Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk
Бүгін Экология министрі Серікқали Брекешев өз кестесіне сәйкес онлайн режимде азаматтарды қабылдады. Министрдің қабылдауына қала тұрғындары, сала ардагерлері, бизнес-құрылым өкілдері, экологиялық және ғылыми ұйымдардың басшылары, қоғам белсенділері жазылды.
Көпшілікті Министрліктің қызмет салаларына қатысты жер қойнауын пайдалануды бақылау, экологиялық заңнама, орман шаруашылығы, су объектілерін тазарту, кадрлық құрылым сияқты түрлі мәселелер толғандырды.
Қабылдауда ортаға салынған тақырыптың бірі – Су кодексінің бұзылуына байланысты Ақмола облысы Целиноград ауданының кейбір жер қойнауын пайдаланушыларынан лицензияны қайтарып алу. Ведомство басшысы осы мәселені қозғаған адвокаттар алқасының өкілі айтқан үндеуді қолдады. Яғни, Жаңа Есіл ауылдық округі тұрғындарының ұстанымдары ескеріле отырып, шешім қабылданды.
Шымкент қаласынан Еңбек ардагері Төлебай Қараменовтің кәріз ағысы жүйесіне қатысты сауалы бойынша министр Шымкент қалалық Экология департаментінің директорына аталған мәселеге жеке тексеру жүргізуді тапсырды.
Айта кету керек, азаматтарды қабылдау 3,5 сағатқа созылды. Қабылдауға жазылғандардың барлығы өз сұрақтарына толық жауап алды. Мұндай форматтағы диалог халықтың түйіткілді мәселелерін жедел түрде шешуге, азаматтар өздерін толғандырған сауалды бірінші тұлғалардың өз аузынан естуге мүмкіндік береді.
Азаматтарды қабылдау соңында С. Брекешев қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдіре отырып, бірде-бір өтініш жауапсыз қалмайтынын және олардың бәрі қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес шешілетінін айтты.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=ru
Согласно своего графика, министр экологии Сериккали Брекешев сегодня провел прием граждан, в уже привычном для всех онлайн режиме. В список на прием к министру записались жители городов, ветераны отрасли, представители бизнес-структур, руководители экологических и научных организаций, общественники.
Людей волновали различные вопросы, которые касались сфер деятельности Министерства, в том числе контроля за недропользованием, экологического законодательства, лесного хозяйства, очистки водных объектов, кадровых вопросов и др.
Так, глава ведомства поддержал обращение озвученного представителем коллегии адвокатов по вопросу отзыва лицензии у некоторых недропользователей Целиноградского района Акмолинской области, в связи с нарушением норм Водного кодекса. Решение принято с учетом позиции жителей Жанаесильского сельского округа.
По вопросу ветерана труда из г.Шымкент Толебая Караменова, касательно системы канализационных стоков, министр поручил директору департамента экологии г.Шымкент лично провести проверку озвученной проблемы.
Надо отметить, что прием граждан проходил в течение 3,5 часов. Все, кто записался на прием получили исчерпывающие ответы. Диалог такого формата позволяет решить многие проблемные вопросы населения в оперативном порядке, знать реальные проблемы населения от первых лиц.
В завершении приема граждан, С. Брекешев поблагодарив участников за активную гражданскую позицию, также отметил, что ни одно обращение не останется без ответа и решения в соответствии с действующими законодательными актами.
