Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk
Бүгін Жетісудың лағыл маржаны «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 15 жыл толды.
Талайдың жанарын жаулаған, Көлсай паркінің тұмса табиғаты фауна мен флораға өте бай. Мәселен парк ауамағында 71 тұқымдас пен 288 туыстан тұратын өсімдіктің 536 түрі белгіленген. Күнгей Алатаудың Қазақстан шекарасында өсетін өсімдік түрлерінің 75%-ға жуығы шоғырланған. Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 16 түрі өседі.
Көлсайдың қойнауында бүкіл жер шарына тараған космополиттер – австралиялық қамыс, пузырник ломкий, палеарктикалық қазтамақ сынды өсімдіктер бар. Сонымен қатар, тек Орта Азия аумағында, бірнеше немесе бір ғана тау жүйесінде кездесетін өсімдіктер, яғни, әртүрлі сатыдағы эндемиктер өседі. Тіпті адамзат баласының қолы тимеген табиғаттың құрамдас бөліктері де сақталған. Сондай-ақ көне мәдени мұраның орындары да бар.
Ал, жануарлар әлеміне келер болсақ, Көлсай паркінің аумағында 226-ға жуық жануар түрі кездеседі. ҚР Қызыл кітабына енген сүтқоректілердің 6 түрі, құстардың 11түрі, омыртқасыз жануарлардың 6 түрі бар.
Бүгінгі таңда, көкке шаншылған шыршалармен көмкерілген, аспантаудың жақұт алқасы Көлсайдың табиғатын тамашалауға келетін туристердің саны жыл сайын ерекше қарқынмен артып келеді. Мәселен 2021 жылы індетке қарамастан бұл мекенге 146 мың 380 адам табан тіреген. Сондай-ақ экотуризмнің де даму қарқыны жақсы.
Ұлттық парк аумағының табиғи байлығын қорғап, өңірдегі туризмнің қанат жаюына жағдай жасау үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын жетілдіруге ат салысып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерен еңбек көрсеткен әріптестерге алғыс айтамыз.
Айта кетейік, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы қаулысына сәйкес құрылған болатын. Көлсай паркі – табиғи кешендерді қорғау және қалпына келтіру, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=ru
Сегодня исполнилось 15 лет Государственному национальному природному парку «Көлсай көлдері», жемчужине Семиречья.
Природа «Көлсай көлдері» богата разнообразной фауной и флорой. В границах ГНПП отмечено 536 видов из 288 родов 71 семейства, то есть здесь сосредоточено около 75% от общего количества видов, произрастающих в казахстанской части Кунгей Алатау.
Произрастающие на территории парка виды характеризуются различными типами ареалов. Есть виды, широко распространённые в пределах всего или почти всего земного шара: космополиты – тростник австралийский, пузырник ломкий; палеарктические виды и т.д. В то же время имеется значительная доля видов, распространённых только в районах Средней Азии, в нескольких или одной горной системе, то есть эндемики различных рангов. Произрастает 16 видов краснокнижных растений.
В национальном парке сохранилось множество уголков дикой природы, но также есть и места древнего культурного наследия.
Что касается фауны парка, то на территории «Көлсай көлдері» насчитывается около 226 видов животных. Обитают 6 видов млекопитающих, 11 видов птиц, 6 видов беспозвоночных, занесенных в Красную книгу РК.
На сегодняшний день количество туристов, приезжающих полюбоваться природой Кольсайских озер, с каждым годом увеличивается. Так, в 2021 году, несмотря на эпидемию, национальный парк посетило 146 тыс. 380 человек. Также хорошие темпы развития имеет экотуризм.
От всей души поздравляем всех сотрудников государственного национального природного парка «Көлсай көлдері», которые самоотверженно трудятся, чтобы защитить природные богатства страны и создать условия для развития туризма в регионе! Выражаем благодарность коллегам, внесшим большой вклад в совершенствование политики страны в области охраны окружающей среды, а также в обеспечении экологической безопасности.
Напомним, государственный национальный природный парк «Көлсай көлдері» был создан в соответствии с постановлением Правительства РК от 7 февраля 2007 года. Это особо охраняемая природная территория, предназначенная для охраны и восстановления природных комплексов, использования в эколого-просветительских, научных, туристских и рекреационных целях.
