Бүгін «Жасыл офис» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Оған ел экономикасына тың серпін беретін қазақстандық 100 кәсіпорын қатысты. Жүзден жүйрік деп танылған 30 көшбасшы компания «жасыл кеңсе» мәртебесіне лайықты деп танылды.
Конкурсқа өнеркәсіптік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау және сервистік қызмет көрсететін мекемелері қатысты.
Қатысушы кәсіпорындар қызметкерлері үшін салауатты еңбек жағдайын жасау, ресурстарды үнемдеудің заманауи тәсілдерін қолдану, қалдықтарды сұрыптау және өңдеу критериалары бойынша бағаланды.
Салтанатты шараға қатысқан Экология министрлігінің экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры Акзан Ширанов конкурстың маңыздылығын атап өтті.
«Бұл конкурс пен іс-шара біздің тұрақты серіктесіміз Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының бастамасымен ұйымдастырылды. Коалиция Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асырудағы қоғамдық провайдер ретінде танылған, сонымен қатар экология саласындағы озық реформаларды жүзеге асыру мақсатында еліміздің азаматтарын белсенді түрде жұмылдыруда»-, деді Акзан Ширанов.
Айта кетсек, іс-шара отандық компанияларға өзінің экологиялық саясаты мен энергия үнемдеу тәжірибесін қалыптастыруға көмектесуге бағытталған. Конкурс 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді.[:ru]Сегодня состоялась церемония награждения победителей конкурса «Зеленый офис». В нем приняли участие 100 казахстанских предприятий, придающих новый импульс экономике страны. 30 компаний-лидеров из ста признаны достойными статуса «зеленого офиса».
В конкурсе приняли участие промышленные предприятия, малый и средний бизнес, учреждения образования, здравоохранения и сервисные организации.
Участники оценивались по критериям создания здоровых условий труда для работников предприятий, современным подходам к ресурсосбережению, сортировке и переработке отходов.
Присутствовавший на торжественном мероприятии директор Департамента экологической политики и устойчивого развития МЭГПР РК Акзан Ширанов отметил важность конкурса.
«Этот конкурс и мероприятие были организованы по инициативе нашего постоянного партнера Коалиция за «зеленую экономику» и развитие G-global. Коалиция признана общественным провайдером в реализации Концепции по переходу Казахстана к «зеленой экономике», а также активно мобилизует граждан страны для реализации передовых реформ в сфере экологии» – сказал Акзан Ширанов.
Отметим, мероприятие направлено на содействие отечественным компаниям в формировании своей экологической политики и опыта энергосбережения. Конкурс проводится с 2019 года при поддержке Офиса Программ ОБСЕ в Нур-Султане и Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК.
