[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1205263?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев пен Жапонияның жаһандық экология мәселелері жөніндегі министрінің орынбасары Дои Кэнтароның кездесуі өтті.
Әңгіме барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстан тарапы Өңірлік экологиялық саммитке қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Қазақстан Жапониямен әріптестікті жоғары бағалайды және оны төмен көміртекті даму мен озық экологиялық технологияларды енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады.
Климаттың өзгеруі саласындағы екіжақты әріптестіктің негізгі байланыстырушы тетіктерінің бірі — Бірлескен кредиттеу тетігі (JCM) бойынша ынтымақтастық туралы меморандум болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниетін растады және өзекті экологиялық мәселелерді шешу бойынша одан әрі өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1205263?lang=ru
Сегодня состоялась встреча вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан М.Т. Ошурбаева с заместителем министра по глобальным вопросам экологии Японии Дои Кэнтаро
В ходе беседы стороны обсудили вопросы сотрудничества в области охраны окружающей среды и изменения климата. Казахстанская сторона выразила благодарность за участие в Региональном экологическом саммите.
Казахстан высоко ценит партнерство с Японией и рассматривает его как одно из приоритетных направлений международного взаимодействия в сфере низкоуглеродного развития и внедрения передовых экологических технологий.
Одним из основным связующим звеном нашего партнёрства в области изменения климата является меморандум о сотрудничестве по Механизму Совместного Кредитования (JCM).
По итогам встречи стороны подтвердили намерение укреплять двустороннее сотрудничество и выразили готовность к дальнейшему взаимодействию в решении актуальных экологических задач.
