[:kz]2 млрд. ағаш отырғызу жобасына 200-ден астам орман питомниктері мен басқа да ұйымдар қатысады[:ru]В проекте по посадке 2 млрд. деревьев участвуют свыше 200 лесных питомников и других организаций

Қазіргі уақытта ҚР Экология министрлігі еліміздің ауқымды көгалдандыру жобасын іске асырып жатыр. Оның аясында 5 жыл ішінде 2 млрд.ағаш отырғызу жоспарланған. Жоба басталғалы бері 81,5 млн. ағаш отырғызылды. Күзде тағы 48,2 млн. ағаш отырғызылады. Отырғызу көлемі 2021 жылғы 129,7 млн.ағаштан 2025 жылы 642,8 млн. ағашқа дейін ұлғаятын болады.

Жобаны жүзеге асыру үшін барлық облыстар және министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелерінде орман өсірудің 5 жылдық кешенді жоспары бекітілді. Оны әзірлеу кезінде қолданыстағы питомниктердің және отырғызу материалын өсіруді жүзеге асыратын ұйымдардың мүмкіндіктеріне талдау жасалды.

Осы деректерге сәйкес ағаштар мен бұталарды отырғызу жұмыс көлемі бойынша жоспарлы көрсеткіштер әзірленді. Облыстарда отырғызу материалдары жеткіліксіз қамтамасыз етілсе, жоспарлармен жұмыс істеп тұрған питомниктерді кеңейту және уақытша питомниктер құру көзделген. Сондай-ақ орман дақылдарының тұқымын жинау көрсеткіштері ескерілді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда орман дақылдарының отырғызу материалдарын көбейту мен өсіруді жүзеге асыратын 44 тұрақты және 158 уақытша питомниктер мен ұйымдар жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қарағай, шырша, балқарағай, қайың, шегіршін, сексеуіл, үйеңкі, шаған, емен және басқа да ағаш түрлерінің 1-3 жастағы көшеттері бар. Жалпы - 165,5 млн. дана. Айта кетейік, басқа елдерден отырғызу материалдарын сатып алу қарастырылмаған.

Жоба бойынша: сексеуіл – шамамен 610 мың дана; қарағай – 555 мыңнан астам дана; үйеңкі – 193 мыңнан астам дана; шегіршін – 132 мыңнан астам дана; қайың – 100 мыңнан астам дана және басқа да тұқымдар отырғызу жоспарланған.

 

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі[:ru]

Как ранее сообщалось, в настоящее время Минэкологии РК реализуется проект по масштабному озеленению нашей страны, в рамках которого планируется посадить в течение 5 лет 2 млрд. деревьев. С начала старта проекта уже посажено 81,5 млн. деревьев. Осенью планируется посадить еще 48,2 млн. деревьев. Объемы посадок будут увеличиваться с каждым годом с 129,7 млн. деревьев в 2021 году до 642,8 млн. деревьев в 2025 году.

Для осуществления проекта утверждены 5-летние комплексные планы воспроизводства лесов и лесоразведение во всех регионах и подведомственных учреждениях министерства. При их разработке были проанализированы имеющиеся мощности существующих питомников и других организаций, осуществляющих выращивание посадочного материала. В соответствии с этими данными разработаны плановые показатели по объемам работ по посадке деревьев и кустарников. При недостаточном обеспечении посадочным материалом в областях планами предусмотрено расширение действующих питомников и создание временных. Также учтены показатели по сбору семян лесных культур.

Сегодня в Казахстане действуют 44 постоянных и 158 временных питомников и организаций, занимающиехся выращиванием посадочного материала лесных культур. По их данным в настоящее время в наличии есть сеянцы в возрасте 1-3 года таких пород деревьев, как сосна, ель, лиственница, береза, вяз, саксаул, клен, ясень, дуб и другие. Всего - 165,5 млн. штук.

Следует отметить, что закуп посадочного материала из других стран не предусматривается.

Справка
По проекту планируется посадить: саксаул – около 610 тыс. шт.; сосну – свыше 555 тыс. шт.; клен – более 193 тыс. шт.; вяз – свыше 132 тыс. шт.; березу – более 100 тыс. шт. и другие породы.

 

Источник – Министерство экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх