[:kz]Серікқали Брекешев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды[:ru]Сериккали Брекешев поручил усилить работу по профилактике коррупционных проявлений

24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А. Брекешев пен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектеновтың қатысуымен экология, геология және табиғи ресурстар саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізілді.

Бейнеконференцбайланыс арқылы комитеттердің, құрылымдық бөлімшелердің, министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының, министрліктің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшылары қатысты.

Бірлескен кеңесте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері, министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі, мемлекеттік қызметтер мен бизнес-процестерді автоматтандыру, министрліктің, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелері талқыланды.

Министрлік жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын ұйымдастырды, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары іске асырылып келеді. Министрліктің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бекітілді, онда іс-шаралар мен жауапты бөлімшелер бекітілді, азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне жедел ден қою қамтамасыз етілді.

Барлық басшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді жеке істеріне қоса тіркеу арқылы оларды сақтау туралы міндеттемелер қабылдады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Комплаенс-қызметтер құрылды, ISO 37001 стандарты енгізілуде.

«Адалдық алаңы» жобасы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу жөніндегі комиссиялардың, тәртіптік комиссиялардың қызметіне қатысады. «Адалдық алаңы» жобасының қатысуымен су саласындағы проблемалық нысандарға мониторинг жүргізілді және 2 нысан пайдалануға берілді (Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов топтық су құбыры және Қарағанды облысындағы Эскулин су құбыры).

Кеңес барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде аумақтық департаменттер мен инспекциялардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша проблемалық мәселелерге назар аударды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа бару себептерін жою бойынша ұсынымдар берді. Қажет жағдайда Агенттік көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Кеңес қорытындысы бойынша министр С.А. Брекешев барлық деңгейдегі басшыларға сеніп тапсырылған учаскелердегі қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның талаптарын және барлық деңгейдегі басшылар қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау туралы міндеттемелерді мүлтіксіз сақтау, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тарапынан қоғамдық мониторингті тарту, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру объектісіне бару және мемлекеттік қызметтер көрсету арқылы тікелей байланысты болдырмау мақсатында ішкі бизнес-процестерді автоматтандыруды тапсырды.

Дерек көз – gov.kz[:ru]24 сентября т.г. с участием Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК Брекешева С.А. и Первого заместителя Председателя Агентства РК по противодействию коррупции Бектенова О.А. прошло совместное совещание по вопросам противодействия коррупции в сфере экологии, геологии и природных ресурсов.

В онлайн-режиме также приняли участие руководители департаментов, Комитетов,территориальных и подведомственных организаций, Проектного офиса «Адалдық алаңы».

На совместном совещании обсуждены вопросы превенции коррупционных рисков, деятельность Министерства по противодействию коррупции, автоматизации государственных услуг и бизнес-процессов, обеспечениюпрозрачности и подотчетности в деятельности ведомства, его территориальных органов и подведомственных организаций.

Стоит отметить, что проектным офисом «Адалдық алаңы» и его филиалами реализуется План по противодействию коррупции, утверждена Карта коррупционных рисков Министерства, с закрепленными мероприятиями и ответственными подразделениями. Особое внимание уделено обеспечению оперативного реагирования на жалобы и обращения граждан.

Всеми руководителями приняты обязательства о соблюдении антикоррупционных ограничений с приобщением их в личные дела. Созданы Комплаенс-службы в субъектах квазигоссектора, внедряется стандарт ISO 37001.

Кроме того, проект «Адалдық алаңы» привлекается в деятельности комиссий по проведению процедур государственных закупок, дисциплинарных комиссий. С его участиемпроведен мониторинг проблемных объектов водной отрасли и ввод в эксплуатацию2-х объектов (Пресновский групповой водопровод – в Северо-Казахстанской и Эскулинский водовод в Карагандинской областях).

В ходе совещания Первым заместителем Председателя Агентства РК по противодействию коррупции О. Бектеновым указано на проблемные вопросы в работе по устранению коррупционных рисков в деятельности территориальных департаментов и инспекций при осуществлении разрешительных и контрольно-надзорных функций, даны рекомендации по устранению причин и условий совершения коррупционных правонарушений, а также выражена готовность в необходимом содействии со стороны Агентства.

По итогам совещания Министр С.Брекешев поручил руководителям всех уровней усилить работу по профилактике коррупционных проявлений среди сотрудников на вверенных участках, – неукоснительно соблюдать требования закона о противодействии коррупции ипринятые руководителями обязательства о соблюдении антикоррупционных ограничений, обеспечить прозрачность и подотчетность,привлечение общественного мониторинга со стороны проектного офиса «Адалдықалаңы». Также министр указал на необходимость продолжить работу по автоматизации внутренних бизнес-процессов, чтобы свести к минимуму прямые контактыпри проведении государственного контроля с посещением объекта проверкии оказании государственных услуг.

Источник – gov.kz

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх