[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/890802?lang=kk
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі және БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) аясында жұмыс істейтін Қазақстандағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы (ЖЭҚ ШГБ) жұмыстың жетінші операциялық кезеңін іске асыру шеңберінде гранттық конкурсқа қатысу үшін жобалық өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Өтінімдер тек тіркелген қазақстандық коммерциялық емес үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардан (ҮЕҰ) қабылданады. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан, коммерциялық құрылымдардан (ЖШС
және т.б.) және ғылыми-зерттеу ұйымдарынан жобалық ұсыныстар қарастыру үшін қабылданбайды.
Жобалық ұсыныстар 2 тақырыптық саланың бірінде іс-шараларды іске асыруға бағытталуы тиіс, олар:
- Климаттың өзгеруінің салдарын азайту;
- Жердің тозуы процестерін төмендету (климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін ескере отырып).
Жобалық іс-шаралар дала, шөлейт немесе шөлейтті экожүйелерге теріс әсерді азайтатын шараларды енгізуге бағытталуы тиіс. Географиялық тұрғыдан жобалау жұмыстары келесі облыстардың: Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының ауылдық және қала маңындағы аймақтарында шоғырлануы керек. Облыс орталықтары, сондай-ақ Шымкент, Астана және Алматы қалалары мәлімделген жобаларды жүзеге асыру орны бола алмайды.
Жобалар жергілікті қоғамдастықтардың (оның ішінде әйелдер, жастар, халықтың осал топтары сияқты топтардың) әл-ауқатын арттыру жөніндегі тетіктер мен іс-шараларды және оларды жобаны іске асыруға белсенді тартуды қамтуы тиіс. Желілік серіктестікке және бірнеше ҮЕҰ-ның жобалық іс-шараларын бірлесіп жүзеге асыруға негізделген жобалар құпталады.
Гранттық қаржыландыру мөлшері 50,000 АҚШ долларынан аспауы керек. Жобаны іске асыру мерзімі:
12 айдан аспайды.
Жобаларды таңдау кезіндегі қосымша басымдықтар[i]
Осы конкурс аясында жобаларды іріктеу кезінде келесі басым бағыттар ескеріледі:
- Жобаның инновациясы мен күрделілігі: жаңа технологиялар мен ресурстарды ұйымдастыру әдістерін енгізуді, қоғамдастық ішіндегі өзара іс-қимылды жақсартуды, сондай-ақ түпнұсқа өнімдер мен қызметтерді құруды қоса алғанда, аймақ үшін жобаның жаңашылдық дәрежесі.
- Жобаның тұрақтылығы: көрсетуге ұсынылатын технологиялар мен тәсілдер ауқымды болуы керек.
- Географиялық көлемі: Қостанай облысында жүзеге асырылатын жобалар.
- Климаттың өзгеруін азайту: Жаңартылатын энергия көздерін ынталандыру, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, терможаңғырту және т.б.
- Серіктестік және ынтымақтастық: Басқа донорлармен, даму ұйымдарымен және бағдарламаларымен, жеке сектормен және т.б. серіктестікте жүзеге асырылатын жобалар.
- Әлеуметтік инклюзия: әйелдерге, жастарға және басқа да әлеуметтік осал топтарға бағытталған жобалар.
Гранттық конкурсты өткізу мерзімі: 2024 жылғы 26 қарашадан 9 желтоқсанға дейін.
ЖЭҚ ШГБ-ның жетінші операциялық кезеңі шеңберінде грант алушылардың әлеуетін арттыру және консультациялық қолдау жөніндегі компонент көзделген. Осы компонент шеңберінде оқыту конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып табылады. Толығырақ ақпаратты 1-қосымшадан таба аласыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіз ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасына sgp.kz@undp.org электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер өздерінің жобалық ұсыныстарын қоса берілген форматқа сәйкес, sgp.kz@undp.org электрондық поштасына жіберулері тиіс.
Оқыту, жобалар санаттары, әр тақырып бойынша мүмкін болатын қызмет түрлері, жобаларды іріктеу өлшемшарттары, жобалық ұсыныс форматы және т.б. бойынша толығырақ ақпаратпен, конкурсқа қатысты материалдармен осы хабарландыруға қосымшаларда танысуға болады:
- 1- қосымша. Онлайн оқыту және консультациялық қолдау;
- 2-қосымша: Ықтимал қызмет түрлері және жобаларды іріктеу өлшемшарттары;
- 3-қосымша: Жобалық ұсыныс форматы.
[i] Жобалар қосымша басымдықтарға сәйкес келетін жобаларға артықшылық бере отырып, Шағын гранттар бағдарламасының шарттарына сәйкес келуі керек.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/890802
Программа Малых Грантов Глобального Экологического Фонда (ГЭФ ПМГ) в Казахстане, работающая под эгидой Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан и Программы Развития ООН (ПРООН), в рамках реализации Седьмой операционной фазы работы объявляет о приеме проектных заявок для участия в грантовом конкурсе.
Заявки принимаются только от зарегистрированных казахстанских некоммерческих неправительственных общественных организаций (НПО). Проектные предложения от государственных учреждений и предприятий, коммерческих структур (ТОО и т.п.) и научно-исследовательских организаций к рассмотрению не принимаются.
Проектные предложения должны быть направлены на реализацию мероприятий в одной из 2-х тематических областей:
- Смягчение последствий от изменения климата;
- Снижение процессов деградации земель.
Проектная деятельность должна быть направлена на внедрение мер, снижающих негативное воздействие на степную, полупустынную или пустынную экосистемы. Территориально проектные работы должны быть сосредоточены в сельских и пригородных районах следующих областей: Костанайской, Акмолинской, Карагандинской, Улытауской, Кызылординской, Алматинской, Жетысуской, Туркестанской, Восточно-Казахстанской и Абайской. Областные центры, а также города Шымкент, Астана и Алматы не могут быть местом реализации заявленных проектов.
Проекты должны включать в себя механизмы и мероприятия по повышению благосостояния местных сообществ (в т.ч. таких групп как женщины, молодежь, уязвимые группы населения) и их активное вовлечение в реализацию проекта. Приветствуются проекты, основанные на сетевом партнерстве и совместной реализации проектных мероприятий несколькими НПО.
Размер грантового финансирования не должен превышать 50,000 долларов США. Срок реализации проекта: не более 12 месяцев.
Дополнительные приоритеты при отборе проектов[1]
При отборе проектов в рамках данного конкурса будут учитываться следующие приоритетные направления:
- Инновационность и комплексность проекта: степень новизны проекта для региона, включая внедрение новых технологий и методов организации ресурсов, улучшение взаимодействия внутри сообщества, а также создание оригинальных продуктов и услуг.
- Устойчивость проекта: предлагаемые к демонстрации технологии и подходы должны быть масштабируемы.
- Географический охват: Проекты, реализуемые в Костанайской области.
- Смягчение последствий изменения климата: Продвижение возобновляемых источников энергии, внедрение энергосберегающих технологий, термомодернизация и т.д.
- Партнёрства и сотрудничество: Проекты, осуществляемые в партнерстве с другими донорами, организациями и программами развития, частным сектором и пр.
- Социальная инклюзия: Проекты, ориентированные на женщин, молодежь и другие социально уязвимые группы.
Сроки проведения грантового конкурса: с 26 ноября до 09 декабря 2024 года.
В рамках Седьмой операционной фазы ГЭФ ПМГ предусмотрен компонент по повышению потенциала и консультационной поддержке грантополучателей. Более подробную информацию найдете в приложении 1.
Для получения дополнительной информации вы можете обратиться в Программу Малых Грантов ГЭФ по электронной почте sgp.kz@undp.org
Желающие участвовать в конкурсе, должны присылать свои проектные предложения согласно прилагаемого формата по электронной почте sgp.kz@undp.org
С более детальной информацией по обучению, категориям проектов, возможным видам деятельности в рамках каждой тематики, критериям отбора проектов, формату проектного предложения и пр. материалами, касающимися данного конкурса, можно ознакомиться в приложениях к данному объявлению:
- Приложение 1. Онлайн-обучение и консультационная поддержка
- Приложение 2: Возможные виды деятельности и критерии отбора проектов
- Приложение 3: Формат проектного предложения
[1] Проекты должны соответствовать условиям Программы Малых Грантов, при этом предпочтение будет отдаваться проектам соответствующим дополнительным приоритетам.
