[:kz]Қазақстан мен Финляндия: ынтымақтастықтың жаңа қыры ашылды[:ru]Казахстан и Финляндия: новые грани сотрудничества

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-фин үкіметаралық комиссиясының жұмысы барысында, Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев пен Финляндия Республикасының Қоршаған орта және климаттың өзгеру министрі М. Охисало ханым экология саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді.

«Біздің еліміз көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша әлемдік қаумдастықтың ұжымдық міндеттеріне адал және Финляндияның осы саладағы халықаралық бастамаларын құптайды. Қазақстан фин тарапының бастамасымен құрылған климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі қаржы министрлерінің коалициясына қосылды. Коалицияға қатысу көміртегі шығарындылары төмен тұрақты дамуға әділ көшуді қамтамасыз етуге ықпал етеді деп үміттенеміз», – деді С. Брекешев.

Сондай-ақ, кездесу аясында, Қазақстан 2060 жылға дейін елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының жобасын әзірлегені атап өтілді, онда экономиканың секторларындағы өзгерістерді ескере отырып, парниктік газдар шығарындыларын азайтудың оларды декарбонизациялау мақсатындағы нысаналы көрсеткіштері бар.

Бұдан басқа, ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды (ОНУВ) жаңарту жөніндегі жұмыс аяқталады. Бекітілген стратегия мен ОНУВ осы жылдың қарашасында өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 27-ші конференциясында ұсыну жоспарлануда.

Осыған байланысты фин министрі Охисало климаттың өзгеруі және биоәртүрлілікті сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.

Тараптар сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу, су және орман ресурстарын басқару мәселелерін талқылады.

Одан бөлек, екі жақ 2023 жылы Қазақстанда бірлескен орман форумын өткізуге келісті.

Соңында Қазақстан экология министрі Финляндияның бейінді мемлекеттік мекемелерін, ұйымдары мен компанияларын осы салалардағы бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.

 [:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru 

 

В ходе работы казахстанско-финской межправительственной комиссии по торгово-экономическому сотрудничеству Министр экологии, геологии и природных ресурсов Казахстана С. Брекешев и Министр окружающей среды и изменения климата Финской Республики г-жа М. Охисало провели встречу по вопросам сотрудничества в сфере экологии.

«Наша страна привержена коллективным задачам мирового сообщества по достижению углеродной нейтральности и приветствует международные инициативы Финляндии в данной сфере. Казахстан присоединился к Коалиции министров финансов по борьбе с изменением климата, созданной по инициативе финской стороны.

Выражаем надежду, что участие в Коалиции поспособствует обеспечению справедливого перехода к устойчивому развитию с низким уровнем выбросов углерода», – добавил С. Брекешев.

Также в ходе встречи было отмечено, что Казахстан разработал проект Стратегии достижения углеродной нейтральности страны до 2060 года, который содержит целевые показатели снижения выбросов парниковых газов с учетом преобразований в секторах экономики с целью их декарбонизации.

Кроме того, завершается работа по обновлению определяемых на национальном уровне вкладов (ОНУВ). Утвержденные Стратегию и ОНУВ планируется представить на 27-й Конференции сторон Рамочной конвенции ООН об изменении климата, которая пройдет в ноябре т.г.

В этой связи, Министр Охисало предложила активизировать сотрудничество в области изменения климата и сохранения биоразнообразия.

Стороны также обсудили вопросы переработки отходов, управления водными и лесными ресурсами.

Также стороны договорились провести Совместный лесной форум в Казахстане в 2023 году.

В завершении министр экологии Казахстана пригласил профильные государственные учреждения, организации и компании Финляндии к реализации совместных проектов в данных сферах.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх