[:kz]Инфрақұрылымның орнықтылығын арттыруға арналған гранттар алу мүмкіндігі: италиялық NBS-IA бастамасы[:ru]Возможность получения грантов для повышения устойчивости инфраструктуры: итальянская инициатива NBS-IA

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207845?lang=kk

Өңірлік экологиялық саммит (ӨЭС-2026) аясында «Инфрақұрылымның орнықтылығын арттыруға арналған гранттар алу мүмкіндігі: италиялық NBS-IA бастамасы» атты сессия өтті.

Сессия Италия Үкіметі мен Италияның Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ бастаманы іске қосқан халықаралық серіктестердің қатысуымен ұйымдастырылды.

Сессия барысында бүгінгі таңда көлік, энергетика, су және қалалық инфрақұрылым сияқты стратегиялық маңызы бар нысандардың орнықтылығы елдердің ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуының негізгі факторларының біріне айналғаны атап өтілді.

Орталық Азия өңірі үшін бұл мәселе ерекше маңызға ие. Географиялық және климаттық ерекшеліктерге байланысты өңірде қазірдің өзінде күшейіп келе жатқан тәуекелдер байқалуда: мұздықтардың еруі, су ресурстарының тапшылығы, құрғақшылық пен су тасқындарының жиілеуі, сондай-ақ жердің тозуы. Бұл үдерістер инфрақұрылымның жұмыс істеуіне тікелей әсер етіп, оның осалдығын арттырып, экономикалық шығындарды көбейтеді.

Осындай жағдайда тек туындаған мәселелерге жедел әрекет ету ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымның ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз ететін алдын ала, жүйелі шешімдер әзірлеу міндеті тұр.

NBS-IA бастамасы өңір үшін уақтылы әрі стратегиялық тұрғыдан маңызды құрал болып табылады.

Бұл бастаманың маңыздылығы тек табиғи-бағдарланған шешімдер тұжырымдамасын ілгерілетуде ғана емес, сонымен қатар оларды нақты іске асыру тетіктерін қалыптастыруда. Атап айтқанда, гранттық қаржыландырудан бастап жобаларды техникалық сүйемелдеуге дейінгі толық қолдау экожүйесін құру, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және шешім қабылдауға арналған талдамалық негіз қалыптастыру көзделген.

Ерекше атап өтілгендей, бастама инновациялық сипатымен қатар, практикалық тұрғыдан іске асыруға болатын, нақты нәтижесі бар жобаларды іріктеуге бағытталған. Бұл өңір елдерінде ауқымды түрде енгізуге болатын және жергілікті ерекшеліктерге бейімделетін шешімдердің пайда болуына мүмкіндік береді.

Орталық Азия үшін бұл инфрақұрылымның орнықтылығын арттырумен қатар, инвестиция тартуға, жергілікті сараптаманы дамытуға және табиғи ресурстарды басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Өңір елдері бұл бастаманы өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңызды элементі ретінде қарастырады. Елдер, халықаралық ұйымдар, ғылыми қауымдастық және бизнес арасындағы бірлескен жұмыс ауқымды сын-қатерлерге жауап беретін кешенді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.

NBS-IA бастамасын іске асыру өңірде табиғи-бағдарланған шешімдерді инфрақұрылымдық дамуға тиімді интеграциялаудың нақты үлгісіне айналатын табысты жобалар портфелін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Барлық күш-жігерді біріктіру арқылы ғана біз инфрақұрылымның орнықтылығын қамтамасыз етіп, оның климаттық өзгерістерге бейімделуін арттырып, елдеріміздің қауіпсіз әрі тұрақты дамуына жағдай жасай аламыз.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207845?lang=ru

На полях РЭС 2026 состоялась сессия «Возможность получения грантов для повышения устойчивости инфраструктуры: итальянская инициатива NBS-IA», посвященной возможностям получения грантов для повышения устойчивости инфраструктуры.

Сессия прошла при поддержке Правительства Италии и Министерству окружающей среды и энергетической безопасности Италии, которые запустили данную инициативу, а также международных партнёров.

Как было отмечено в ходе сессии , сегодня устойчивость критически важной инфраструктуры — транспортной, энергетической, водной и городской — становится одним из ключевых факторов стабильного и долгосрочного развития стран.

Для региона Центральной Азии этот вопрос имеет особое значение. В силу географических и климатических особенностей мы уже сталкиваемся с усиливающимися рисками — таянием ледников, дефицитом водных ресурсов, учащением засух, наводнений и процессов деградации земель. Эти явления оказывают прямое воздействие на функционирование инфраструктуры, повышая её уязвимость и увеличивая экономические издержки.

В этих условиях перед нами стоит задача не только реагировать на возникающие вызовы, но и формировать опережающие, системные решения, способные обеспечить устойчивость инфраструктуры в долгосрочной перспективе.

Инициатива NBS-IA является своевременным и стратегически важным инструментом для нашего региона.

Её значимость заключается не только в продвижении концепции природо-ориентированных решений, но и в создании конкретных механизмов их практической реализации. Речь идёт о формировании полноценной экосистемы поддержки — от грантового финансирования до технического сопровождения проектов, развития государственно-частного партнёрства и подготовки аналитической базы для принятия решений.

Особенно важно, что инициатива ориентирована на отбор и поддержку проектов, способных продемонстрировать как инновационность, так и операционную жизнеспособность. Это создаёт условия для появления масштабируемых решений, которые могут быть тиражированы в странах региона с учётом их специфики.

Для Центральной Азии это открывает принципиально новые возможности: как для повышения устойчивости инфраструктуры, так и для привлечения инвестиций, развития локальной экспертизы и внедрения современных подходов к управлению природными ресурсами.

Страны рассматривают данную инициативу как важный элемент укрепления регионального сотрудничества. Совместная работа стран, международных организаций, научного сообщества и бизнеса позволяет вырабатывать комплексные решения, отвечающие масштабам стоящих перед нами вызовов.

Реализация инициативы NBS-IA позволит сформировать в регионе портфель успешных проектов, которые станут практическим примером того, как природо-ориентированные решения могут быть эффективно интегрированы в инфраструктурное развитие.

Только объединяя наши усилия, мы сможем обеспечить устойчивость инфраструктуры, повысить её адаптацию к климатическим изменениям и создать условия для безопасного и устойчивого развития наших стран.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх