[:kz]Мәжіліс қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға қатысты құжатты мақұлдады[:ru]Мажилис одобрил поправки по вопросам энергетической утилизации отходов

Дереккөз – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасын бірінші оқылымда талқылаған кезде айтылғандай, ол қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін құқықтық база қалыптастыру мақсатында әзірленді. Құжат тұрмыстық қатты қалдықтарды термиялық жолмен өңдеу арқылы электр энергиясын алуды көздейді. Бұл процестер экологиялық және экономикалық оң нәтиже алуға ықпал ететін болады», – деді Шавхат Өтемісов.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында құқықтық олқылықтарды әрі құқық қолдануда туындайтын қайшылықтарды болдырмауға, сондай-ақ нормалардың редакциясын жақсартуға және оларды талаптарға сәйкес келтіруге бағытталған бірқатар түзету қарастырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 17 маусым күні Мәжіліс аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

«Заң жобасына депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу жолымен қайта өңдеп, кейіннен электр энергиясын алу үшін құқықтық база құру мақсатында бастамашылық жасады. Өртеуге қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтардың бір бөлігі ғана қамтылады. Жыл сайын елімізде шамамен 5 млн тонна қалдық пайда болады. Олардың тек 15 пайызы қайта өңделеді. Қазір осы міндетті іске асыру үшін бүкіл әлемде қоқыс жағатын кешендер жұмыс істейді», – деді Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен.[:ru]Источник – www.inform.kz

НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – Депутаты Мажилиса Парламента РК одобрили во втором чтении законопроект «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам энергетической утилизации отходов», передает коррепондент МИА «Казинформ».

Как отмечено в заключении Комитета по вопросам экологии и природопользования Мажилиса, законопроект разработан с целью создания правовых механизмов поддержки для реализации проектов по энергетической утилизации отходов.

В этой связи законопроектом предусматривается внесение изменений и дополнений в действующее законодательство в области экологии, электроэнергетики и использования возобновляемых источников энергии.

В рамках подготовки законопроекта ко второму чтению рабочей группой обсуждены поправки, направленные на исключение коллизий и восполнение правовых пробелов для реализации проектов по энергетической утилизации отходов в правоприменении.

Также Комитетом рассмотрены поправки в Водный кодекс Республики Казахстан и Закон Республики Казахстан «О железнодорожном транспорте».

Все Комитеты Мажилиса представили по законопроекту положительные заключения.

В целом по законопроекту проведены 6 заседаний рабочей группы и два расширенных заседания Комитета.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх