[:kz]Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі БҰҰ-ның даму құқығы жөніндегі Арнайы баяндамашысымен кездесті[:ru]Вице-министр экологии и природных ресурсов Казахстана провел встречу со Специальным докладчиком ООН по праву на развитие

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1215653?lang=kk

6 мамыр күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаевтың БҰҰ-ның даму құқығы жөніндегі Арнайы баяндамашысы Сурия Дева мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және қолайлы қоршаған ортаға құқықты даму құқығының ажырамас бөлігі ретінде қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Вице-министр М.Т. Ошурбаев ағымдағы жылдың сәуір айында БҰҰ аясында өткен Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары туралы ақпарат берді. Саммит Орталық Азия мемлекеттерін, халықаралық ұйымдарды, қаржы институттарын, бизнес пен сарапшылар қауымдастығын біріктірген өңірдегі ірі диалог алаңына айналғаны атап өтілді.

Саммиттің қорытынды құжаттарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекет басшылары қабылдаған «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» декларациясы өңір елдерінің тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге саяси бейілділігін айқындағаны айтылды. Сонымен қатар БҰҰ-мен бірлесіп іске асырылатын 2026–2030 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасының бекітілгені атап өтілді.

Сондай-ақ Саммиттің практикалық нәтижелері туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, инвестициялық келісімдер мен стратегиялық әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылғаны, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен (ЮНЕП) бірлесіп Алматы қаласында Өңірлік экологиялық хаб құру, сондай-ақ «QaJET» энергетикалық көшу платформасын іске қосу мәселелері айтылды.

Ұлттық экологиялық бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халықты табиғатты қорғау қызметіне тартуға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Аумақтарды тазарту бойынша ауқымды акциялар өткізіліп, миллиондаған азаматтың қатысуы қамтамасыз етілгені атап өтілді.

Сонымен қатар 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарды айқындайтын «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі жаңартылған тұжырымдаманың іске асырылуы атап өтілді. Оның аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту, энергия тиімділігін арттыру, ластану деңгейін төмендету және қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру көзделген.

Кездесу барысында тараптар экологиялық шешімдерді әзірлеу және қабылдау үдерісіндегі қоғамның рөлі, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімдері, экологиялық мониторинг жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.

Экологиялық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, азаматтардың қатысуын кеңейту және экологиялық басқарудың ашықтығын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты даму және экологиялық құқықтарды қорғау саласында БҰҰ тетіктері аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдірді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1215653?lang=ru

6 мая 2026 года состоялась встреча вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан М.Т. Ошурбаева со Специальным докладчиком ООН по праву на развитие г-ном Сурия Дева. 

В ходе встречи стороны обсудили актуальные вопросы охраны окружающей среды, устойчивого развития и обеспечения права на благоприятную окружающую среду как неотъемлемой части права на развитие.

Вице-министр М.Т. Ошурбаев проинформировал о результатах проведения Регионального экологического саммита, состоявшегося в апреле текущего года под эгидой ООН. Отмечено, что Саммит стал крупнейшей региональной платформой, объединившей государства Центральной Азии, международные организации, финансовые институты, бизнес и экспертное сообщество.

Особое внимание уделено итоговым документам Саммита. В частности, подчеркнуто принятие Декларации глав государств Центральной Азии «Экологическая солидарность Центральной Азии», закрепившей политическую приверженность стран региона к углублению сотрудничества в области устойчивого развития. Также отмечено утверждение Программы действий на 2026-2030 годы, реализуемой совместно с ООН. 

Дополнительно проинформировано о практических результатах Саммита, включая подписание инвестиционных соглашений и меморандумов о стратегическом партнерстве, создание Регионального экологического хаба в г. Алматы совместно с ЮНЕП, а также запуск платформы энергетического перехода «QaJET».

Отдельное внимание уделено реализации национальных экологических инициатив. В частности, проинформировано о проводимых мероприятиях в рамках инициативы «Таза Қазақстан», направленной на формирование экологической культуры и вовлечение населения в природоохранную деятельность. Отмечены достигнутые результаты, включая масштабные акции по очистке территорий и участие миллионов граждан.

Кроме того, подчеркнута реализация обновленной Концепции перехода к «зеленой» экономике, определяющей стратегические ориентиры до 2050 года, включая развитие возобновляемой энергетики, повышение энергоэффективности, снижение уровня загрязнения и развитие системы управления отходами.

В ходе встречи Стороны обсудили роль общественности в процессе выработки и принятия экологических решений, вопросы изменения климата, проведение процедур оценки воздействия на окружающую среду, развитие системы экологического мониторинга.

Подчеркнута важность обеспечения доступа к экологической информации, расширения участия граждан и повышения прозрачности экологического управления.

По итогам встречи стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества и укреплении взаимодействия в рамках механизмов ООН в области устойчивого развития и защиты экологических прав.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх