[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жедел штабтың кеңесін өткізді. Онда орман өртін сөндіру бойынша негізгі міндеттер тұжырымдалды, сондай-ақ өңірдегі орман өрт жағдайын тұрақтандыру үшін қосымша шаралар әзірленді.
«Өртті сөндіру және залалды азайту, ең бастысы – халықты қорғау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды. Оқиға орнында тәулік бойы кезекші мамандар, жедел штаб жұмыс істейді», – деп атап өтті министр.
Ол сондай-ақ барлық қажетті күштер мен құралдар қойылған міндеттерді одан әрі орындауға дайын екенін атап өтті.
Орман өртін сөндіруге Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының ТЖД күштері мен құралдары және ТЖМ бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысуда.
Отырыстан кейін министр орманды дала аймағының аумағына аэровизуалды зерттеу жүргізді. Ұшу қорытындысы бойынша өрт ошақтарына күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді. Сондай-ақ, өрт учаскелерінде су төгетін құрылғылары бар тікұшақтарды ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Орман өртін сөндіруге ТЖМ, орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар және Қорғаныс министрлігі 1500-ге жуық адам және 300-ден астам техника жұмылдырылды. Өрт басталғаннан бері 14 тікұшақтың көмегімен жалпы көлемі 3039 тоннадан асатын 1017 су ағызу жүзеге асырылды.
Өртті сөндіру күрделі рельефті жерлер мен 17 м/с қатты екпінді желдің салдарынан қиынға соғуда. Жағдайды ескере отырып, Сырым Шәріпханов жедел штабқа тиісті тапсырмалар беріп: «Өртті тоқтату және оқшаулау аса күрделі және көп еңбекті қажет етеді. Жер бедерінің жағдайлары мен отпен күрестегі кедергілер ескерілуі керек», деп атап өтті.
Қазіргі уақытта Абай облысында өртті сөндіру үш бағытта жалғасуда (оңтүстік, батыс және шығыс жиектер). Шығыс бағытта ауыр техникамен минералданған жолақтар жасау жұмыстары жүргізілуде.
С. Шәріпханов орман өртін сөндіруге қатысқандардың барлығына алғысын білдіріп, қалыптасқан жағдайларға қарамастан, бірлескен күш-жігер табиғи апатты тез арада жоюға әкелетініне сендірді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
Сегодня министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, Сырым Шарипханов, провел совещание оперативного штаба, где были сформулированы ключевые задачи по тушению лесного пожара, а также разработаны дополнительные меры для стабилизации лесопожарной обстановки в регионе.
«Приняты все необходимые меры по тушению пожара и минимизации ущерба, а главное – защиты населения. На месте круглосуточно дежурят специалисты, работает оперативный штаб», – отметил министр.
Он также подчеркнул, что все необходимые силы и средства готовы к дальнейшему выполнению поставленных задач.
В тушении лесного пожара участвуют силы и средства ДЧС областей Абай, Жетісу, Восточно-Казахстанской, Карагандинской, Алматинской, а также из городов Астаны и Алматы, и военнослужащие частей МЧС.
После совещания министр провел аэровизуальное обследование территории лесостепной зоны. В результате облета было решено перебросить вертолёты с водосливными устройствами на участки возгорания, и произведена перегруппировка сил и средств на очаги пожара.
Во время облета осмотрели развитие лесного пожара вблизи населенных пунктов. Угрозы населению в настоящий момент нет.
В тушении лесного пожара задействовано около 1500 человек и более 300 единиц техники МЧС, Комитета лесного хозяйства, местных исполнительных органов и Министерства обороны. В совокупности, с начала пожара было осуществлено 1017 сбросов воды с общим объемом более 3039 тонн с помощью 14 вертолетов.
Сырым Шарипханов отметил, что ситуацию осложняют сильный порывистый ветер до 17 м/с и сложная рельефная местность, и призвал оперативный штаб учитывать эти факторы при борьбе с пожаром: «Наиболее сложными и трудоемкими являются остановка и локализация пожара. Должны быть учтены условия местности и препятствия в борьбе с огнем».
Тушение пожара продолжается в трех направлениях: с юга, запада и востока. На восточном направлении с помощью тяжелой техники ведется работа по созданию минерализованных полос.
Шарипханов выразил благодарность всем участвующим в тушении лесного пожара, и заверил, что, несмотря на сложившиеся условия, совместные усилия приведут к скорейшему устранению стихийного бедствия.
Источник: Пресс-служба МЧС РК
