[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234956?lang=ru
Самарқанд қаласында өтіп жатқан Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) 8-ші Ассамблеясының пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеме жасады.
Өз сөзінде Министр Орталық Азия елдерінің климаттың өзгеру салдарларына ерекше осал екенін атап өтті. Атап айтқанда, мұздықтардың еруі, жердің тозуы, су ресурстарының тапшылығы және биоалуантүрліліктің азаюы сияқты өзекті мәселелерге назар аударылды. Осы орайда өңірдің ортақ экологиялық сын-қатерлерін шешу үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Қазақстан делегациясының басшысы еліміздің халықаралық экологиялық міндеттемелерді орындауға бейілділігін растады және ЖЭҚ-9 жаңа циклі аясындағы басым бағыттарды белгіледі. Олардың қатарында биоалуантүрлілікті сақтау, қалдықтар мен химиялық заттарды басқару саласындағы жобаларды дамыту, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстары бойынша ынтымақтастықты кеңейту бар.
Сонымен қатар, Қазақстандағы ЖЭҚ жобаларының жаңа портфелін қалыптастыруға және Орталық Азияның климаттық тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ Арал өңірінің экожүйелерін қалпына келтіруге бағытталған өңірлік бастамаларды дамытуға ерекше назар аударылды.
Министр Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге аз уақыт қалғанын атап өтіп, халықаралық қауымдастықты қабылданған шешімдерді іс жүзінде жүзеге асыруға, инвестицияларды кеңейтуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге шоғырлануға шақырды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234956?lang=ru
Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев выступил с заявлением на пленарной сессии 8-й Ассамблеи Глобального экологического фонда (ГЭФ).
В своем выступлении министр отметил особую уязвимость стран Центральной Азии к последствиям изменения климата, включая таяние ледников, деградацию земель, дефицит водных ресурсов и утрату биоразнообразия. Подчеркнута важность укрепления международного сотрудничества для решения общих экологических вызовов региона.
Глава казахстанской делегации подтвердил приверженность Казахстана выполнению международных экологических обязательств и обозначил приоритеты страны в рамках нового цикла ГЭФ-9, включая сохранение биоразнообразия, развитие проектов в сфере управления отходами и химическими веществами, а также расширение сотрудничества по вопросам трансграничных водных ресурсов.
Особое внимание было уделено формированию нового портфеля проектов ГЭФ в Казахстане и развитию региональных инициатив, направленных на повышение климатической устойчивости Центральной Азии и восстановление экосистем Приаралья.
Министр подчеркнул, что до достижения Целей устойчивого развития остается менее пяти лет, и призвал международное сообщество сосредоточиться на практической реализации уже принятых решений, масштабировании инвестиций и достижении конкретных результатов.
