2021 жылғы 18 қыркүйекте еліміздің барлық өңірлерінде «World CleanUp Day 2021» Дүниежүзілік акциясы өтті.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған шараға 298 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 11 мың тоннадан асты. 23 мың гектар аумақ жиналып, 16 мыңға жуық ағаш отырғызылды.
Биыл бүкіл ел бойынша тазалау үшін мыңнан астам орын анықталды. Нұр-Сұлтан қаласындағы негізгі алаң Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының бойындағы учаске болды.
«World CleanUp Day» Бүкіләлемдік акциясы қоқысты жинауға ғана емес, оны сұрыптап, қайта өңдеуге де бағытталған. Сұрыпталған қоқыстардан биылғы жылы қайта өңдеуге шыны, пластик, резеңке, қағаз, картон, металл сияқты екі мың тонна қалдық тапсырылды.
Мұндай акциялар халық арасында экологиялық мәдениетті одан әрі қалыптастырып, қоршаған ортаға құрметпен қарауға үйретеді әрі жастардың туған жерінің табиғатын құрметтеуіне ынта береді.[:ru]18 сентября 2021 года во всех регионах нашей страны прошла Всемирная акция «World CleanUp Day» 2021.
В мероприятии, организованном Министерством экологии, геологии и природных ресурсов РК, приняло участие более 298 тысяч человек. Количество собранного мусора составило более 11 тысяч тонн. Было убрано 23 тысячи гектар территории и высажено почти 16 тысяч деревьев.
В этом году по всей стране для очистки было определено больше одной тысячи локаций. Основной площадкой в городе Нур-Султан стал участок в Алматинском районе вдоль канала Нура-Есиль.
Всемирная акция «World CleanUp Day» нацелена не только на сбор мусора, но и на его сортировку и последующую переработку. Из отсортированного мусора на переработку в этом году были переданы две тысячи тонн отходов, среди которых стекло, пластик, резина, бумага, картон и металлы.
Важно отметить, что подобные акции служат лучшим стимулом для дальнейшего формирования у населения экологической культуры, бережного отношения к окружающей среде и воспитанию у молодежи уважения к природе родного края.
Источник – gov.kz
