[:kz]ҚР ЭТРМ өкілдері Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіруге бағытталған жобаны талқылау аясында Дүниежүзілік банк және UNOPS өкілдерімен онлайн кездесті[:ru]Представители МЭПР РК приняли участие в онлайн-встрече с представителями Всемирного банка и UNOPS в рамках обсуждения проекта, направленного на восстановление экосистемы Каспийского моря

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/919168?lang=kk

2025 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Дүниежүзілік банк және БҰҰ жобаларды басқару басқармасы (UNOPS) өкілдері арасында «Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру: ластануды басқару және биоәртүрлілікті сақтау әлеуетін арттыру» («Blueing the Caspian Sea: Building Capacities for Pollution Management and Biodiversity Conservation») жобасының ұлттық компоненттерін бекіту бойынша онлайн кездесу өтті. Аталған жоба Жаһандық экологиялық қордың гранттық қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Кездесуге Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің, «Қазгидромет» РМК және Халықаралық су ресурстарын бағалау орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жобаның ұлттық компоненттерін, көрсеткіштерін және күтілетін нәтижелерді бағалау әдістерін егжей-тегжейлі талқылады. Қазақстан тарапы Каспий теңізінің экологиялық және гидрологиялық мониторинг жүйелерін жетілдірудің, Каспий маңы елдері арасындағы ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың, сондай-ақ Каспий итбалығы популяциясын сақтау бойынша бірлескен жұмыстар жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Бұл жоба үш Каспий маңы елінде (Әзербайжан, Қазақстан, Түрікменстан) жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр, жалпы бюджеті шамамен 12 млн АҚШ долларын құрайды. Жобаны 2025 жылдың екінші жартысында іске қосу күтілуде.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/919168?lang=ru

15 января 2025 года в онлайн формате состоялась встреча между представителями Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, Всемирного банка и Управления ООН по обслуживанию проектов (UNOPS) для утверждения национальных компонентов проекта «Восстановление экосистемы Каспийского моря: создание потенциала в области управления загрязнением и сохранения биологического разнообразия» (“Blueing the Caspian Sea: Building Capacities for Pollution Management and Biodiversity Conservation”), финансируемого за счет грантовых средств Глобального экологического фонда.

Во встрече от казахстанской стороны также приняли участие сотрудники Комитета рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, РГП «Казгидромет» и Международного центра оценки водных ресурсов.

В ходе встречи участники подробно обсудили национальные компоненты, индикаторы и методы оценки ожидаемых результатов проекта. Казахстанская сторона подчеркнула важность совершенствования систем экологического и гидрологического мониторинга Каспийского моря, развития научно-исследовательской деятельности между прикаспийскими странами, а также проведения совместных мероприятий по сохранению популяции каспийского тюленя.

Данный проект планируется к реализации в трех прикаспийских странах (Азербайджан, Казахстан, Туркменистан) с общим бюджетом порядка 12 млн. долл. США. Запуск проекта ожидается во втором полугодии текущего года.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх