Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk
2021 жылғы 21 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Министрліктің биылғы жылғы жұмысын қорытындылап, Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру шаралары туралы айтып берді.
Ведомство басшысы 4 негізгі бағытқа тоқталды: қоршаған орта сапасын жақсарту, су ресурстары, геология, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі.
Елдегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін жаңа экологиялық кодекс қабылданды. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы мен өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі Жол карталары бекітілді. Кәсіпорындармен меморандумдарға қол қойылды, оларға сәйкес шығарындыларды 20%-дан 30%-ға дейін қысқарту жоспарлануда.
«9 айда қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 20,2% – ды құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде бұл үлес 15,8% құрады. Түзілген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемін айтарлықтай азайту үшін заңнамалық деңгейде «Waste to Energy» тетігі енгізілді»,- деп атап өтті министр.
С.Брекешев қоқыс тастайтын жерлерді жою және оларды болдырмау жұмыстарын жеке атап өтті. Космомониторинг негізінде бүгінде 7,3 мыңнан астам қоқыс үйіндісі анықталды. 88% (6,6 мың) қоқыс үйінділері жойылды. Стихиялық үйінділердің пайда болуын шешу үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Атап айтқанда, қалдықтарды белгіленбеген орындарға заңсыз тастағаны үшін салынатын айыппұлдар (жеке тұлғаларға 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін) өсті.
Министр су ресурстарын басқару саласында атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелеріне назар аударды. Атап айтқанда, министрлік су ресурстарының теңгерімін дайындады. Әкімдіктермен бірлесіп каналдарды тазалау жұмыстары жүргізілді, қосымша сорғылар орнатылды, су берудің жедел кестелері енгізілді.
«Көршілерімізбен белсенді келіссөздер жүргізу саясатының арқасында біз биыл өткен жылмен салыстырғанда көбірек су алдық. Жалпы, Сырдария өзенінің бассейні бойынша қосымша 700 млн.м3 су (2020 жылға қарағанда 106 млн. м3 артық) ала алдық. Айтпақшы, көршілеріміз өздерін шектеуге мәжбүр болды, бірақ олар бізге қажетті суды берді. Нәтижесінде біз Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының фермерлерін суармалы сумен қамтамасыз еттік», – деді министр.
Судың өнімсіз шығынын қысқарту үшін биыл 1050 км каналды қайта жаңарту аяқталды. 78 мың га суармалы жерді айналымға енгізу үшін инфрақұрылым қалпына келтірілді. 5 жыл ішінде ұзындығы шамамен 2,3 мың км кем дегенде 120 канал қайта жаңғыртылатын болады.
Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында су үнемдеу технологияларын цифрландыру және енгізу жұмыстары басталды. Таяудағы 5 жыл ішінде ұзындығы 3,3 мың км-ден асатын 212 арнаны цифрландыру жоспарда бар. Бұл шараларды іске асыру 2,2 текше шақырымға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін жалпы көлемі 1,7 млрд.м3 болатын 6 облыста 9 су қоймасын салу жоспарлануда.
«Биыл Түркістан облысында Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, биыл топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту бойынша 16 нысан іске асырылуда, оның ішінде жыл соңына дейін 8 нысан аяқталады. Бүгінде 4 нысан аяқталды»,- деді С.Брекешев.
Өз баяндамасында министр «қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсім» Ұлттық жобасын және «Еуразия» жобасын іске асыру шеңберінде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді күшейту жұмыстары туралы айтты.
«Бұл жұмыстар геологиялық барлау жұмыстарының келесі кезеңдерін жүргізу және геологиялық барлауға инвестициялар тарту үшін Қазақстан аумағының перспективаларын бағалай отырып, геологиялық мазмұн карталарын жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті С.Брекешев.
Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде министрлік ведомстволық бағынысты ұйымдар базасында «Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС және «Қазгеология» ҰК» АҚ-ны қосу арқылы Ұлттық геологиялық қызметті құру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл қызмет бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға, геологиялық ақпараттың халықаралық стандарттарға сәйкес сақталуын және оның инвесторлар үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орман шаруашылығы саласында Президенттің тапсырмасы бойынша елді ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 5 жыл ішінде 2 млрд. ағаш отырғызу жоспарлануда. Барлық өңірлерде ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарлары бекітілді. Тиісті Штаб құрылды. Биылғы жылғы ағаш отырғызу жоспары орындалды. 62 мың га алқапта 130 млн. ағаш отырғызылды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызу бойынша жеке жұмыстар жүргізілуде. Биыл егіс 100 мың га алқапта жүргізіледі, 2022-2025 жылдары жыл сайын 250 мың га алқапта жүргізіледі», – деп атап өтті ведомство басшысы.
Экологиялық туризмді дамыту мақсатында жеке инвесторлар тартылды. Іле-Алатау ұлттық паркінде визит-орталық салынып, кемпинг құрылысы басталды. Қазір бұдан басқа үш ұлттық паркте тиісті жұмыстар басталып кетті. Биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтау, қорғау мақсатында Қарағанды облысында ауданы 59 мың гектарға жуық 14-ші ұлттық парк – «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды.
Жануарлар дүниесі саласында тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін, әсіресе киіктерді сақтау және олардың санын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда киіктер саны 2,5 есеге өсті. Олардың саны 2019 жылы 334 мың болса, бүгінде 842 мыңға жетті.
Браконьерлікпен күрес мақсатында ІІМ және ҰҚК бірлесіп «Ақбөкен» табиғатты қорғау акциясы өткізілуде. Алдын алу шаралары күшейтілді, киіктер мен басқа да жабайы жануарларды аулаумен айналысатын бірқатар қылмыстық топтардың қызметі тоқтатылды.
«Мемлекет басшысының жануарларға қатысты қатыгез қарым-қатынастың жиілеп кеткен фактілерін жою жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заң жобасы әзірленді, ол ҚР Парламенті Сенатының қарауында жатыр. Жалпы, заң жобасының нормалары қоғамда жануарларға адамгершілік қатынасты қалыптастыру үшін заңнамалық негіз жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті С.Брекешев.
Балық шаруашылығын дамытуға қатысты министр балық шаруашылығына баса назар аудара отырып, Балық шаруашылығын дамытудың 10 жылға арналған бағдарламасы бекітілгенін хабарлады. Қазірдің өзінде инвестиция көлемі шамамен 182,4 млрд.теңгеге жуық соманы құрайтын, жылына 129 мың тонна балық өсіруді және 5,3 мың жұмыс орнын құратын 32 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Республикада балық өсіру шаруашылықтары мен балық өңдеу кәсіпорындарын құру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық бастамалар қабылданды. Бизнес пен балық шаруашылығы субъектілері тарапынан қабылданып жатқан шаралардың арқасында балық өсіру және балық өңдеу жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты, балық өсірудің күтілетін өсімі балық өсіру шаруашылықтары мен балық өңдеу кәсіпорындарын құруға жаңа серпін береді»,- деп түйіндеді сөзін С.Брекешев.
Брифинг қорытындысы бойынша Министр журналистердің сұрақтарына жауап берді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=ru
21 декабаря 2021 года на площадке Службы центральных коммуникаций при Президенте РК Министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Сериккали Брекешев подвел итоги работы Министерства за текущий год и рассказал о мерах по реализации Послания Главы государства.
Глава ведомства остановился на 4 основных направлениях: улучшение качества окружающей среды, водные ресурсы, геология, лесное хозяйство и животный мир.
Для улучшения экоситуации в стране принят новый Экологический кодекс. Утверждены национальный проект «Жасыл Казахстан» и Дорожные карты по улучшению экологической ситуации в разрезе регионов. Подписаны меморандумы с предприятиями, согласно которым планируется сокращение выбросов от 20% до 30%.
«Доля переработки отходов за 9 месяцев составила 20,2%. В аналогичном периоде 2020 года доля составляла 15,8%. Для существенного сокращения объемов образованных ТБО на законодательном уровне внедрен механизм «Waste to Energy», – подчеркнул Министр.
С.Брекешев отдельно отметил работу по утилизации и недопущению стихийных свалок. На основе космомониторинга на сегодня выявлено более 7,3 тыс. свалок. Ликвидировано 88% (6,6 тыс.) свалок. Приняты ряд системных мер для решения вопроса образования стихийных свалок. В частности, увеличены штрафы за незаконный сброс отходов в непредназначенных для этого местах (на физических лиц с 10 МРП на 50 МРП).
В сфере управления водными ресурсами Министр обратил внимание на конкретные результаты проделанной работы. В частности, Министерством был подготовлен баланс водных ресурсов. Совместно с акиматами проведены работы по очистке каналов, установлены дополнительные насосы, внедрены оперативные графики подачи воды.
«Благодаря нашей активной переговорной политике с соседями мы в этом году получили воды больше, чем в прошлом году. В целом, мы смогли дополнительно получить 700 млн. м3 воды (на 106 млн. м3 больше, чем в 2020г.) по бассейну р. Сырдарья. К слову, нашим соседям приходилось себя ограничивать, но необходимую воду они нам дали. В результате мы обеспечили поливной водой фермеров Туркестанской, Кызылординской и Жамбылской областей», – сказал Министр.
Для сокращения непроизводительных потерь воды в этом году завершена реконструкция 1050 км каналов. Восстановлена инфраструктура для ввода в оборот 78 тыс.га орошаемых земель. За 5 лет будет реконструировано не менее 120 каналов протяженностью порядка 2,3 тыс. км.
В рамках реализации Послания Главы государства начата работа по цифровизации и внедрению водосберегающих технологий. В течение ближайших 5 лет в планах оцифровать 212 каналов протяженностью более 3,3 тыс. км. Реализация данных мероприятий позволит сэкономить до 2,2 куб.км.
В рамках нацпроекта «Жасыл Қазақстан» в планах до 2025 года построить 9 водохранилищ в 6 областях с общим объемом 1,7 млрд. м3.
«В этом году завершено строительство водохранилища Кенсай-Коскорган-2 в Туркестанской области. Также, в этом году реализуются 16 объектов по строительству и реконструкции групповых водопроводов, из них до конца года будут завершены 8 объектов. На сегодня завершены 4 объекта.», – отметил С.Брекешев.
В своем докладе Министр рассказал о работе по активизизации государственного геологического изучения недр в рамках реализации Нацпроекта «Устойчивый экономический рост, направленный на повышение благосостояния казахстанцев» и проекта «Евразия».
«Данные работы позволят составить карты геологического содержания с оценкой перспектив территории Казахстана для проведения последующих стадий геологоразведочных работ и привлечения инвестиций в геологоразведку», – подчеркнул С.Брекешев.
В рамках реализации Послания Главы государства Министерством ведется работа по созданию Национальной геологической службы на базе подведомственных организаций путем слияния ТОО «РЦГИ «Казгеоинформ» и АО «НКГ «Казгеология. Служба позволит сократить бюрократические процедуры, обеспечить хранение геологической информации в соответствии с международными стандартами и ее доступность для инвесторов.
В сфере лесного хозяйства в соответствии с поручением Президента ведется работа по масштабному озеленению страны. Планируется посадить в течение 5 лет 2 млрд. деревьев. Утверждены комплексные планы воспроизводства лесов и лесоразведение во всех регионах. Создан соответствующий Штаб. План по посадке деревьев этого года выполнен. Посажено 130 млн. деревьев на площади 62 тыс.га.
«Согласно поручению Главы государства, отдельная работа ведется по посадке саксаула на осушенном дне Аральского моря. В этом году посев будет произведен на площади 100 тыс. га. В 2022-2025 годы на площади 250 тыс. га ежегодно», – отметил Глава ведомства.
В целях развития экологического туризма привлечены частные инвесторы. В Иле-Алатауском нацпарке построен визит-центр, начато строительство кэмпинга. Теперь соответствующая работа уже начата в других трех нацпарках. В целях сохранения, охраны биологического и ландшафтного разнообразия в Карагандинской области создан 14-й национальный парк «Ұлытау» площадью почти 59 тыс.га.
В области животного мира проводится работа по сохранению и восстановлению численности редких и исчезающих видов копытных животных и, особенно, сайгаков. В результате наблюдается положительная динамика увеличения поголовья сайгаков, которая достигла 842 тыс. особей, против 334 тыс. в 2019 году. Рост в 2,5 раза.
В целях борьбе с браконьерством совместно с МВД и КНБ проводится природоохранная акция «Сайгак». Активизированы профилактические мероприятия, пресечена деятельность ряда преступных групп, специализирующихся на браконьерстве сайгаков и других диких животных.
«В рамках реализации поручения Главы государства по искоренению участившихся фактов варварского отношения к животным разработан проект Закона «Об ответственном обращении с животными», который находится на рассмотрении Сената Парламента РК. В целом, нормы законопроекта позволят создать законодательную основу для формирования гуманного отношения к животным в обществе», – подчеркнул С.Брекешев.
Касательно развития рыбного хозяйства Министр сообщил, что утверждена Программа развития рыбного хозяйства на 10 лет с акцентом на рыбоводство. Уже ведутся работы по реализации 32 проектов с объемом инвестиции около 182,4 млрд. тенге, планируемым объемом выращивания 129 тыс. тонн рыбы в год и созданием 5,3 тыс. рабочих мест.
«Приняты ряд законодательных инициатив, направленных на создание благоприятных условий для создания рыбоводных хозяйств и рыбоперерабатывающих предприятий в республике. Благодаря принимаемым мерам со стороны бизнеса и субъектов рыбного хозяйства повышается заинтересованность в реализации проектов по рыбоводству и переработке рыбы. В этой связи, ожидаемый рост выращивания рыбы даст новый импульс созданию рыбоводных хозяйств и рыбоперерабатывающих предприятий», – резюмировал С.Брекешев.
По итогам брифинга Министр ответил на вопросы журналистов.
