[:kz]Арал теңізінің құрғаған табанында сексеуілдің күзгі отырғызу жұмыстары басталды[:ru]Началась осенняя посадка саксаула на осушенном дне Аральского моря

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1105757?lang=kk

Арал теңізінің құрғаған табанында (АТҚТ) орман-мелиорациялық жұмыстардың күзгі кезеңі басталды. Аталған жұмыстар Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін 1,1 млн гектар аумақта сексеуіл алқаптарын құру жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілуде.

Арал теңізінің құрғаған табанының ауданы 6 млн гектарды құрайды, оның 2,8 млн гектары Қазақстан аумағында орналасқан. Орман мелиорациялық іс-шаралар шаң әсерін азайтуға, тозған жерлерді қалпына келтіруге және орнықты экожүйелерді қалыптастыруға бағытталған.

2021 жылдан 2025 жылға дейін АТҚТ-да 792 мың га алқапта орман-мелиорациялық жұмыстар орындалды (2083,4 т. сексеуіл/галофит өсімдіктерінің тұқымдары және 48,7 млн. дана сексеуіл көшеттері отырғызылды), оның ішінде:

– 2021 жылы – 101 мың га;

– 2022 жылы – 250 мың га;

– 2023 жылы – 194 мың га;

– 2024 жылы – 127 мың га.

2025 жылы Орман шаруашылығы комитеті Арал теңізінің құрғаған табанында 340,9 мың гектар алқапта орман мелиорация жұмыстарын жүргізбек. Ағымдағы жылдың көктемінде 120 мың гектар алқапқа тұқым себіліп, 11,8 мың гектар жерге көшет отырғызылды.

Бұдан басқа, көктемде облыс деңгейінде орындалған 13 250 гектар (4 млн дана өсімдік) алқапта өсімдіктердің жерсінуі төмен жерлерде қосымша отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта облыс деңгейінде 100 мың гектар (102 млн дана) алқапта орман өсіру жұмыстары жүргізілуде, оның 15 мың гектары – сексеуіл көшеттерін отырғызу (4,5 млн дана).

Бүгінгі таңда орман шаруашылығының уақытша тұқымбақтарынан 4,3 млн сексеуіл көшеті (95,6%) қазылып, 8 мың гектар алқапта оларды отырғызу жұмыстары аяқталды.

Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жобаны іске асыру аясында  АТҚТ-да отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету үшін Қазалы қаласында ауданы 33 гектар тұқымбақтың құрылысы аяқталды. Жоба бойынша АТҚТ-да жылына 3 млн. дана көшет отырғызу үшін сексеуіл мен галофит бұталарының көшеттері өсірілетін болады.

Сондай-ақ, Министрлік ғылыми сүйемелдеумен Арал теңізінің  құрғаған табанында жаңа тұқымбақ құруды жоспарлады. Бұл тұқымбақтан алынатын көшеттер аридтік жағдайларға неғұрлым бейімделген болмақ, яғни отырғызу материалдарының сапасы артпақ.

Қазіргі уақытта тиісті жер таңдалып, онда ұңғыма бұрғыланды (тереңдігі 500,0 метр), контейнерлік модульдер дайын, жабдықтар сатып алынды. Тамшылатып суаруды қамтамасыз ету үшін тереңдігі 500 м ұңғымаларды бұрғылау аяқталды.

Орман екпелерін қорғау, көрсетілген жұмыстарды жалғастыру, биологиялық әртүрлілікті сақтау және дамыту үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жанынан «Арал орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесін құру жоспарлануда.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1105757?lang=ru

Начался осенний этап лесомелиоративных работ на осушенном дне Аральского моря (ОДАМ). Работы проводятся в рамках поручения Главы государства по созданию саксауловых насаждений на площади 1,1 млн гектаров до 2025 года.

Площадь осушенного дна Аральского моря составляет 6 млн гектаров, из которых 2,8 млн гектаров расположены на территории Казахстана. Лесомелиоративные мероприятия направлены на снижение пылевого воздействия, восстановление деградированных земель и формирование устойчивых экосистем.

С 2021 по 2025 на ОДАМ выполнены лесомелиоративные работы на площади 792 тыс. га (высеяно 2083,4 т. семян саксаула/галофитных растений и высажено 48,7 млн. шт. саженцев саксаула) в том числе:

– в 2021 году – 101 тыс. га;

– в 2022 году – 250 тыс. га;

– в 2023 году – 194 тыс. га;

– в 2024 году – 127 тыс. га.

В 2025 году Комитетом лесного хозяйства планируется проведение лесомелиоративных работ на площади 340,9 тыс. гектаров на осушенном дне Аральского моря. Весной текущего года осуществлён посев на площади 120 тыс. гектаров и посадка саженцев на 11,8 тыс. гектаров.

Кроме того, весной проведены дополнительные посадочные работы на участках с низкой приживаемостью растений – на площади 13 250 гектаров (4 млн штук растений), выполненные на областном уровне.

В настоящее время на уровне области ведутся работы по лесоразведению на площади 100 тыс. гектаров (102 млн штук), из них 15 тыс. гектаров – это посадка саженцев саксаула (4,5 млн штук).

На сегодняшний день из временных питомников лесного хозяйства выкопано 4,3 млн саженцев саксаула (95,6%), и на площади 8 тыс. гектаров завершены работы по их посадке.

Для обеспечения посадочным материалам работ на ОДАМ в рамках реализации проекта, финансируемого Всемирным банком, в городе Казалинск завершено строительство питомника площадью 33 гектара. По проекту будут выращиваться сеянцы саксаула и галофитных кустарников для дальнейшей посадки на ОДАМ мощность питомника 3 млн. шт сеянцев в год.

Также, Министерством, под научным сопровождением планируется создание нового лесного питомника непосредственно на осушенном дне. Получаемый на этом питомнике посадочный материал будет более адаптирован к аридным условиям осушенного дна, что повысит качество лесных культур.

Для охраны лесных насаждений, продолжения указанных работ, сохранения и развития биоразнообразия планируется создание Республиканского государственного учреждения «Государственный лесной природный резерват «Арал орманы» при Комитете лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх