[:kz]Орталық Азияда алғаш рет CO2 ұстау бойынша конференция өтті[:ru]В Центральной Азии впервые проведена конференция по улавливанию CO2

На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk 

Қазақстан 2060 жылға қарай көмір­тегінен ары­лу­­ды көздеп отыр. Мұндай мақсатты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қойды.

Мемлекет басшысы Жолдауында бұл бағытта байыппен жұмыс істеу қажеттігін алға тартты. Оның айтуынша, еліміздің тұрғындар саны да, экономикасы да өсіп келеді. Өсім сапалы болу үшін қуат көздері қажет.

Әлемдік сарапшылардың пікірінше, көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу – көмір энергетикасынан түпкілікті бас тарту дегенді білдірмейді. Сөзсіз, көмір генерациясының үлесі сақталады. Бұл ретте, қоршаған ортаға, атмосфераға түсетін шығарындылар – көміртекті ұстау технологияларын (CCUS) енгізу есебінен азайтылатын болады.

Көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін Президент еліміздегі жасыл технологиялардың қолданыс аясын кеңейтумен айналысатын Халықаралық жасыл технологиялар орталығын құрды.

Әлемдік климаттық күн тәртібіне сүйене отырып, Халықаралық жасыл технологиялар орталығы 2022 жылғы 10 наурызында алғаш рет CCUS технологияларын ілгерілету бойынша ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Пікірталасқа металлургия, тау-кен, мұнай-газ, электр энергетикасы салаларындағы қазақстандық ірі кәсіпорындардың 200-ден астам өкілдері қатысты, олардың ішінде Арселор Миттл, Қазақмыс, Самұрық Қазына компаниялар тобы, Теңізшевройл және т. б. бар.

CCUS технологияларын енгізу мүмкіндіктері, сондай-ақ оның артықшылықтары туралы халықаралық ұйымдардың сарапшылары айтып берді. Олардың қатарында «ICAP», «ЭЫДҰ», «Халықаралық энергетикалық агенттік», «JCCS», «CNPC», Азия даму банкі, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі т. б. бар.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов іс-шараны аша отырып, конференция тақырыбының өзектілігінің жоғары дәрежесін, сондай-ақ заңнамалық қолдау көрсетуге дайындығын атап өтті.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің Директоры Олжас Ағабековтың айтуынша, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және CO2 шығарындыларын азайтуға бағытталған технологияларды енгізуде – ел өнеркәсібінің белсенді болуы маңызды.

«Зерттеулер көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін CCUS технологияларын қолдану қажет екенін көрсетті. Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу Доктринасына сәйкес, CCUS технологиясын қолдану жылу энергетикасындағы CO2 шығарындыларын 107,6 Мт, өнеркәсіпте 13,07 Мт қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ болат өндірісіндегі шығарындыларды 60%-ға, алюминий өндірісіндегі шығарындыларды 35%-ға, цемент өндірісіндегі шығарындыларды 48%-ға қысқартуға мүмкіндік береді», – деп толықтырды Олжас Агабеков.

Сондай-ақ, CCUS технологиясын ілгерілету мен енгізудегі ұстанымымен Халықаралық энергетикалық агенттіктің өкілі Саманта МакКаллох бөлісті.

«Көміртегіні ұстау, кәдеге жарату және сақтау – бұл экономиканың маңызды секторларындағы шығарындыларды тікелей азайтуға және СО2 жоюға мүмкіндік беретін жалғыз технология…Көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу жөніндегі мақсаттар бұл технологиялардың бізге аса қажет екенін көрсетеді», – деп атап өтті спикер.

ЭЫДҰ-ның Орталық Азия бойынша SIPA өңірлік платформасының басшысы Жан-Франсуа Ленжелле Қазақстанның Орталық Азиядағы көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу стратегиясын әзірлеумен айналысатын алғашқы мемлекет екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол ЭЫДҰ Қазақстанға, әсіресе CCUS жобалары үшін тұрақты инфрақұрылымға инвестиция салуға және оларды жүзеге асыруда жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Бұл бастаманы Азия даму банкінің, сондай-ақ Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің өкілдері де қолдады.

Өз кезегінде «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ерлан Тасбаев мұндай технологиялар экономиканың түрлі секторларында бәсекеге қабілетті болатынын және жаһандық «жасыл» транзит жағдайында Қазақстан үшін қосымша мүмкіндіктер ашатынын айтты.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Халықаралық жасыл технологиялар орталығының базасында көміртекті ұстау, сақтау және пайдалану технологияларын (CCUS) әзірлеу және енгізу мәселелерін талқылау үшін тиімді коммуникативтік алаңға айналатын жобалық кеңсе (құзыреттер орталығы) құруды ұсынды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=ru 

Достичь углеродной нейтральности к 2060 году. Такая цель была поставлена Президентом Казахстана РК Касым-Жомартом Токаевым.

Как сказал Глава государства в своем Послании, работать в этом направлении нужно очень прагматично. По его словам, население и экономика нашей страны растут, а для качественного роста нужна энергия.

По мнению мировых экспертов, достижение углеродной нейтральности не означает окончательного отказа от угольной энергетики. Доля угольной генерации энергетики, несомненно, сохранится. При этом, негативное воздействие на окружающую среду будет минимизировано за счет внедрения технологий улавливания и выбросов углерода (CCUS).

Для достижения намеченных целей, Президентом создан Международный центр зеленых технологий, который является проводником внедрения зеленых технологий в нашу страну.

Следуя мировой климатической повестке, Международный Центр зеленых технологий 10 марта 2022 года впервые организовал научно-практическую конференцию по продвижению технологий CCUS в Казахстане.

Участие в дискуссии приняло более 200 представителей крупнейших казахстанских предприятий металлургической, горнодобывающей, нефтегазовой, электроэнергетической отраслей, среди которых Арселор Миттл, Казахмыс, группа компаний Самурык Казына, Тенгизшевройл и др.

О возможностях внедрения технологий CCUS, а также о ее преимуществах рассказали международные эксперты организаций, деятельность которых связана с разработкой и внедрением CCUS. В их числе «ICAP», ОЭСР, Международное энергетическое агентство, JCCS, CNPC, Азиатский банк развития, Европейский банк Реконструкции и развития и др.

Открывая мероприятие, депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан Елдос Абаканов подчеркнул высокую степень актуальности темы конференции, а также готовность оказания законодательной поддержки.

Приветствуя участников конференции Директор Департамента климатической политики и зеленых технологий Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Олжас Агабеков отметил важность активной позиции промышленности страны по сокращению выбросов CO2.

«Проведены исследования показавшие, что для достижения углеродной нейтральности важно применение технологий CCUS. Согласно Доктрине достижения углеродной нейтральности, использование CCUS позволит сократить выбросы CO2 в теплоэнергетике на 107,6 Мт, в промышленности на 13,07 Мт, а также сократит выбросы в производстве стали на 60%, в производстве алюминия на 35%, в производстве цемента на 48%», – сказал Олжас Агабеков.

Вместе с тем, особой позицией в продвижении и внедрении технологии CCUS поделилась представитель Международного энергетического агентства Саманта МакКаллох.

«Улавливание, утилизация и хранение улгерода – единственная группа технологий, которая способствует как непосредственному сокращению выбросов в важнейших секторах экономики, так и удалению CO2, чтобы сбалансировать выбросы, которых невозможно избежать…Цели по достижению улгеродной нейтральности показывают, что эти технологии нам крайне необходимы», – добавила спикер.

Руководитель региональной платформы ОЭСР SIPA по Центральной Азии Жан-Франсуа Ленжелле отметил, что Казахстан является первым государством в Центральной Азии, занимающимся разработкой стратегии достижения углеродной нейтральности, и выразил готовность ОЭСР оказывать содействие Казахстану в финансировании и осуществлении инвестиций в устойчивую инфраструктуру, особенно для проектов CCUS.

Данную инициативу поддержали и представители Азиатского банка развития, а также Европейского Банка Реконструкции и Развития.

В свою очередь, Заместитель Председателя Правления НАО «Международный центр зеленых технологий и инвестиционных проектов» Ерлан Тасбаев отметил, что такие технологии станут конкурентоспособными в самых разных секторах экономики и откроют дополнительные возможности для Казахстана в условиях глобального «зеленого» транзита.

По итогам мероприятия стороны предложили на базе Международного Центра зеленых технологий продолжить работу по изучение возможностей внедрения технологйи CCUS, а также продвижения и реализации таких проектов в Казахстан.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх