[:kz]
https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/956449?lang=kk
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған «Таза Like» акциясы аясында қала мектептерінде өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өтуде. Акция №1 жалпы білім беру мектебінде, Қаныш Сәтбаев атындағы №7 лицейі мен №13 жалпы білім беру мектебінде экобокстар орнатудан басталды, онда оқушылар қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қоса отырып, қалдықтарды бөлек жинай алады.
Бастаманың мәні қарапайым, бірақ маңызды: балаларға қалдықтарды қалай дұрыс сұрыптау керектігі, сондай-ақ оны қайта өңдеудің маңыздылығы туралы айтылады. Экобокстарға назар аудара отырып, ұйымдастырушылар қайта өңдеуге дұрыс көзқарас қоршаған ортаның ластануын азайтуға ғана емес, сонымен қатар материалдарды қайта пайдалану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін еске салады.
««Taza Like» акциясы табиғатқа қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі. Бастауыш сыныптардан бастап біз экологияға жауапты болуды және планетамызды қорғауды үйрене аламыз. Бұл біздің еліміздің болашағы үшін маңызды және мұндай бағдарламалар әрқайсымызға қоршаған ортаны қорғаудағы өз рөлімізді түсінуге көмектеседі», – деді №1 жалпы білім беру мектебінің оқушы.
Бірақ оқушылар ғана емес, акцияның ересек қатысушылары да осындай іс-шаралардың маңыздылығына көз жеткізді. «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Кеңесбайұлы акцияға қатысу экологиялық сауаттылыққа маңызды қадам болатынына және болашақ ұрпаққа климаттың өзгеруі және биоәртүрліліктің жойылуы сияқты жаһандық экологиялық проблемаларға әкелетін қателіктерден аулақ болуға көмектесетініне сенім білдірді.
«Осы акцияның нәтижесінде біз оқушылардың экологиялық сауаттылық деңгейі артады деп күтеміз, ал олар өз кезегінде бұл білімді туыстары мен достарына айтады. Балаларға қалдықтарды сұрыптауды әдетке айналдыра отырып, біз қоғамымыздың тұрақты дамуына маңызды қадам жасаймыз. Алдағы уақытта Жезқазғанның басқа мемлекеттік мектептерінде экобокстар орнату жоспарлануда», – деді Нұржан Кеңесбайұлы.
Бұдан басқа, «Жасыл даму» АҚ әзірлеген «EcoQolday» мобильді қосымшасы арқылы оқушылар экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлестерін қоса отырып, сұрыпталған қалдықтарды уақтылы тапсыруға мүмкіндік алады. Бұл қосымша пайдаланушыларға сұрыпталған қалдықтарды жинаушыларға әрі қарай қайта өңдеу үшін ыңғайлы және жылдам беруге мүмкіндік береді, қоршаған ортаны сақтауға және ресурстарға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар бұл акция өмір бойы қайта өңдеу және тұрақты тұтыну идеяларын қолдайтын экологиялық жауапты азаматтарды біріктіругекөмектесетініне сенімді. Экобокстарды орнату және мектептерде білім беру іс-шараларын өткізу планета үшін оң өзгерістердің бір бөлігі болады.
[:ru]
https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/956449?lang=ru
В рамках акции «Таза Like», организованной при поддержке Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан и АО «Жасыл даму», в школах города проходят мероприятия, направленные на формирование экологической культуры у подрастающего поколения. Акция стартовала с установки экобоксов в общей образовательной школе№1, лицее №7 имени Каныша Сатпаева и общей образовательной школе №13, где школьники теперь смогут раздельно собирать отходы, внося свой вклад в сохранение окружающей среды.
Суть инициативы проста, но значима: ребятам рассказывают, как правильно сортировать отходы, а также о важности его переработки. Привлекая внимание к экобоксам, организаторы напоминают, что правильный подход к переработке не только помогает снизить загрязнение окружающей среды, но и способствует формированию культуры повторного использования материалов.
«Акция «Таза Like» помогает нам понять, как важно заботиться о природе. Уже с младших классов мы можем учиться быть ответственными за экологию и беречь нашу планету. Это важно для будущего нашей страны, и такие программы помогают каждому из нас осознать свою роль в сохранении окружающей среды», –поделился своим мнением школьник общей образовательной школы №1.
Но не только школьники, но и взрослые участники акции убедились в важности таких мероприятий. Нуржан Кенесбаевич, Заместитель Председателя Правления АО «Жасыл даму», выразил уверенность, что участие в акции станет важным шагом к экологической грамотности и поможет будущим поколениям избежать ошибок, ведущих к глобальным экологическим проблемам, таким как изменение климата и исчезновение биоразнообразия.
«В результате этой акции мы ожидаем, что у школьников повысится уровень экологической грамотности, а они в свою очередь передадут эти знания своим родным и друзьям. Привив детям привычку сортировать отходы, мы делаем важный шаг на пути к устойчивому развитию нашего общества. В дальнейшем планируется установка экобоксов и в других государственных школах Жезказгана», — отметил Нуржан Кенесбаевич.
Кроме того, через мобильное приложение «EcoQolday», разработанное АО «Жасыл даму», школьники получат возможность своевременно сдавать отсортированные отходы, внося свой вклад в улучшение экологической ситуации. Это приложение позволяет пользователям удобно и быстро передавать отсортированные отходы сборщикам для дальнейшей переработки, содействуя сохранению окружающей среды и формированию культуры ответственного отношения к ресурсам.
Организаторы уверены, что эта акция поможет объеденению экологически ответственных граждан, которые будут поддерживать идеи переработки и устойчивого потребления на протяжении всей своей жизни. Установка экобоксов и проведение образовательных мероприятий в школах станет частью позитивных изменений для планеты.
