[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/836008?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев Қазақстандағы ГФР Елшісінің орынбасары У. Киннемен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі елдің экологиялық ведомстволары арасындағы жемісті екіжақты ынтымақтастықты атап өтті.
Тараптар Министрліктің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен (GIZ) бірлескен жобалары шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Бұдан басқа, ұлттық деңгейде айқындалған салым (ОНУВ) мәселелері және климаттың өзгеруі саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастық атап өтілді.
Қазақстандық тарап Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық стратегиясын іске асыру жөніндегі қызметі туралы, Қазақстанның климат саласындағы жоспарланып отырған іс-шаралары туралы, сондай-ақ энергия тиімділігі саласындағы неғұрлым тығыз ынтымақтастық қажеттігі туралы хабардар етті. Сондай-ақ, вице-министр М.Ошурбаев неміс тарапының Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі өңірлік стратегия Хатшылығын орналастыру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдауына үміт білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған барлық бағыттар бойынша нәтижелі ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/836008?lang=ru
Вице-министр экологии и природных ресурсов РК М.Ошурбаев провел встречу c Заместителем Посла ФРГ в Казахстане У.Кинне.
В ходе встречи стороны отметили плодотворное двустороннее сотрудничество между экологическими ведомствами двух стран.
Стороны обсудили взаимодействие в рамках совместных проектов Министерства с Германским обществом по международному сотрудничеству (GIZ). Кроме того, отмечено сотрудничество по вопросам Определенного на национальном уровне вклада (ОНУВ) и по проектам в сфере изменения климата.
Казахстанская сторона проинформировала о деятельности по реализации Стратегии углеродной нейтральности Казахстана до 2060 года, о планируемых мероприятиях Казахстана в сфере климата, а также о необходимости более тесного сотрудничества в сфере энергоэффективности. Также вице-министром М.Ошурбаевым выражена надежда на поддержку немецкой стороной инициативы Казахстана по размещению Секретариата Региональной стратегии по адаптации к изменению климата в Центральной Азии.
По итогам встречи стороны договорились продолжить продуктивное сотрудничество по всем указанным направлениям.
