Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2022 жылғы 17 қарашада РФ Тюмень қаласында Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының 12-ші (30-шы) отырысы өтуде.
Қазақстан мен Ресей арасында әлемдегі ең ұзын шекаралардың бірі ғана емес, сонымен қатар көптеген ортақ су ағындары – Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Елек, Қиғаш, Қараөзен мен Сарыөзен сияқты трансшекаралық өзендер бар.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы су қатынасы 2010 жылғы 7 қыркүйектегі «Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы» келісіммен реттеледі. Бірлескен Комиссия және жоғарыда аталған өзендер бойынша жұмыс топтары осы Келісім аясында жұмыс істейді.
Бірлескен Комиссия қызметі Тараптардың тең төрағалығымен, яғни қазақстандық тарапты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі – С.М. Мұқатаев, ал ресей тарапын РФ Су ресурстары федералды агенттігінің төрағасының орынбасары – В.А. Никаноров жүргізеді.
Бірлескен Комиссия отырысының барысында тапартар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы барлық трансшекаралық өзендер бассейндері бойынша жұмыс топтарының Басшыларының есебі тыңдалады. Тараптар ағымдағы жылдағы көктемгі су тасқыны, су қоймаларды толтыру және тұрғындар мен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету шарттары, гидротехникалық құрылыстарды кешенді пайдалану және эксплуатациялау, трансшекаралық су объектілерінің су ресурстарының ластануы мен сарқылуының алдын алу туралы ақпараттармен алмасады.
Сонымен қатар, отырыста Жайық өзені бассейнінің проблемаларын шешуге, ірі трансшекаралық өзендердің бассейндеріндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастықты белсендіруге Бірыңғай жол картасын жүзеге асыруға назар аударылады.
Іс-шарада екі елдің министрліктерінің, су шаруашылығы ұйымдарының, гидрометеорологиялық қызметтің, жергілікті атқарушы органдардың және басқада мекемелердің өкілдері қатысады.
Еске салсақ, Комиссия мен жұмыс топтарының отырыстары жылына бір рет тараптардың аумақтарында кезектесіп өткізіледі.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru
17 ноября 2022 года в г.Тюмень РФ, проходит 12-е (30-е) заседание Совместной казахстанско-российской комиссии по совместному использованию и охране трансграничных водных объектов.
Казахстан и Россия имеют не только одну из самых протяженных границ в мире, но и множество общих водотоков – трансграничных рек, таких как Жайык, Ертис, Есиль, Тобыл, Илек, Кигач, Караозен и Сарыозен.
Водные отношения между РК и РФ регулируются Межправительственным соглашением о совместном использовании и охране трансграничных водных объектов от 7 сентября 2010 года. Совместная комиссия также работает в рамках данного Соглашения и 6 рабочих групп по бассейнам вышеуказанных рек.
Работа Совместной комиссии проходит под равным председательством сторон, где казахстанскую сторону представляет вице-министр экологии, геологии и природных ресурсов РК – Мукатаев С.М., а российскую сторону Никаноров В.А. – заместитель Председателя Федерального агентства водных ресурсов Российской Федерации.
В ходе заседания Совместной Комиссии будут заслушаны отчеты руководителей рабочих групп по всем бассейнам трансграничных рек между Республикой Казахстан и Российской Федерацией. Стороны обменяются информацией о прохождении весеннего половодья в текущем году, о наполнении водохранилищ и условиях обеспечения водой населения и отраслей экономики, о комплексном использовании и эксплуатации гидротехнических сооружений, предотвращении загрязнения и истощения водных ресурсов трансграничных водных объектов.
Вместе с тем, на заседании будет уделено внимание решению проблем бассейна реки Жайык, реализации Единой дорожной карты активизации сотрудничества по проведению исследований в бассейнах крупных трансграничных рек.
В мероприятии принимают участие представители министерств, водохозяйственных организаций, гидрометеорологических служб, местных исполнительных органов и других организаций двух стран.
Напомним, что заседания комиссии и рабочих групп проводятся один раз в год, поочередно на территориях сторон.
