[:kz]Қазақстан мен Қырғызстан вегетациялық кезеңге Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін келісті[:ru]Казахстан и Кыргызстан согласовали режимы работ водохранилищ и графики подачи воды на реках Шу и Талас на вегетационный период

Дерек көз – gov.kz 

Бейнеконференция байланысы режимінде Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы комиссиясының кезекті 28-ші отырысы өткізілді.

Комиссияның қазақстандық бөлігін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, ал қырғыз бөлігін – Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Су ресурстары мемлекеттік агенттігі директорының орынбасары Абдыбай Джайлообаев басқарды.

Комиссия жұмысына Экология, геология және табиғи ресурстар, Сыртқы істер министрліктерінің, Жамбыл облысы әкімдігінің, су шаруашылығы мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Тараптар 2021 жылғы вегетациялық кезеңге Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін талқылады.
Комиссия мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен көлемдерін бекітті.

Сонымен қатар, Комиссия «Шу және Талас өзендері бассейндері үшін іс-қимылдың Стратегиялық бағдарламасын» бекітті, оның шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен су ынтымақтастығын нығайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.

Тараптар ағымдағы жылдың 4 тоқсанында Бішкек қаласында комиссияның келесі отырысын өткізуге келісті.[:ru]Источник – gov.kz

В режиме видеоконференцсвязи состоялось 28-ое заседание Комиссии Республики Казахстан и Кыргызской Республики по использованию водохозяйственных сооружений межгосударственного пользования на реках Шу и Талас.

Казахстанскую часть Комиссии возглавил вице-министр экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан Серик Кожаниязов, кыргызскую часть – заместитель директора Государственного Агентства водных ресурсов при Правительстве Кыргызской Республики Абдыбай Джайлообаев.

В работе Комиссии также приняли участие представители министерств экологии, геологии и природных ресурсов, иностранных дел, акимата Жамбылской области, водохозяйственных учреждений и организаций.

По итогам заседания Комиссией согласованы режимы работ водохранилищ на реках Шу и Талас и утверждены графики подачи воды по межгосударственным каналам на вегетационный период 2021 года.

Кроме того, были утверждены виды и объемы ремонтно-восстановительных работ на водохозяйственных объектах межгосударственного пользования.

Комиссия также утвердила Стратегическую программу действий для бассейнов рек Шу и Талас, в рамках которой будут реализованы мероприятия по укреплению водного сотрудничества при поддержке международных финансовых организаций.

Отметим, следующее заседание Комиссии пройдет в 4 квартале текущего года в городе Бишкек.

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх