Ақпарат көзі – www.gov.kz
Халықты және экономика салаларын сумен қамту, ластануың алдын алу, трансшекаралық өзендер суының таусылуы және тағы басқа мәселелер Новосибирск қаласында өткен Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей Бірлескен комиссиясының отырысында талқыланды.
Кездесуге тараптардың тең төрағалары Қазақстан Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев пен Ресей Федерациясы Су ресурстары Агенттігі басшысының орынбасары Вадим Никаноров қатысты. Сонымен қатар жиында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының министрліктері, су шаруашылығы мекемелер, гидрометеорологиялық қызметі, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ұйымдарының өкілдері болды.
Айта кетейік, Бірлескен комиссия жұмысы Тараптардың тең төрағалығымен жүзеге асырылады.
Жиналыста екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің барлық бассейндері бойынша жұмыс топтары жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды. Тараптар биылғы көктемгі су тасқыны туралы, су қоймаларын толтыру және халық пен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету жағдайлары, су ресурстарының ластануы мен сарқылуын болдырмау туралы ақпарат алмасты. Жайық өзенінің экологиялық жағдайы және гидрологиялық режимін жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысында Жайық, Ертіс және басқа ірі өзендер бассейндеріндегі зерттеулер жүргізуге ынтымақтастықты арттыру үшін Бірыңғай жол картасы бекітітілді.
Еске салайық, Қазақстан мен Ресей әлемдегі ең ұзын ортақ құрлықтағы шекара арқылы ғана емес, Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Қараөзен және Сарыөзен, Қиғаш секілді ортақ трансшекаралық өзендер арқылы да байланысады.
Қос мемлекет арасындағы су қатынастары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2010 жылғы 7 қыркүйектегі трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісім негізінде реттеледі. Осы Келісімге сәйкес трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей Бірлескен комиссиясы және Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Қараөзен және Сарыөзен, Қигаш өзендерінің бассейндері бойынша 6 жұмыс тобы жұмыс істейді.[:ru]Источник – www.gov.kz
Меры по водообеспечению населения и отраслей экономики, предотвращению загрязнения и истощения водных ресурсов трансграничных рек, эти и другие вопросы были рассмотрены в ходе прошедшего в г. Новосибирск заседания Казахстанско-Российской комиссии по совместному использованию и охране трансграничных водных объектов.
На встрече приняли участие Сопредседатель Совместной комиссии с казахстанской стороны – вице-министр экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев, с российской стороны – Заместитель руководителя Федерального агентства водных ресурсов Российской Федерации Вадим Никаноров. Кроме того, в числе участников были и представители министерств, водохозяйственных организаций, гидрометеорологических служб, местных исполнительных органов и других организаций Казахстана и России.
Отметим, работа Совместной комиссии проходит под равным председательством Сторон.
На заседании были заслушаны отчеты руководителей рабочих групп по всем бассейнам трансграничных рек между двумя странами. Также стороны обменялись информацией о прохождении весеннего половодья в текущем году, наполнении водохранилищ, условиях водообеспечения населения и отраслей экономики, мерах по предотвращению загрязнения и истощения водных ресурсов трансграничных водных объектов.
Особое внимание было уделено проблемам экологического состояния и улучшения гидрологического режима р. Жайык. По итогам обсуждения была утверждена Единая дорожная карта активизации сотрудничества по проведению исследований в бассейнах крупных рек (Жайык, Ертис и другие).
Напомним, Казахстан и Россия имеют не только одну из самых протяженных границ в мире, но и множество общих водотоков – трансграничных рек, таких как Жайык (Урал), Ертис, Есиль, Тобыл, Илек, Кигаш, Караозен и Сарыозен (Большой и Малый Узени).
Водные отношения между двумя странами регулируются на основе Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о совместном использовании и охране трансграничных водных объектов от 7 сентября 2010 года.
В рамках данного Соглашения действует Совместная Казахстанско-Российская комиссия по совместному использованию и охране трансграничных водных объектов и 6 рабочих групп по бассейнам рек Ертис, Есиль, Тобыл, Жайык, Караозен и Сарыозен, Кигаш.


