[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1122964?lang=kk
БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі ассамблеясының 7-ші сессиясының алаңында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған «Теңіздер мен көлдердің тартылуы – ХХІ ғасырдың жаһандық апаты» тақырыбында сайд – ивент өтті.
Іс-шараға түрлі елдердің экологиялық ведомстволарының өкілдері, ЮНЕП, БҰҰ ЕЭК, Рамсар Конвенциясы Хатшылығының, Халықаралық Аралды құтқару қорының, қаржы институттарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының және сараптамалық қоғамдастықтың бірінші басшылары қатысты.
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНЕП атқарушы директоры Ингер Андерсен ханым өзекті жаһандық тақырып бойынша іс-шараны өткізу бойынша Қазақстанның көшбасшылығын атап өтті және елдің Арал және Каспий теңіздерін сақтау жөніндегі күш-жігеріне қолдау білдірді, сондай-ақ 2026 өңірлік экологиялық саммит өткізу жөніндегі бастаманы жоғары бағалады.
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Татьяна Молчан ханым Орталық Азиядағы су жағдайының бірегейлігін атап өтіп, БҰҰ ЕЭК-тің Сырдария бассейнін қалпына келтіру жобасын іске асыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Рамсар конвенциясының Бас хатшысы Мусонда Мумба ханым Арал маңындағы тұзды дауылдарға назар аударды және ағымдағы жылы сулы-батпақты жерлерге жаһандық шолудың басталғанын атап өтті. Су дағдарысы мен экожүйелердің деградациясының шешімдерінің бірі ретінде спутниктік мониторингті қоса алғанда, инновацияларды қолданудың маңыздылығы атап өтілді.
Панельдік талқылау барысында спикерлер Африка мен Орталық Азия теңіздері мен көлдерінің проблемаларына байланысты өңірлік сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді атап өтті. Су ресурстарын кешенді басқаруға және сулы-батпақты жерлерді қалпына келтіру, өзен бассейндеріндегі ормандарды қалпына келтіру сияқты табиғатқа бағытталған шешімдерге ерекше назар аударылды. Спикерлер трансшекаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттілігіне және саяси ерік-жігердің маңыздылығына назар аударды.
Бұл тұрғыда әртүрлі өңірлік және жаһандық алаңдарда су күн тәртібінің сабақтастығының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен, Франция Республикасының Қоршаған орта мәселелері жөніндегі елшісі Барбара Помпили ханым 2024 жылы Қазақстан мен Францияның тең төрағалығымен Сауд Арабиясында өткен One Water Summit қорытындыларымен бөлісті. Бұл іс-шара су ресурстарын басқарудың экожүйелік және климатқа бағытталған тәсілін ілгерілетудегі маңызды кезең болды. Саммит әлемнің 20 ғылыми институтынан, халықаралық ұйымдардан және ғарыш агенттіктерінен тұратын халықаралық коалицияның өзара іс-қимылына негізделген One Water vision бастамасын бастады.
Бұл сайд-ивент климаттық және экологиялық күн тәртібіндегі судың рөлін ілгерілетудегі, сондай-ақ БҰҰ-ның «Су ресурстары мен санитарияның бар болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету» орнықты дамуының алтыншы мақсатына қол жеткізудегі негізгі кезең болып табылады. Іс-шара БҰҰ-ның БАӘ-дегі 2026 жылғы су жөніндегі конференциясына және Қазақстандағы 2026 өңірлік экологиялық саммитіне стратегиялық көпір болды, онда Орталық Азия елдері климаттық және экологиялық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігерді шоғырландыруда.
Іс-шара соңында Қазақстан ЮНЕА-8-дегі су дағдарысын еңсеру жөнінде қарар әзірлеу жөнінде ұсыныс жасады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өңірлік экологиялық саммит өткізу жоспарланып отыр, онда Орталық Азия елдерінің экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары талқыланады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1122964?lang=ru
На полях 7-ой сессии Ассамблеи ООН по окружающей среде состоялся сайд-ивент на тему «Высыхание морей и озер – глобальная катастрофа XXI века», организованный Министерством экологии и природных ресурсов РК.
В мероприятии приняли участие представители экологических ведомств различных стран, первые руководители ЮНЕП, ЕЭК ООН, Секретариата Рамсарской конвенции, Международного фонда спасения Арала, финансовых институтов, научно-исследовательских центров и экспертного сообщества.
Заместитель Генерального секретаря ООН, исполнительный директор ЮНЕП г-жа Ингер Андерсен отметила лидерство Казахстана по проведению мероприятия по актуальной глобальной теме и выразила поддержку усилиям страны по сохранению Аральского и Каспийского морей, а также высоко оценила инициативу по проведению Регионального экологического саммита 2026.
Заместитель Генерального секретаря ООН, Исполнительный секретарь ЕЭК ООН г-жа Татьяна Молчан отметила уникальность водной ситуации в Центральной Азии и поделилась опытом ЕЭК ООН по реализации проекта по восстановлению бассейна Сырдарьи.
Генеральный секретарь Рамсарской конвенции г-жа Мусонда Мумба акцентировала внимание на солевых бурях в Приаралье и отметила запуск в текущем году Глобального обзора по водно-болотным угодьям. В качестве одного из решений водного кризиса и деградации экосистем подчеркнута важность применения инноваций, включая спутниковый мониторинг.
В ходе панельной дискуссии спикерами были подчеркнуты региональные вызовы и возможности, связанные с проблемами морей и озер Африки и Центральной Азии. Особое внимание было уделено комплексному управлению водными ресурсами и природоориентированным решениям, таким как восстановление водно-болотных угодий, лесовосстановление в речных бассейнах. Спикеры акцентировали внимание на необходимости усиления трансграничного сотрудничества и важности политической воли.
В данном контексте отмечена важность преемственности водной повестки на различных региональных и глобальных площадках. Так, г-жа Барбара Помпили, Посол по вопросам окружающей среды Французской Республики, поделилась итогами One Water Summit, состоявшегося в 2024 году в Саудовской Аравии при сопредседательстве Казахстана и Франции. Это мероприятие стало важной вехой в продвижении экосистемного и климатоориентированного подхода к управлению водными ресурсами. Саммит дал начало инициативе One Water Vision, основанной на взаимодействии международной коалиции из 20 научных институтов мира, международных организаций и космических агентств.
Данный сайд-ивент является ключевым этапом в продвижении роли воды в климатической и экологической повестке, а также в достижении шестой цели устойчивого развития ООН «Обеспечение наличия и рационального использования водных ресурсов и санитарии для всех». Мероприятие стало стратегическим мостом к Конференции ООН по воде 2026 года в ОАЭ и Региональному экологическому саммиту 2026 в Казахстане, на котором страны Центральной Азии консолидируют усилия по противодействию климатическим и экологическим угрозам.
В завершении мероприятия Казахстан выступил с предложением по разработке резолюции по преодолению водного кризиса на ЮНЕА-8.
Как сообщалось ранее, 22-24 апреля 2026 года в Астане планируется проведение Регионального экологического саммита, где будут обсуждаться экологические проблемы стран Центральной Азии и пути их решения.
