[:kz]Самарқандта ГФК-ны қысқарту және орнықты салқындатуды дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаға старт берілді[:ru]В Самарканде дан старт региональной программе по сокращению ГФУ и развитию устойчивого охлаждения

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234239?lang=kk

Самарқанд қаласында өткен Жаһандық экологиялық қордың 8-ші Ассамблеясы аясында БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО) Өзбекстан, Қазақстан, Әзербайжан және Украина арасындағы гидрофторкөміртектерді (ГФК) кезең-кезеңімен қысқарту және орнықты салқындату жүйелерін дамыту жөніндегі ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасын іске қосуға арналған жоғары деңгейдегі іс-шара өткізді. Іс-шараға өңір елдерінің үкімет өкілдері, халықаралық ұйымдар мен жеке сектор өкілдері қатысты.

Талқылау барысында өңір елдерінің алдында тұрған негізгі сын-қатерлер қарастырылды. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, білікті кадрларды даярлау, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту және салқындату секторына инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар, өңірлік тәжірибе алмасудың маңыздылығы мен табиғи хладагенттерге негізделген технологияларды және энергия тиімді инфрақұрылымды ілгерілетудегі жеке сектордың рөлі ерекше атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар саясат, инвестициялар және әлеуетті арттыру салаларындағы бірлескен бастамаларды дамытуға дайын екендіктерін растады. Сондай-ақ олар Green Cooling Transition Accelerator бағдарламасының іске қосылуын өңірде орнықты салқындатуды қолдаудың маңызды тетігі ретінде құптады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234239?lang=ru

В рамках 8-ой Ассамблеи Глобального экологического фондав Самарканде состоялось мероприятие высокого уровня ЮНИДО, посвященное запуску рамочной программы сотрудничества между Узбекистаном, Казахстаном, Азербайджаном и Украиной по поэтапному сокращению гидрофторуглеродов (ГФУ) и развитию устойчивого охлаждения. В мероприятии приняли участие представители правительств стран региона, международных организаций и частного сектора.

В ходе дискуссии рассмотрены ключевые вызовы, стоящие перед странами региона, включая необходимость модернизации нормативно-правовой базы, подготовки квалифицированных кадров, расширения доступа к финансированию и внедрения инновационных решений в секторе охлаждения. Особое внимание было уделено обмену региональным опытом и роли частного сектора в продвижении технологий на основе природных хладагентов и энергоэффективной инфраструктуры.

По итогам мероприятия стороны подтвердили готовность развивать совместные инициативы в области политики, инвестиций и наращивания потенциала, а также приветствовали запуск программы Green Cooling Transition Accelerator как важного механизма поддержки устойчивого охлаждения в регионе.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх