[:kz]Қазақстан өкілдері Түркі әлемінің екінші метеорологиялық форумында сөз сөйледі[:ru]Казахстан выступил на Втором Метеорологическом форуме Тюркского мира

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2023 жылғы 15 қарашада Әзірбайжанның Баку қаласында Түркі әлемінің екінші метеорологиялық форумы өтті. Іс-шара гибридті форматта өтіп, оған Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері қатысты. Бұл форумның мақсаты – Түркі әлемінің ауа райы қызметтері арасындағы кеңейтілген ынтымақтастық.

Форумның басында қатысушы елдердің экология және қоршаған орта министрліктерінің басшылары құттықтау сөзін сөйледі. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өзінің онлайн сөз сөйлеуінде халықаралық ынтымақтастық және деректермен алмасу саласында Түркі форумына қатысушы елдер өңірлік ынтымақтастық арқылы адамдардың қажеттіліктеріне бағдарланған тиімді Ерте ескерту жүйесін құруда жоғары стандарттар мен қағидаттарды ұстанатынын атап өтті.

Іс-шараның екінші бөлімі толығымен сындарлы мәселелер мен ағымдағы міндеттерді талқылауға арналды. Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің бас директоры Данара Әлімбаева өз баяндамасында Қазгидрометтің халықаралық қызметіне қысқаша тоқталып, форумға қатысушылардың бірнеше негізгі бағытта одан әрі ынтымақтастық жасауының маңыздылығын атап өтті. Мәселен, ауа-райын сандық болжаудың жаһандық және аймақтық үлгілерінде пайдалану үшін халықаралық деректермен алмасу көлемін ұлғайту. Д.Әлімбаева мұндай ынтымақтастықтың ақпараттық өнімдердің сапасын жетілдіруге және болжаудың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Форумның қорытындысы бойынша қатысушылар Түркі мемлекеттерінің ұйымы шеңберінде Түркі әлемінің метеорологиялық одағын (MUTW) құруға белсене ат салысатынын білдірді. Ерте ескерту жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған бірлескен күш-жігерді арттырудың басым міндеттері мен бағыттары белгіленді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru 

15 ноября 2023 года в г.Баку Азербайджан прошел Второй Метеорологический Форум Тюркского Мира. Мероприятие прошло в гибридном формате, приняли участие Национальные Гидрометеорологические Службы Азербайджана, Казахстана, Кыргызстана, Турции, Туркменистана, Узбекистана и Турецкой Республики Северного Кипра. Цель данного форума – расширенное сотрудничество между Службами Погоды Тюркского Мира.

Начало форума ознаменовалось приветственными выступлениями глав министерств экологии и окружающей среды стран-участниц. Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев в своем онлайн выступлении отметил, что в сфере международного сотрудничества и обмена данными, страны участники Тюркского форума придерживаются высоких стандартов и принципов в создании эффективной Системы Раннего Предупреждения, ориентированной на нужды людей, посредством регионального сотрудничества.

Вторая часть мероприятия была полностью посвящена конструктивным вопросам и обсуждению текущих задач. В своем докладе Генеральный директор Национальной гидрометеорологической службы Казахстана Данара Алимбаева кратко остановилась на международной деятельности Казгидромета и особо подчеркнула значимость дальнейшего сотрудничества участников форума в нескольких ключевых направлениях. Таких как увеличение объема обмена международными данными для использования в глобальных и региональных моделях численного прогнозирования погоды. Такое сотрудничество способствует улучшению качества информационных продуктов и повышению эффективности прогнозирования – подчеркнула Д.Алимбаева.

По итогам форума участники выразили стремление к активизации усилий по созданию Метеорологического Союза Тюркского Мира (MUTW) в рамках Организации Тюркских Государств. Обозначили приоритетные задачи и направления развития совместных усилий, направленных на развитие и совершенствование Системы Раннего Предупреждения.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх