[:kz]Отбасы күні[:ru]День семьи

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1221699?lang=kk

Халықаралық отбасы күніне орай ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқарушы Дастан Шименбаевтың және ҚР Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдыкованың  ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өткізілді. Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында отбасы институтын нығайтуға, тәрбие саласындағы өзекті сын-қатерлердің алдын алуға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталды.

Жиын аясында қатысушылар үшін мазмұнды сараптамалық пікір алмасу ұйымдастырылып, негізгі үш бағыт бойынша өзекті мәселелер қамтылды. Алғашқы болып сөз алған «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының бөлім басшысы Бексултанова Нагима Эсенбаевна отбасындағы психологиялық ахуалдың маңыздылығына назар аударды.

Одан әрі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің бас сарапшысы Калабаева Миргуль Сатбаевна сөз алып, деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу бағытындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Баяндамашы қоғамда зайырлы қағидаттарды нығайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін теріс идеологиялық ықпалдан қорғау қажеттігін ерекше атап өтті.

Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер, оның ішінде ажырасу деңгейінің артуы, лудомания, нашақорлық және жасөспірімдер арасындағы суицид тақырыптары қозғалды. Қатысушылар аталған бағыттар бойынша пікір алмасып, олардың алдын алу тетіктері мен отбасы құндылықтарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық және тәрбиелік мәдениетті арттырудың өзектілігі айқындалды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1221699?lang=ru

В честь Международного дня семьи по инициативе исполняющего обязанности Уполномоченного по этике Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Дастана Шименбаева и Уполномоченного по этике Министерства юстиции Республики Казахстан Алмы Сыдыковой был проведён семинар для государственных служащих. Мероприятие было направлено на укрепление института семьи среди государственных служащих, профилактику актуальных вызовов в сфере воспитания, а также повышение правовой культуры.

В рамках встречи для участников была организована содержательная экспертная дискуссия, в ходе которой были рассмотрены актуальные вопросы по трём основным направлениям. Первой выступила руководитель отдела Центра поддержки института семьи «Жанұя» Нагима Эсенбаевна Бексултанова, которая акцентировала внимание на важности психологического климата в семье.

Далее выступила главный эксперт Комитета по делам религий Министерства культуры и информации Республики Казахстан Миргуль Сатбаевна Калабаева, осветившая актуальные вопросы профилактики распространения деструктивных религиозных течений. Спикер особо отметила необходимость укрепления светских принципов в обществе, а также защиты государственных служащих и членов их семей от негативного идеологического влияния.

В ходе мероприятия были затронуты актуальные проблемы современного общества, в том числе рост уровня разводов, лудомания, наркомания и суициды среди подростков. Участники обменялись мнениями по данным направлениям и подчеркнули важность профилактических мер и укрепления семейных ценностей. По итогам семинара была отмечена актуальность повышения правовой и воспитательной культуры среди государственных служащих.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх