[:kz]Экология министрі жануарларға қатыгездік көрсеткендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды қолдайды[:ru]Глава Минэкологии Казахстана выступает за ужесточение уголовной ответственности за жестокое обращение к животным

Источник – www.gov.kz

Қазақстанда жан-жануарлардың өліміне әкеп соқтырған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет, деп мәлімдеді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. Ол бұл пікірді Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары әзірлеген «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын қоғамдық талқылау нәтижесінде білдірді.

«Біз заңнаманы қатаңдатуымыз керек әрі Қылмыстық кодекске нормалар енгізуіміз қажет деп санаймыз. Егер жануарларға қатыгездікпен қарау фактілері тіркелсе, бұл өлімге, жарақат алуға әкеліп соқтырса, онда заңнаманы қатаңдатып, мұндай әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу қажет», – деді Мырзағалиев сәрсенбіде.

Ол соңғы кезде жануарларға қатыгездікпен қарау фактілері жиілеп бара жатқанын атап өтті.

«Жақында ғана БАҚ-та жануарларға қатысты жаға ұстататын әрекеттердің жаңа фактілері туралы жарияланды. Шымкентте ер адам көшеде балалардың көзінше мысықты атып тастаған. Ал Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер мысықты шарбаққа іліп қойған. Астанада тағы бір кішкентай бала мысықты ең үстіңгі қабаттан баспалдақтың аралығына лақтырған. Мұндай қатыгездік бірінші рет болып отырған жоқ», – деді М. Мырзағалиев.

«Біз осы саладағы жағымсыз көріністердің барлық түріне нақты заңнамалық тосқауыл қоюымыз керек. Ендігі әрі қайталамайтындай етіп, заңбұзушыларды қатаң жазалауымыз керек. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде мұндай қылмыстар үшін тағайындалатын жаза жұмсақ, қатаңдауды қажет етеді», – деді Экология министрлігінің басшысы.

Министр жануарларға қатыгездік танытудың соңы адамдарға қатысты қаталдыққа, одан әрі ауыр қылмысқа да, психикалық ауытқуы бар адамдардың пайда болуына алып келуі мүмкін екенін атап өтті.

М.Мырзағалиевтің пікірінше елімізде қылмыстық жазаны енгізумен қатар, қоғамда мораль заңдарын, барлық тіршілік иесіне адамгершілікпен қараудың нормаларын қайта құру қажет.

«Қоғамдағы гуманизмді, соның ішінде экологиялық сананы тәрбиелеу – бұл қазірде біз атқарып жатқан және соның ішінде Білім министрлігімен бірге жалғастыра беретін ауқымды жұмыстың бір бөлігі ғана. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бірнеше рет айтқандай, табиғат пен жан-жануарға ізгілікпен қарауды бала жастан бойға сіңіру қажет», – деді ол.

Қоғамдық талқылауға Мәжіліс депутаттары, еліміздің түрлі салалық қауымдастық, БАҚ өкілдері және ел азаматтары қатысты.

Inucobo жануарларды қорғау жөніндегі республикалық қауымдастық басшысы Лилия Сәрсенова пікірталас барысында соңғы жылдары өңірлерде қаңғыбас жануарлардың санын азайту мәселесін шешу тұрғысында еш өзгеріс жоқтығын атап айтты.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше жыл ішінде еліміздің бес өңірінде қаңғыбас жануарлар санының өсуі 21%. Ал хайуандады аулау мен жоюға бөлінетін бюджет қаражаты 53%-ке өскен.

«Жыл сайын әкімдіктер жануарларды аулау мен жоюға бюджеттен көп қаражат сұрайды», – деді ол.

Іс-шара барысында қатысушылар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасының нормаларын жақсарту бойынша ұсыныстарын айтылды. Тұрғындардың ұсыныстарын қабылдау алдағы бір апта бойы жалғасады.

Мысалы, ұсыныстардың ішінде, кинологтарды оқытуға арналған арнайы оқу орындарын құру, қалаларда иттерді серуендететін жер белгілеу, т.б. бар.

Министрдің айтуынша, ілеспе заң жобасында 300-ге дейін норма енгізу жоспарланған.[:ru]Источник – www.gov.kz

В Казахстане нужно ужесточить уголовную ответственность за деяния, приведшие к гибели животного, считает министр экологии, геологии и природных ресурсов Казахстана Магзум Мирзагалиев. Такое мнение он озвучил по итогам общественного обсуждения законопроекта “Об ответственном отношении к животным”, разработанного группой депутатов мажилиса парламента.

“Мы полагаем, что законодательство необходимо ужесточать и необходимо будет вводить нормы в Уголовный кодекс. Если регистрируются факты именно жестокого обращения с животными, приведшие к смерти, увечьям, то необходимо ужесточать законодательство и вводить уголовную ответственность за такие деяния”, – сказал М.Мирзагалиев в среду.

“При особо жестоком обращении нужно вводить ответственность, вплоть до лишения свободы”, – добавил он.

Он отметил, что в последнее время факты жестокого обращения с животными участились.

“Буквально на днях в СМИ сообщили о новых фактах ужасающего отношения к животным. В Шымкенте мужчина на глазах у детей застрелил котенка на улице, а в Нур-Султане неизвестные повесили на заборе кошку, ещё один мальчик из столицы бросил котенка с последнего этажа прямо на лестничный пролёт, и такая жестокость допускается не первый раз”, – сказал М.Мирзагалиев.

“Мы должны поставить четкий законодательный заслон всяческим негативным проявлениям в этой сфере и нарушителей жёстко наказывать, что впредь неповадно было. Как вы знаете, сегодня наказание за преступления такого характера мягкое и требует ужесточения”, – считает глава Минэкологии.

Министр отметил, что жестокость по отношению к животным может привести впоследствии к жестокому обращению с людьми, дальнейшим преступлениям и поспособствует появлению в обществе маньяков, людей с нарушенной психикой.

Помимо введения в стране уголовного наказания, по мнению М.Мирзагалиева, необходимо в обществе возрождать законы морали, нормы гуманного отношения ко всему живому.

“Воспитание гуманизма в обществе, в том числе экологического мышления – это часть большой работы, которую мы сейчас ведём и будем продолжать, в том числе вместе с Министерством образования. Как неоднократно говорил Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич, нужно прививать гуманное отношение к природе и животным с детства”, – сказал он.

В общественном обсуждении приняли участие депутаты мажилиса, представители различных профильных ассоциаций страны, СМИ, население.

Руководитель республиканской ассоциации по защите животных Inucobo Лилия Сарсенова отметила в ходе обсуждения, что за последние годы в регионах не наблюдается никакого прогресса в плане решения вопроса по сокращению численности бездомных животных.

По ее данным, за последние несколько лет в пяти регионах страны рост численности бездомных животных составил 21%, между тем, сумма бюджетных средств, выделяемых на отлов и уничтожение животных, увеличилась на 53%.

“С каждым годом акиматы все больше и больше запрашивают бюджетных средств, которые направляются на отлов животных и их уничтожение”, – отметила она.

В ходе мероприятия участники озвучивали свои предложения по улучшению норм законопроекта “Об ответственном отношении к животным”. В течение недели процесс приема предложений от общественности будет продолжен.

К примеру, в числе предложений – создание специализированных учебных заведений по обучению кинологов, определение мест для выгула собак в городах и так далее.

Так, по данным министра, в сопутствующем законопроекте планируется отобразить до 300 норм.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх