Ақпарат көзі – www.inform.kz
Балқаш. ҚазАқпарат-Қарағанды облысында жаңартылатын энергия көздері нысандарының құрылысы белсенді жүріп жатыр. Өңірде қуаттылығы 200 МВт болатын төрт күн электр станциясы іске қосылды. Олар Саран, Жезқазған, Балқаш және Ақадыр кентінің маңында орнатылды, деп хабарлайды “ҚазАқпарат”ХАА тілшісі.
Бұдан басқа, облыста биогаз станциялары мен шағын су электр станциясы жұмыс істейді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша барлық жаңартылатын энергия көздері бойынша жалпы өнім 176 млн кВт/сағ, ал биылғы жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 54 млн кВт/сағ құрады.
Бүгінгі күні облыс әкімдігі “KAZ GREEN ENERGY” ЖШС-мен бірлесіп, Балқаштағы Қоңырат шағын ауданына жақын жерде қуаты 100 МВт күн электр станциясын салудың тағы бір жобасын іске асыруда. Күн электр станциясының аумағы 140 га құрайды, Станция 192 350 екі жақты фотоэлектрлік панельдерден тұрады. Әрбір қуаты 520 Вт. Бұл күн электр станциясы жылына 170 млн кВт электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда. Іске қосудың бірінші кезеңінің аяқталу күні (50 МВт) – 2021 жылғы тамыз. Келесі кезең (50 МВт) 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
“Электр қуаты “Қоңырат”шағын станциясына беріледі. Оның негізгі тұтынушысы – “Қазақмыс” тобы. Құрылыс кезінде қолданылатын барлық металл конструкциялар Қазақстанда жасалған. 25-30-ға жуық адамды жұмыспен қамтимыз. Осы күн электр станциясының іске қосылуының арқасында көмірқышқыл газының шығарылуы жылына 170 мың тоннаға азаяды. Жоба шамамен 7-8 жылдан кейін өзін – өзі ақтайды”, – деп атап өтті Жоба жетекшісі, “KAZ GREEN ENERGY” ЖШС өкілі Ертай Әлжанов.[:ru]Источник – www.inform.kz
БАЛХАШ. КАЗИНФОРМ – В Карагандинской области идёт активное строительство объектов возобновляемых источников энергии. В регионе запущены в работу четыре солнечных электростанции мощностью 200 МВт. Они установлены вблизи Сарани, Жезказгана, Балхаша и посёлка Агадырь, передает корреспондент МИА «Казинформ».
Кроме этого, в области функционируют биогазовые станции и мини-гидроэлектростанция. Общая выработка по всем возобновляемым источникам энергии по итогам 2019 года составила 176 млн кВт/ч, а по итогам I квартала этого года – 54 млн кВт/ч.
На сегодня акиматом области совместно с ТОО «KAZ GREEN ENERGY» реализуется ещё один проект строительства солнечной электростанции близ микрорайона Қоңырат в Балхаше мощностью 100 МВт. Площадь территории под солнечную электростанцию составляет 140 га. Станция будет состоять из 192 350 двусторонних фотоэлектрических панелей. Каждая мощностью 520 Вт. Планируется, что эта солнечная электростанция будет вырабатывать 170 млн кВт электроэнергии в год. Дата окончания первого этапа запуска (50 МВт) – август 2021 года. Следующий этап (50 МВт) запланирован на декабрь 2021 года.
«Электроэнергия будет подаваться на подстанцию «Қоңырат». Основной её потребитель – группа «Казахмыс». Все металлоконструкции, используемые при строительстве, казахстанского производства. Трудоустроим около 25-30 человек. Благодаря запуску этой солнечной электростанции выбросы углекислого газа сократятся на 170 тысяч тонн в год. Проект окупится примерно через 7-8 лет», – отметил руководитель проекта, представитель ТОО «KAZ GREEN ENERGY» Ертай Альжанов.

