№ 117 мектептің шәкірттері тың жобаларын жүзеге асыруға 3 жыл уақыттарын сарп еткен. Соңғы уақытта жауын-шашын шамадан тыс көп болып тұр. Табиғаттың бұл мінезі оқушыларды да толғандыруда. Олар «Қар суы, жауын-шашын мен пайдаланылған суды тазалаудың жергілікті жүйесі» жобасын жасап шықты. Жылу өткізетін талшық енгізілген екі тік түтік тау беткейлеріндегі қарға орналастырылып, күн энергиясы арқылы жылытылады. Дильнура Аюпова, 117 мектептің оқушысы -Екі түтіктің арасындағы кеңістікке қар түсісімен ол ери бастайды да арнайы құбырлар арқылы жасанды су қоймасына құяды. Бұл сумен жазда бассейндерді толтыруға, егінді суғаруға болады. Жиналған су көміртек пирамидасы арқылы тазартылған. Оқушылардың жобасына сәйкес, автокөліктерді жуған суды үш түрлі сүзгінінің көмегімен майдан тазартуға болады. Манат Смақова, жобаның жетекшісі, химия-биология пәнінің мұғалімі -Балалар мұның барлығын ұсақ бөлшектерден құрастырды. Жобаны жасауға үш жыл уақыт кетті. Әр құрылғының бөлшектері мұқият зерттеліп, ғылыми негізде жасалды. Нөсер жауыннан көпір астында жиналған судан көліктер өшіп қалмас үшін шығармашылық топ арық жүйесін қайта жасауды ұсынады. «Өзендердің табиғи арнасын сақтай отырып, үйлердің шатырынан бастап жерасты жолдарына дейін су өткізетін құбырлар қою керек», – дейді талапты жастар. Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Галина Муленкова, Валентин Лобанов
Дерек көзі: www.khabar.kz
Защитить Алматы от наводнений, паводков и селей поможет ноу-хау. Его разработали ученики 117 школы города. Система рассчитана на установку в предгорьях Заилийского Алатау. В последнее время количество осадков в регионе значительно увеличилось и школьники, которых волнуют проблемы экологии, разработали проект «Локальной модульной системы по очистке талых, ливневых и вторичных вод». Две вертикальные пластины, в которые внедрены теплопроводящие волокна, врезаются в снег под горными склонами и обогреваются за счет электрического тока, вырабатываемого солнечными батареями. Дильнура Аюпова, ученица школы номер 117 – После того, как снег попал в пространство между пластинами, он начинает таять и по специальным трубам уходит в специальный резервуар и искусственный пруд. Летом этой водой можно будет заполнять бассейны. Та вода, которая уходит в бассейн и в пруд, она идет на орошение, при этом вода проходит очистку через углеродную пирамиду. Воду, которую используют на автомойках, очищают вторично от масел и эфирных веществ с помощью устройства с тремя различными фильтрами. Манат Смакова, учитель химии и биологии, руководитель проекта – Ребята собирали все по частям, по маленьким деталям, конечно, под руководством учителя, проект создавался три года, детально рассматривался каждый аппарат, весь проект создан на научной основе. А чтобы после ливней машины не глохли под развязками, где часто собирается вода, творческая группа рекомендует реконструировать арычную систему, сохранять естественное дно русел рек, прокладывать водосточные трубы от крыш домов до подземных искусственных резервуаров. Автор: Галина Муленкова, оператор: Валентин Лобанов
Источник: www.khabar.kz
