап, арнайы орындарға тастауы керек. Бұл – табиғатқа деген құрметтің және азаматтық жауапкершіліктің белгісі.

Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында аумақтық экология департаменттері тұрақты жұмыстар атқарып келеді. Мамандар тұрғындармен кездесулер өткізіп, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды дұрыс басқару және табиғатты ластамау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар мектептер мен жоғары оқу орындарында дәрістер өткізіліп, экологиялық акциялар мен түрлі қоғамдық іс-шараларға қатысады.

Халықпен ақпараттық жұмыстар жүргізу барысында мамандар табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын түсіндіріп, экологиялық талаптарды сақтау қажеттігін айтады. Сондай-ақ қоршаған ортаны ластаған жағдайда заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Бұл жұмыстар волонтерлермен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылады.

Экологиялық мәдениетті арттыруда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасының маңызы зор. Бұл бастама аясында мемлекеттік органдар, ұйымдар және белсенді азаматтар бірігіп, елді мекендерді тазарту, заңсыз қоқыс орындарын жою және табиғи аумақтарды қорғау бағытында жұмыстар жүргізуде.

Қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге Ішкі істер министрлігі де атсалысып келеді. Полиция қызметкерлері Экология департаменттерінің қызметкерлерімен рейдтер өткізіп, қоғамдық орындарды ластау, абаттандыру талаптарын бұзу фактілерін анықтайды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізеді.

Табиғатты ластағаны үшін тек экологиялық зиян емес, заң алдында жауапкершілік те қарастырылған. Қазақстан заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды, саябақтарды, су айдындарын және басқа да аумақтарды ластаған азаматтарға айыппұл салынуы мүмкін.

ҚР ІІМ мәліметі бойынша, жыл басынан бері санитарлық және экологиялық талаптарды бұзуға байланысты 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Заңсыз қоқыс орындарын жою жұмыстары да тұрақты жүргізілуде. Бірлескен шаралар нәтижесінде 248 заңсыз қоқыс орны анықталып, тиісті органдарға жолданған материалдар негізінде 153 қоқыс орны жойылды. Бұл жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда экологиялық тәртіпті бақылау үшін еліміз бойынша 8 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылып, 1,4 мыңға жуық мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Олардың мақсаты – тек заң бұзушылықтарды анықтау емес, сонымен қатар алдын алу жұмыстарын жүргізіп, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру.

Таза қоршаған орта – әр адамның күнделікті жауапкершілігінің нәтижесі. Табиғатта тәртіп сақтау, экологиялық акцияларға қатысу және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау арқылы Қазақстанның әсем табиғатын сақтап, болашақ ұрпаққа қолайлы орта қалдыра аламыз.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1245904?lang=ru

С наступлением теплого сезона жители Казахстана все чаще проводят свободное время на природе — в лесах, парках, на берегах рек и озер. Пикники, туристические походы и семейный отдых становятся неотъемлемой частью летнего периода. Однако вместе с этим возрастает и количество бытовых отходов, оставляемых в местах отдыха.

Пластиковые бутылки, пакеты, одноразовая посуда, стеклянная тара и другой мусор не только портят внешний вид природных территорий, но и наносят серьезный ущерб окружающей среде. Пластиковые отходы разлагаются сотни лет, загрязняя почву и водоемы, стеклянные бутылки могут стать причиной травмирования людей и животных, а также источником лесных и степных пожаров в жаркую погоду.

Сохранение чистоты природы начинается с ответственности каждого человека. Все, что было привезено на место отдыха, необходимо забрать с собой и утилизировать в специально предназначенных местах. Именно такие простые действия позволяют сохранить природные территории для будущих поколений.

Большую работу по формированию экологической культуры населения проводят территориальные департаменты экологии. На постоянной основе специалисты организуют разъяснительные мероприятия среди жителей, проводят экологические акции, открытые уроки и лекции в школах и высших учебных заведениях, участвуют в круглых столах, встречах с общественностью и представителями бизнеса.

Особое внимание уделяется информационно-разъяснительной работе с населением. Сотрудники департаментов рассказывают о необходимости бережного отношения к окружающей среде, правильного обращения с отходами, соблюдения требований природоохранного законодательства, а также информируют граждан об ответственности за загрязнение окружающей среды. Кроме того, специалисты активно взаимодействуют с волонтерами, общественными организациями и местными исполнительными органами, поддерживая проведение экологических субботников и акций по очистке природных территорий.

Важной частью этой работы является реализация республиканской экологической программы «Таза Қазақстан», которая объединяет государственные органы, общественные организации и неравнодушных граждан. Благодаря совместным усилиям повышается экологическая культура общества, ликвидируются несанкционированные свалки и улучшается санитарное состояние населенных пунктов.

Свой вклад в обеспечение экологического порядка вносит и Министерство внутренних дел Республики Казахстан. Сотрудники полиции совместно с Департаментами экологии проводят рейдовые мероприятия, выявляют нарушения правил благоустройства и факты загрязнения общественных мест, принимают меры в отношении нарушителей и участвуют в профилактической работе с населением. Особое внимание уделяется выявлению и ликвидации стихийных свалок, а также предупреждению повторных нарушений.

Важно помнить, что загрязнение окружающей среды влечет не только экологические последствия, но и административную ответственность. Законодательством Республики Казахстан предусмотрены штрафные санкции за загрязнение общественных мест, парков, водоемов и других территорий общего пользования.

По данным МВД РК с начала года в стране выявлено свыше 177 тысяч административных нарушений, связанных с несоблюдением санитарных и экологических требований.

Особое внимание уделяется борьбе со стихийными свалками, которые представляют серьезную угрозу для окружающей среды и здоровья граждан. В ходе совместной работы с государственными органами и экологическими службами выявлено 248 несанкционированных мест размещения отходов. По результатам проведенной работы в уполномоченные органы и департаменты экологии направлено 58 материалов для принятия соответствующих мер реагирования. Благодаря внесенным представлениям уже ликвидировано 153 стихийные свалки, что позволило значительно улучшить санитарное состояние ряда населенных пунктов.

Для обеспечения эффективного контроля и оперативного реагирования по всей стране задействовано более 8 тысяч сотрудников полиции и создано порядка 1,4 тысячи мобильных групп. Их деятельность направлена не только на выявление нарушений, но и на профилактику, формирование экологической культуры и повышение ответственности граждан за чистоту окружающей среды.

Чистая окружающая среда — это результат ежедневной ответственности каждого человека. Соблюдение элементарных правил поведения на природе, участие в экологических акциях и бережное отношение к природным ресурсам позволяют сохранить красоту Казахстана и обеспечить благоприятные условия для жизни будущих поколений.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх