[:kz]Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндеттеледі – министр[:ru]В случаях экологического ущерба природопользователей в РК обяжут восстановить окружающую среду

Дереккөз: infrom.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экологияға залал келтірілсе, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндетті болады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Табиғатты пайдаланудың қолданыстағы экономикалық тетігі (төлем жүйесі әрі оларды жоспарлау) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге ынталандырмайды. Осыған байланысты, Кодекс жобасында 1972 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшылары тұжырымдаған «ластаушы төлейді» принципі ұсынылды», – деді министр Мәжілісте жаңа Экологиялық кодекс жобасын таныстыра отырып.

Оның сөзіне қарағанда, бұл принцип ластанудың алдын алуды және бақылау шараларын, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залалды қалпына келтіру үшін жауапкершілікті күшейтеді.

«Осылайша, табиғатты пайдаланушыларға экологиялық айыппұлдар төлегенше, қоршаған ортаға кері әсер етуге жол бермейтін шараларды қабылдау тиімді болатындай жағдайлар жасалады. Экологиялық зиян анықталған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндетті болады», – деп түйіндеді Мырзағалиев.

[:ru]

Источник: inform.kz

НУР-СУЛТАН. КАЗИНФОРМ – В случае возникновения экологического ущерба природопользователей в Казахстане обяжут восстановить окружающую среду до первоначального уровня. Об этом заявил министр экологии, геологии и природных ресурсов РК Магзум Мирзагалиев в ходе презентации проекта нового Экологического кодекса в Мажилисе.

«Существующий экономический механизм природопользования (система платежей и их планирование) не стимулирует природопользователей на снижение уровня загрязнения окружающей среды. В связи с этим, в проекте Кодекса был предложен принцип «загрязнитель платит», который впервые был сформулирован экспертами ОЭСР в 1972 году», – сказал Магзум Мирзагалиев.

Данный принцип, как отметил министр, подразумевает меры по предотвращению загрязнения и контролю, а также ответственность за восстановление от ущерба окружающей среде.

«Таким образом, будут созданы такие условия, при которых природопользователям будет выгоднее принять все меры по недопущению негативного воздействия на окружающую среду, чем платить экологические штрафы. В случае возникновения экологического ущерба природопользователь обязан восстановить окружающую среду до первоначального уровня», – заключил глава Минэкологии.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх