[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1235969?lang=kk
6 маусым күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесіп аумақты санитарлық тазарту және ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізді.
Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен волонтерлер қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар аумақты санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, 100-ден астам ағаш көшетін отырғызды. Олардың қатарында қарағай, шырша, алмұрт және шетен ағаштары бар. Отырғызылған көшеттер елорданы көгалдандыруға және қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қосады.
Осындай экологиялық акцияларды өткізу қоршаған ортаны сақтау және орнықты даму мәселелерінде мемлекет, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам күш-жігерін біріктіруге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі акцияға қатысқан барлық азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы мен табиғатты сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1235969?lang=ru
июня 2026 года Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан совместно с Представительством UNICEF в Казахстане провели экологическую акцию по санитарной очистке территории и посадке деревьев.
В мероприятии приняли участие представители Министерства экологии и природных ресурсов, депутаты Парламента Республики Казахстан, сотрудники государственных органов, представители международных организаций, волонтеры.
Основной целью акции стало повышение экологической культуры, привлечение внимания к вопросам охраны окружающей среды и формирование бережного отношения к природе.
В ходе мероприятия участники провели санитарную очистку территории и высадили более 100 саженцев деревьев, в том числе сосны, ели, груши и рябины. Посаженные деревья внесут вклад в озеленение столицы и улучшение экологической обстановки города.
Проведение подобных экологических акций способствует объединению усилий государства, международных организаций и гражданского общества в вопросах сохранения окружающей среды и устойчивого развития.
