[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234427?lang=kk
Жаһандық экологиялық қордың 8-ші Ассамблеясы аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар жөніндегі Рамсар конвенциясының Атқарушы хатшысы Мусонда Мумба ханыммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Рамсар конвенциясының Хатшылығы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктері талқыланды. Атап айтқанда, ұлттық және өңірлік бастамаларды ілгерілету, трансшекаралық сулы-батпақты алқаптар, экологиялық дәліздер мен құстардың көші-қон жолдарына қатысты жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ маңызды экожүйелер мен сулы-батпақты алқаптарды сақтау мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, БАӘ астанасында өтетін БҰҰ-ның Су ресурстары жөніндегі конференциясы алаңында Халықаралық су ұйымын құру бастамасы аясында су ресурстарын тұрақты басқару мәселелері бойынша диалогты жалғастыру ұсынылды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234427?lang=ru
На полях 8-ой Ассамблеи ГЭФ состоялась встреча Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Е. Нысанбаева с Исполнителем секретарем Рамсарской конвенции по водно-болотным угодьям международного значения г-жой Мусондой Мумбой.
В ходе встречи обсуждены возможности дальнейшего укрепления сотрудничества между Казахстаном и Секретариатом Рамсарской конвенции. В частности, по вопросам продвижения национальных и региональных инициатив, проектов по трансграничным водно-болотным угодьям, экологическим коридорам, миграционным путям и сохранению ключевых экосистем
сохранения водно-болотных угодий.
Также предложено продолжить диалог устойчивого управления водными ресурсами в контексте создания Международной организации по воде на полях Конференции ООН по водным ресурсам в столице ОАЭ.
