[:kz]Жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және тұрақты пайдалану мәселелері бойынша заңға қол қойылды[:ru]Подписан закон по вопросам охраны, воспроизводства и устойчивого использования животного мира

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1244574?lang=kk

Мемлекет басшысы заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды (бұдан әрі – Заң).

Заңда көзделген түзетулер жануарлар дүниесін басқарудың заманауи ғылыми негізделген тәсілдерін енгізуге, саланы цифрландыруды дамытуға, жануарлар ресурстарын қорғау және молықтыру тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Құжат аясында жануарлар ресурстарын басқарудың бейімделмелі моделіне көшу, аңшылық шаруашылығында жануарларды өсіруді дамыту, жануарларды есепке алу бойынша есептілікті цифрландыру, электр беру желілерін құстарды қорғау құрылғыларымен міндетті түрде жабдықтау, сондай-ақ әуесқойлық аң аулау кезінде жылу бейнелеуіштерді, түнгі көру құрылғыларын және ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға тыйым салу қарастырылған.

Сондай-ақ, Заң жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Атап айтқанда, айыппұл мөлшері, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамауға алу, бас бостандығын шектеу және айыру мерзімдері, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру мерзімдері ұлғайтылады.

Ұсынылып отырған нормаларды іске асыру жануарлар дүниесін қорғау тиімділігін арттыруға, биоалуантүрлілікті сақтауды қамтамасыз етуге және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға жағдай жасауға мүмкіндік береді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1244574?lang=ru

Главой государства подписан ЗаконРеспублики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам животного мира, лесного и охотничьего хозяйства и предпринимательства» (далее – Закон), инициированный в порядке законодательной инициативы.

Поправки, предусмотренные Законом, направлены на внедрение современных научно обоснованных подходов к управлению животным миром, развитие цифровизации отрасли, совершенствование механизмов охраны и воспроизводства животных ресурсов, а также усиление ответственности за нарушения природоохранного законодательства.

Документом предусматриваются переход к адаптивной модели управления животными ресурсами, развитие дичеразведения, цифровизация отчетности учета животных, обязательное оснащение линий электропередачи птицезащитнымиустройствами, а также запрет использования тепловизоров, приборов ночного видения и беспилотных летательных аппаратов при любительской охоте.

Законом также предусматривается усиление административной и уголовной ответственности за жестокое обращение с животными. В частности, увеличиваются размеры штрафов, сроки общественных работ, ареста, ограничения и лишения свободы, а также сроки лишения права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью.

Реализация предлагаемых норм позволит повысить эффективность охраны животного мира, обеспечить сохранение биоразнообразия и создать условия для устойчивого использования природных ресурсов.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх