[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1238739?lang=kk
Солтүстік Тянь-Шаньның асқақ шыңдарына көз салсаңыз, аспанмен тілдескен мұзарт таулар мен әсем табиғат әлемі алдыңыздан шығады. Осы биіктік пен сұлулықтың жүрегінде табиғаттың қазынасын мәңгі сақтап келе жатқан ерекше мекен бар – ол Алматы мемлекеттік табиғи қорығы.
Бұл қорық 1931 жылы құрылған. Содан бері ол табиғаттың байлығын, өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігін, қарлы шыңдар мен мөлдір бұлақтардың көркін өз қалпында қорғап келеді. Алматы қорығы – тек қана табиғатты қорғау аумағы емес, бұл – ата-бабадан қалған асыл аманат, болашақ ұрпаққа жолданған табиғат сыйы.
Қорықтың аумағы – 71 700 гектар. Биіктік 1200 метрден басталып, Талғар шыңына дейін, яғни 5017 метрге дейін көтеріледі. Ауданда 160 мұздық бар, оның ішінде Корженевский, Шокальский және Богатырь мұздықтары. Осы мұздықтардан бастау алған көшпелі өзендер – Талғар, Есік, Шелек – тау шатқалдарына қарай ағып кетеді. Шатқалдардың ішінде жасырынған әсем көлдер бар – Есік, Бозкөл, Ақкөл, Мұзкөл. Әсіресе Есік көлі мөлдір суымен және табиғи әсемдігімен ерекшеленеді.
Табиғат қорығы барлық биіктік белдеулерді қамтиды. Төменде – жапырақты ормандар, одан жоғары – шыршалы ормандар, кейін – альп‑және субальп шалғындар, ең соңында – мәңгі қар басқан тас шыңдар. Әр белдеу – өзінше бір әлем, өзінше бір тіршілік мекені.
Өсімдік әлемі таң қалдырады: 1440‑тан астам өсімдік түрі, олардың 29‑ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың қатарында – Островский тюльпаны, Альберт ирисі, Недзвецкий алма ағашы және аңызға айналған Сиверс алма ағашы – қазіргі алма сорттарының ата‑бабасы. Осы өңірде 14 реликт және 18 эндемик өсімдік түрі сақталған – олар тек осы жерде кездеседі, әлемнің басқа бөлігінде жоқ.
Жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Қорықта 1100‑ден астам жануар түрі мекендейді, олардың ішінде – 41 сүтқоректі түрі, оның төртеуі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген: Қайсарлықтың иесі – қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, Түркістан сілеусіні мен тас сусары осы өңірдің асқақ табиғатын толықтырады. Таутекелер тік шыңдарды еркін кезсе, еліктер мен маралдар жасыл алқаптарды сәндейді.
Құстар әлемі – қорықтың әуезді үні. Мұнда 177 құс түрі бар, оның 12-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың ішінде – беркут, сақалтай, орақтұмсық және көк құс бар. Қорықта мекендейтін 2000-ға жуық жәндік түрі – көбелектер, қоңыздар, аралар мен құмырсқалар – экожүйедегі тіршіліктің нәзік тепе-теңдігін сақтауға ықпал етеді.
2020 жылы Алматы мемлекеттік табиғи қорығы өзінің бірегей рельефі, əсем табиғаты мен бай биоəртүрлілігінің арқасында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтары қатарына енді. Бұл – қазақстандық табиғаттың әлемдік деңгейде мойындалған асыл қазынасы.
Алматы қорығы – асқақ шыңдар әуені, мөлдір көлдер жыры, орман мен даланың табиғи үндестігі. Ол – табиғаттың жүрегінен туған мәңгілік ән, халқымыздың болашаққа қалдырған аманаты.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1238739?lang=ru
Если поднять взгляд к вершинам Северного Тянь-Шаня, перед вами откроется величественный мир – ледяные пики, стремительные реки и нетронутая природа.
В самом сердце этих гор раскинулся уникальный уголок – Алматинский государственный природный заповедник.
Этот заповедник основан в 1931 году. С тех пор он сохраняет природное богатство региона: разнообразие растений и животных, красоту снежных вершин и прозрачных горных ручьёв. Алматинский заповедник — это не просто охраняемая территория, это драгоценное наследие от предков, природный дар, предназначенный для будущих поколений.
Площадь заповедника – 71 700 гектаров. Высоты здесь варьируются от 1200 до 5017 метров над уровнем моря, вплоть до вершины пика Талгар.
На территории находятся 160 ледников, включая Корженевского, Шокальского и Богатыря. Именно отсюда берут начало бурные горные реки – Талғар, Есік, Шелек.
В ущельях спрятались живописные озёра – Есік, Бозкөл, Ақкөл и Мұзкөл. Особенно выделяется Есікское озеро, прославившееся своей кристальной водой и природной красотой.
Природа заповедника охватывает все высотные пояса. У подножия – лиственные леса, выше – ельники, затем – альпийские и субальпийские луга, а ещё выше – каменистые вершины, покрытые вечными снегами. Каждый пояс – это отдельный мир со своей жизнью, климатом и обитателями.
Растительный мир заповедника чрезвычайно богат: более 1440 видов растений, из которых 29 занесены в Красную книгу Казахстана. Среди них – тюльпан Островского, ирис Альберта, яблоня Недзвецкого и легендарная яблоня Сиверса – предок всех современных сортов яблок. Здесь сохранились 14 реликтовых и 18 эндемичных видов – они встречаются только в этом регионе и нигде больше на планете.
Животный мир также отличается большим разнообразием. В заповеднике обитает свыше 1100 видов животных, среди них – 41 вид млекопитающих, из которых 4 вида занесены в Красную книгу Казахстана: это снежный барс – символ Алматинского заповедника, тянь-шаньский бурый медведь, туркестанская рысь и каменная куница. На склонах можно встретить горный козлов, а на высокогорных лугах – маралов и косуль.
Мир птиц – это мелодия заповедника. Здесь обитает 177 видов, из которых 12 внесены в Красную книгу Казахстана. Среди них – беркут, бородач, серпоклюв и синяя птица. В заповеднике также обитает около 2000 видов насекомых — бабочки, жуки, пчёлы и муравьи – они поддерживают равновесие жизни в экосистеме.
В 2020 году Алматинский заповедник вошёл в список биосферных резерватов ЮНЕСКО – за уникальный ландшафт, богатое биоразнообразие и научную ценность. Это международное признание подчёркивает его значение не только для Казахстана, но и для всего мира.
Алматинский заповедник — живое сердце природы, отражение величия гор, чистоты рек и глубины лесов. Он символизирует красоту, силу и гармонию, которую мы обязаны сохранить для будущих поколений.
